Материалдар / баяндама "Қашықтықтан оқыту шеңберінде оқу платформаларының тиімділігі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

баяндама "Қашықтықтан оқыту шеңберінде оқу платформаларының тиімділігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2020
1148
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қашықтықтан оқыту шеңберінде оқу платформаларының тиімділігі.

Қашықтықтан оқыту – оқушы мен мен мұғалім  алыстан немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау

Төтенше жағдай кезінде біз  қашықтықтан қалай оқытамыз. Платформаларды білу және тиімдісін пайдалану. Тапсырма қалай берілуі керек. Баланың жасына сай, шағын, бірақ қызығушылығын төмендететін өте жеңіл болмауы керек. Оқушыға қойылатын талаптар азайғанымен жауапкершілік төмендемеуі керек. Әр мұғалім өзінің шәкіртінгің әлеуметтік жағдайын және интелектуалдық деңгейін білуі шарт. Кейде оқушы шамасы келіп тұрған тапсырманың жартысын ғана орындап жібереді. Ондайға жол бермеуіміз керек. Сонда ғана білімнің сапасын жоғалтпаймыз. Бұл өте маңызды. Білімленд, Дарын онлайн, Опрig.kzkz платформаларындағы электронды мәліметтерді лайықтап беру. 

Нені ескеруіміз керек: Әр мұғалім оқушылардың ғана алдында тұрмағанын әрдайым естен шығармау керек. Өйткені әр тапсырманы оқушы ата-ана, туған туыстарымен бірге талқылайды. Соған байланысты мұғалім сабағын мұқият дайындауы керек. Кейбір жағдайда оқушыдан гөрі ата-аналардың абыржуы мен жоқтан кінә іздеуі орын алады. Сондықтан мұғалімнің ата-аналармен ынтымағы күшейіп, байланысы артуы керек. Оқушының үйінде жұмыс орны өзіне қолайлы жерде ұйымдастырылуы қажет. Оқушы үйінде жұмыс режімін сақтауы маңызды. Мысалы оқушы уақытымен оянып, уақытымен тамақтануы,бір пәннен тапсырманы орындап болғаннан соң 10 минутқа үзіліс жасауы, белсенді дем алуы сияқты қажеттіліктерді ата-аналары мұқият қадағалауы керек.  Ал танымдық телеарналарды жібермей қарау шарт. Құрал ретінде бейне сабақтар, дербес және онлайн жұмыс, онлайн курстар және т.б. қолданылуда. Сонымен қатар, балалар жақсы көретін «Балапан» және «Ел арна» телеарнасы арқылы тиісті кесте бойынша күнде сабақ беріліп отыр. Бізде қашықтан оқыту барысында бірнеше жүйелерді қолданып отырмыз. Нақтырақ айтсам, «Bilimland», «Daryn.online» және «Күнделік кз», «WhatsApp» мессенджері арқылы оқу мақсаттарын қамтитын ресурстар мен тапсырмалар беріліп, кері байланыс іске асырылуда. БЖБ мен ТЖБ алу бойынша дайындық жұмыстары да жүргізілуде. Қашықтан оқудың тағы бір ерекшелігі аты айтып тұрғандай, қашықтан оқыту кезінде ешқандай қатып қалған кесте жоқ, оқушы қалаған уақытында мүмкіндігіне қарай ұстаздармен байланыс орната алады. Осыған байланысты ата-ана баласының сабағын қадағалап, ұстаздар мен ата-ана арасында бұрынғыдан да тығыз байланыс орнатылды. Мектеп әкімшілігі төтенше жағдайға байланысты ұстаздар мен оқушыларға қашықтан оқуға көмек көрсетуде, яғни интернет желісі, ноутбук және қажетті құрылғылармен қамтамасыз етті.
Қашықтан оқыту бізге не берді? Оқушыға белсенділігін арттыруға, өзіне сенімділігін қалыптастыруға, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту арқылы оқу мақсатын өздігінен игеріп, ойын еркін жеткізе білуге, өзіне жүктелген жауапкершілікті саналы түрде түсінуге көп көмегін тигізді. Мұғалімге қалыпты оқытудан екі еселенген жауапкершілікті жүктеді. Қысқа, төте жолмен діттеген мақсатқа жетуге негізделген ақпарат пен тапсырманы саралап, сынып оқушыларын толықтай қамтып, кері байланыс орнатуды үйретті. Ата-аналарға оқыту мен оқуда ұстаз бен шәкірт арасында ерекше мейірім мен жүрекке жол тауып, білім нәрін егудің тылсым күші бар екенін сездірді.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!