Баяндама "Қазақ сыныптарын оқытудағы бағалау критерилерінің маңызы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Қазақ сыныптарын оқытудағы бағалау критерилерінің маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада ЖББМ аясында қазақ сыныптарын оқытудағы бағалау критерилерінің маңызы туралы сөз болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Реймова Камшат Ермекбаевна

Алматы облысы

Жамбыл ауданы

Ұзынағаш ауылы

«С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақ сыныптарын оқытудағы бағалау критерилерінің маңызы

«Білімді адамдар ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Қазақстанды ХХІ ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден бір құдірет білім, білімді ұрпақ»

Н.Ә. Назарбаев.

Мақсаты: Блум таксономиясы бойынша білім сапасын критерий арқылы бағалау.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның алдында бір ғана басты міндет тұр. Ол – жаһандану заманында көш бастайтын білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару. Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауларында ел ертеңі болашақ ұрпақтың қолында екенін айрықша айтып жүр. Себебі жастары білімді елдің болашағы қашанда жарқын, ал жастары білімсіз елдің болашағы бұлыңғыр болмақ.

Бүгінгі аумалы-төкпелі заманда қоғамның басты мәселелерінің бірегейі – экономикалық-әлеуметтік тұрақсыздық болып отыр. Мұндай күрмеуі қиын мәселелердің шешімін табатын өскелең ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Білімді жас ұрпақты тәрбиелеп шығару арқылы ел әлеуеті жақсаратыны шүбәсіз. Ол үшін бүгінгі білім беру ұйымдарында білім берудің мазмұнын барынша жақсартып, ұстаздар қауымы ел игілігі үшін аянбай тер төгуі тиіс. Орта білім беретін мектептерге енгізілген жаңартылған білім бағдарламасы мазмұны бойынша оқушыларға заман талабына сай білім беру көзделіп отыр. Осыған орай мен тәлім беретін С.Бердіқұлов атындағы орта мектептің 5 «Б» сыныбына сабақ беруге жоспар құру барысында бағалау критерилерін қоюда кездескен қиындықтар мен алға қойған жоспарларыммен бөліскелі отырмын.

Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі болғандықтан, оның құрамында  күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі  элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы.

Оқыту заңдылықтарын білу оқу үрдісін әртүрлі нақты жағдайларда қолайлы құруға мүмкіндігін береді [1.1].

  Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі[2,11]. Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерилермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс[3,92]. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

Осы ретте мен Ы.Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы әңгімелерін оқыту барысында жоспар құрмас бұрын өз алдыма өзім үшін критерий құрып алдым. Ол:

  • Ыбырай әңгімелерін негізгі тақырыбы мен идеясын оқушыларға меңгертемін;

  • Мазмұнымен таныстырамын;

  • Кейіпкерлерге мінездеме бергіземін.

Күтілетін нәтижені өлшейтін критерийлер жасақтадым және оны кестеге жаздым.

А тобы. Білу, түсіну.

В тобы. Қолдану, талдау.

С тобы. Синтездеу, бағалау.

Блум таксономиясының 6 категория бойынша тапсырмалар беріп, бағалау критерийлерін анықтап алдым. Оқушыларды деңгейіне байланысты А, В, С деп үш топқа бөлдім.

Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі

  1. Білім категориясы. Бұл категория оқу материалын есте сақтау мен қайталауды білдіреді. Оқу материалы деп әртүрлі мазмұндағы ақпаратты атауға болады. Бұл категорияның негізгі сипаты – қажетті мәліметтерді есте сақтау.

  • «Кім...?

  • Не...?

  • Қалай...?

  • Қашан...?

  • Қайда...? Қанша...?» есімдіктерінен құралатын сұрақтар.

  • Қолданылған терминдерді есте сақтайды және қайталайды;

  • нақты фактілерді келтіреді;

  • әдістер мен жұмыстың орындалу ретін (процедурасын) қайталайды;

  • негізгі ұғымдарды есте сақтайды және қайталайды;

  1. Түсіну категориясы бойынша түсіну ұғымын 4 топқа бөлуге болады:

  • Түсіндірме (Интерпретация)

  • Аударма (Трансляция)

  • Анықтамалар.

  • Мысалдар

  1. «Қалай? Неліктен? Салыстырыңыздар, айырмашылығын көрсетіңіздер»

  • Фактілерді, ережелерді, қағидаларды салыстырады, айырмашылығын көрсетеді;

  • мысалдар келтіреді;

  • Сөзбен келтірілген материалды, схемалар,графиктер, диаграммаларды түрлендіреді, өзгертеді;

  • оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

  1. Қолдану категориясы

  • Оқу материалын нақты жағдайда және жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан қолдану кіреді.

  • Қалай қолдануға болады?

  • Жасап көрсе қалай болады?

  • Не білгіңіз келеді?

  • Мәселені қалай шешуге болады?

  1. Талдау категориясы

  • Құрамдас бөліктерге жіктеу, айтылған ойды дамыту. Екі тұжырымның қатынасын көрсетуді талап етеді.

  • Себептерді айқындау.

  • Қалай жіктеуге болады? Егер мынандай болса, онда қалай болады?

  • фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

  • ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.

  1. Синтез категориясы

  • Шығармашылық жанрлар.

  • Жоспар құрастыру немесе тәжірибе қою, өткізу.

  • Абстрактылы ұғымдармен негізделетін нәтижелер.

  1. Бағалау категориясы

  • Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру, таңдау жасап, шешім қабылдау.

  • Сіздің ойыңызша бұл маңызды ма?

  • Мұны жақтайсыз ба? Мұның жағымды/ жағымсыз, ұтымды/ ұтымсыз жақтары қандай?[4,55].

Бағалау критерилері оқу мақсаттары арқылы жасалады. Себебі критерий сабақ барысында мақсатқа жету жолындағы баспалдақ іспеттес. Егер жоспар барысында мақсат дұрыс қойылмаса, онда бағалау критерилері де дұрыс еместігін көруге болады. Мәселен аталған сабаққа мен оқу мақсатын мен төмендегідей қойдым: «Оқушыларға Ыбырай әңгімелерінің мазмұны, тақырыбы мен идеясы меңгертіледі, кейіпкерлер мінездеме жасауға үйренеді». Осы мақсат арқылы :

  • Әңгімелердің мазмұнын меңгереді;

  • Тақырыбы мен идеясын ашады;

  • Кейіпкерлерге мінездеме береді.

-деп бағалау критерилерін жасап шығардым. Мұндай критерилерді оқушының өзін-өзі бағалауы әдісі арқылы оқушыларға жеке-жеке қолдарына ұстаттым. Әр тапсырма сайын осы критерийге сай жұмыс жасаған-жасамағанын бақылап, оқушыларға ескертіп отырдым. Өзінің шын мәнінде мәтінді меңгерген-меңгермегенін білген оқушы критерилер арқылы өзін-өзі бағалап отырды.

Сондай-ақ бағалау критерилерін «Өзің орында» стратегиясының көмегімен қазақ тілі сабағынан деңгейлік тапсырмаларды әр деңгейдің тапсырмаларына бір баллдан қосып отырып, оқушыларға орындаттым. Мысалы,

Деңгейлер

Критерилер

Балдары

1

І деңгей

Әңгімелердің мазмұнын меңгереді

1

2

ІІ деңгей

Тақырыбы мен идеясын ашады

2

3

ІІІ деңгей

Кейіпкерлерге мінездеме береді

3

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Көкейхан Зина. «Сабақтың тиімділігінің бағалау критерилері». Bilim.al сайты. 18.08.2017 ж.

  2. Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау.

  3. Красноборова А.А.  Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие.

  4. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау».

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2018
624
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі