Материалдар / баяндама "Қашықтан оқыту жағдайында заманауи мектептегі тұлғалық - бағдарланған оқытуды жүзеге асыру жолдары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

баяндама "Қашықтан оқыту жағдайында заманауи мектептегі тұлғалық - бағдарланған оқытуды жүзеге асыру жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған жұмысым - бұл мұғалімдерге арналған портфолио. Портфолиода мұғалімнің жетістіктері, басылымға жіберілген мақалалар, ашық сабақтар мен презентациялар, өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша сабақта қолданылатын әдістер, технологиялар көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2020
353
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алтай қаласы

«Алтай қаласы № 9 орта мектебі» КММ

математика пәні мұғалімі

Абенова Ардақ Ауелбекқызы

Оқу тілі: қазақ сыныптары

Басылым бағыты: баяндама


Қашықтан оқыту жағдайында заманауи мектептегі тұлғалық - бағдарланған оқытуды жүзеге асыру жолдары

Мақсаты: мұғалімдердің жүйелі шығармашылық ойлау, ақпараттық, коммуникативтік мәдениет, бәсекеге қабілеттілік, көшбасшылық қасиетті дамуына жағдай жасау.

Қашықтан оқыту жағдайында тұлғалық бағдарлы оқытуды жүзеге асыру жөнінде ғалым И.С.Якиманская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:

-          Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту;

-          Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс;

-          Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.

И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. "Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”.

Біздің ойымызша, қашықтықта оқыту кезінде жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді:

1) өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;

2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік достары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі;

3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы;

4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі;

5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;

6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі;

7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.

Ендеше, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту дегеніміз-тек оқушыларды бір-бірінен айрықшалайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл-ең алдымен, оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершіл субьектісі ретінде қарау.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқу процестері: дамыта оқыту; баланың жеке ерекшеліктерін қалыптастыруға педагогикалық қолдау көрсету; тәрбиені баланы рухани-адамгершілік дамыту құралы ретінде қарастырады. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты-адамды қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру. Мұндай технологияларға. Ынтымақтастық, сұхбаттастық, әрекетшілдік-сипатшылық әрекеті, баланың жеке дамуын қолдауға бағытталуы, оған дербес шешімдер қабылдауға, шығармашылыққа, мұғаліммен өзара шығармашылық ынтымақтастығына қажетті кеңістік пен еркіндік беру сипаты тән.

Бүгінгі таңда мынадай жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары бар:

-          В.Ф.Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы;

-          П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы;

-          В.В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;

-          Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы;

-          Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;

-          Ю.К.Бабанскийдің оқу процесін оптимизациялау технологиясы;

-          М.Чошановтың, П.И.Третьяковтың, К.Я.Вазинаның, В.М.Монаховтың модульдік оқыту технологиялары;

-          Г.К.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы;

-          Ж.А.Қараевтың, Т.Т.Ғалиевтің, Ә.Жүнісбектің, М.М.Жанпейісованың, Н.Н.Нұрахметов пен К.Әбдіғалиевтің оқыту технологиялары кеңінен танымал.

Құрметті әріптестер. Қашықтықтан оқыту кезіндегі өзімнің математика пәнін оқыту, түсіндіру кезіндегі әдіс – тәсілдермен бөліскелі отырмын. Тақырыптарды түсіндіру үшін видеолар, презентацияларды деманстрациялау оқу құрал ретінде қиялды, абстрактылы ойлауды, пәнге деген қызығушылықты арттырады. Оқушылардың ақпаратты техика құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтыны бәрімізге мәлім.

Қашықтан оқыту кезінде заманауи мектептерде Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Бұл мақсаттарға оқыту программалары, дәрістерді қолдауға арналған электрондық оқулықтар, тексеру программалары, әртүрлі платформалар қызмет етеді.

Мен өз сабақтарымды zoom платформасын пайдалана отырып, оқушылармен байланысқа шығамын. Видео, слайттарды көрсете білімді меңгертіп, сабақты бекіту кезінде интерактивті тақтаны ұтымды пайдаланамын.

Сабақ барысында қолданылатын әдіс – тәсілдер сұрақ – жауап, математикалық диктант, көрнекі баяндау, миға шабуыл т.б.

Онлайын мектеп платформасынан теорияны меңгере отырып, практикалық тапсырмаларды орындау барысында, оқушылар білімін тексеруге болады.

Онлайн мектеп жүйесінде мұғалім өз сабақтарын салып, оқушыларға түрлі тесттер дайындап, оқу жетістіктерін бақылап отыра алады.

Ватсап желісінде топпен жұмыс, аудио, видео званоктар арқылы білімдерді де тексеремін. Сонымен қатар qalan.kz сайтын ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың тақырыптық білімдерін тексере аламын. Онда оқушылар қашықтықтан отырып, тақырып бойынша есептер шығарады. Жекелей жұмыс жасайды.

Интернет ресурстарын математика сабағында қолданудың тиімділігі:

1. Сабақта кең көлемдегі ақпараттарды қолдану мүмкіндігі пайда болады;

2. Оқу материалдарын жаңа мәліметтермен тез толықтыру қамтамасыз етіледі; бейнежазбаларды бірнеше қайталап көруге мүмкіндік бар;

3. Сабақтар әр алуан, сапалы, нәтижелі болады; Оқушы өзі ізденеді;

4. Оқушыда оқуға деген құлшыныс артады. Түрлі сайттардан, видеосабақтар арқылы жаңа сабақты түсіну оқушылар үшін қызық;

5. геометриялық денелердің қималарын салуда пайдалана білу


Қашықтықтан оқыту кезінде заманауи мектепте тұлғалық бағдарланған оқытуды жүзеге асыру жолында әрбір ұстаздың мақсаты – оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру. Ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс - әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

Қашықтықтан оқыту кезіндегі жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз —  бұл мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, оқушылардың субъект ретіндегі өмірдік тәжірбиесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжірбиеге сүйенуі.  Ең маңыздысы – әр оқушының ерекше болмасын, тұлғалақ қасиеттерін мойындау.

Әрине үй тапсырмасын көлемді етіп бере салу – мұның шешімі бола алмайды. Әр оқушымен жеке байланыс орнатып, өз деңгейіне сай тақырыптық сұрақтар дайындау, сонымен қатар, әр орындалған тапсырмаға кері байланыс беру мұғалім міндетіне жүктеліп отырғандықтан, сіздерге qalan.kz сайтын пайдалануды ұсынамын.

Қорыта келе, оқушылардың бірнеше ақпарат көздерінен өзекті ақпаратты таңдауға дағдыландыру қажет деген оймен, біз математика пәні мұғалімдерін жаңашылдыққа және үнемі ізденіске, сабақ барысында бір ғана кітаппен шектелмеуге, әр түрлі сайттар мен платформаларды пайдалануға шақырамын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!