Алматы облысы
Қарасай ауданы
Қарасай батыр атындағы
орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің
мұғалімі
Есимбаева Г.Д.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында
оқушылардың
тілін дамыту бойынша жұмыс
түрлері
1. Тіл дамытудың негізгі
мақсаты.
Тіл дамыту-оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа
адамға толық жеткізіге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы
түсінуге үйрету. Басқаша айтқанда тіл дамыту – қазақ тілі оқушының
қарым-қатынас құралына айналдыру. Бұл жалпы тіл үйрету мақсатымен
толық сай келеді. Орыс тілінде оқытатын мектептерде оқушының қазақ
тілін дамыту ұғымына қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық
тұлғаларын меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын
қалыптастыру яғни қазақ тілінде сөйлеуге үйрету жатады; қазақ
тілінің орфографиялық нормасын оқушыда қалыптастыру, қаақша сауатты
жазу дағдысын меңгерту де осы ұғымға кіреді; сөздерді бір-бірімен
дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды арқылы ойын
басқаға жеткізу, басқаның сөзін түсіну де тіл дамыту ұғымына
жатады. Сөйтіп, тіл дамыту- мағынасы, көлемі кең ұғым.
Адам ойын ауызша , не жазбаша түрде жеткізеді. Сондықтан оқушы
тілін дамыту екі бағытта жүргіземін: ауызша мен жазбаша. Жалпы
алғанда тілді оқытуда бұл екі бағыт қатар байланыста жүргізіледі.
Бірақ қазақ тілін оқутыдуң ең алғашқы кезеңінде ауызша тіл дамыту
басымырақ болады. Сөйлеу тілі кейінірек жазба тілді дамытуға негіз
болады.
Тіл дамытуда тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ
сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоэпиясын
меңгерту жұмыстары жүргізіледі ауызша сөйлеу тілінің бұл –негізгі
мәселесі.
Қазақша сөйлеу үшін оқушының жеткілікті сөздік қоры болу керек,
оқушы сөздерді байланыстырып сөз тіркестерін жасаудың, сөз
тіркесінен сөйлем құрасытрудың заңдылықтарын білу қажет.
Сөйтіп тілдамыту сөйлеуге жеткілікті сөздік қорды және ол сөздерді
сөйлемде бір-бірімен байланыстыратын тілдік нұсқаулардың қолдану
заңдылықтарын меңгерту болып шығады. Оқушының сөздік қорын байыту
тілдік нұсқаулардың қолдану дағдысын қалыптастырумен тығыз
байлансыта жүргізіледі.
2. Оқушының сөздік қорын байыту, сөздік
жұмысы Оқушының сөздік қорын үнемі байытып отыру-тіл
дамытудағы негізгі мәселе. Сөздік қоры бай адамның ойын анық
жеткізу мүмкіндігі мол болады. Сөздік қоры бай адам ойын жеткізуге
ең керек сөзді таңдап қолдана алады, оның ойын дәл білдіретін сөзді
тыңдау мүмкіндігі бар. Сондықтан тіл дамытуда оқушының сөздік қорын
байытуға ерекше мән беріледі.
Сөздік жұмысы әр сабақ үстінде, жыл бойында, бүкіл оқу кезеңінде
белгілі жос\пармен, жүйемен жүргізілуі керек. Оқушы сабақ сайын
жаңа сөз үйреніп отырады. Оқушыға үйретілетін жаңа сөз тексте,
диалогтарда жаттығу қолданысымен байланысыты беріледі. Сабақ сайын
жылма-жыл әр сыныпта оқышының сөздік қоры өсіп отырады. Әр сабақта
үйретілетін жаңа сөзді оқушының сөздік қорын байтудағы негізгі
мақсат болып саналады. Осы мақсатта жету үшін, төмендегі жұмыстар
жасалу керек:
1. жаңа сөз мағынасын оқушыға анық түсіндіру;
2. жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету;
3. жаңа сөзді қолданыста меңгеру яғни жаңа
сөзді қолдану дағдысын қалптастыру;
4. жаңа сөздің айтылуы мен жазылуын меңгерту;
5. сөздікпен жұмысқа үйрету.
Жаңа сөзді оқушы жақсы игеру үшін, оның мәнін оқушы жақсы түсіну
керек. Жаңа сөздің мағынасыноқушыға түсіндіруде ол сөз атайын
заттың өзін көрсету, заттың суретін көрсету, оқушының ана тілінде
аудармасын беру, оқушыға бүрын таныс синоним сөздерді пайдалану ,
кейде сипаттамалы түсіндіру сияқты әдістер қоладанылады. Заттың
өзін көрсету алғашқы кезеңде көбірек орын алады, бірақ мүмкіндігіне
қарай ол кейін де қолданыла береді. Бұл әдістердің қайсысын
қолданылуды өзім таңдаймын.
Жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етуге өте үлкен мән
беру керек. Оқушы жаңа сөзді сабақта үйреніп, бірақ оны жеткілікті
дәрежеде бекітпесе, ол оқушының есінде сақталмайды, сондықтан
оқушының сөздік қоры байымайды. Олай болса, жаңа сөзді оқушы есінде
бекітетіндей жұмыс жүргізу қажет. Оқушының үйренген жаңа сөздерін
жазып отыратын жеке дәптері жазады.Сөздік дәптерге әр сабақта
үйренген жаңа сөздерін жазады да, олармен әр түрлі сөз тіркестер
құрастырады.
Оқушының сөздік қорын байытудың тағы бір жолы- мақал-мәтелдер
сөздігін жасау. Мақал-мәтелдер сөздігі оларды есінде тұрақтандыруға
көмектеседі. Ал мақал-мәтелдер оқушыныңқазақша сөйлеуін
көріктендіреді.Мақал-мәтелдер сөздігін оқушы сөйлесу кезінде,
мазмұндама, шығарма жазғанда, пайдалануына болады.
Сонымен бірге жаңа сөздер оқулықтарда соңғы бірнеше сабақта, жиі
қайталанып, кейін сирек кездеседі. Бірақ олар мүлдем кездеспеуі
мүмкін емес. Оқулықта бұл жағдайлар сақталмаса, мен оны өзім
қадағалаймын.Сабағымда жаңа сөзді келесі сабақта жеке сөз ретінде
тексеріп отыруы да өте пайдалы. Мұндай жұмыс түрі затты көрсетіп,
суретін көрсетіп, оны қазақша атату арқылы жүргізіледі немесе орыс
тілінде сөзді атап, қазақшасын оқушыға айтқызу арқылы да тексеруге
болады.
Жаңа сөзді қоладаныста меңгеру оқушыны әрі сөйлеуге баулу, әрі
сөзді оқушы есінде сақтауға әсер етеді. Сөздің қолданысын оқушы
мәтіннен, жаттығудан көреді, танысады. Бұл жаңа сөзбен алғашқы
танысу. Мұғалім оқушыға жаңа сөзді оқушы сөйлемдк өінше қолдануға
жаттықтырады. Жаңа сөздермен сөйлем құрауды үйретеді, сөздерді
сөйлеуде, диалогта қолдануға жаттықтырады. Жаңа сөздер қатысқан
мақал-мәтелдер жаттау , өлең жаттау өте пайдалы, ол сөздердің
ұмытылмауына үлкен ықпал жасайды және сөздердің қолданысын үйренуді
бекітеді.
Жаңа сөздердің мағынасын түсіндірген соң, олардың дұрыс айтылуын
түсіндіру керек.Жаңа сөздердің айтлуын мұғалімге еліктеп бүкіл
сыныпқа, топқа, жеке оқушыға айтқызу арқылы үйретуге болады. Жаңа
сөздерді жаңа технологиялар үйренуге болады. Бұл жұмыс әсіресе,
лингафондық кабинет арқылы жүргізіледі.
Оқушының тілін дамыту, сөздік қорын байыту- жан-жақты жұмыс. Бұл
ретте оқушыны дайын сөздіктермен пайдалануға жаттықтырудың да
атқаратын қызмет зор.
Оқушының сөздік қоры тек сабақ кезінде ғана толығады. Деуге
болмайды. Оқушының сөздік қоры сыныптан тыс уақытта да толығып
отырады.
3. Жаттығулар арқылы тіл
дамыту.
Оқушы қазақ тілінен меңгерген бай сөздік қорын қарым-қатынаста
қолдана алмаса, тіл білген болып саналмайды. Сондықтан оқушының
сөздік қорын байыту сөздердің сөйлеуде қолданысына жаттықтырумен
бірге байланыста жүргізіледі.
Ал оқушы сөздерді қарм-қатынаста қолдана алу үшін, тілдік
тұлғалардың қолданылу заңдылықтарын білуі керек. Ал ол-
грамматиккалық мәселесі.Грамматикада сөздерді бір-бірімен
байланыстыру үшін қолданылатын сөз түрлендіруші қосымшалар, олардың
қандай сөздердіңтобына, қалай жалғанатыны, беретін мағынасы , сөз
түрлендіруші қосымшалар арқылы түрленген сөздің қандай сөз тіркесін
жасайтыны, сөз тіркеснің сөйлем жасауы, сөйлемдердің бір-бірімен
байланысу заңдылықтары беріледі.
Екінші тілді үйрету ісіне оқушы тілін дамыту жұмыстарын
ұйымдастырылғанда, жаттығулардың атқаратын қызметі зор. Тілге
үйрету қай тілде де жаттығулардан басталады.Жаттығулар тілдік
материалдың негізінде оқушының жас ерекшелігіне, білі деңгейіне сай
беріледі. Жаттығуларды ғылымға екіге бөледі: тілдік жаттығулар және
сөйлеу жаттығулар. Тілдік жаттығулардың міндеті тілдің
грамматикалық материалын оқкшыға меңгерту. Тілдік жаттығулар әр
тілдік тұлғаны таныстырады, оны қолданып үйренуге жаттықтырады.
Тілдік жаттығулар тілдік тұлғаларды дұрыс ойланбай қолддану
дәрежесіне жеткізуді көздейдіТілдік жаттығулар алуан түрлі болып
келеді. Мұндай жаттығулдар тілдік тұлғаның қолдану үлгісі ретінде,
оның қолданылуына оқушының назарын аударып, көзін үйрету мақсатын
көздейді. Ал тілдік жаттығуда тілдік тұлғаның сөздегі орнына нүкте
қойылатын жаттығулар оқушыны тілдік тұлғалардың дыбыстық вариантын
дұрыс таңдауға үйрету мақсатын көздейді.
Ал сөзді қосымшасыз беріп, оған тиісіт қосымшаны тауып жалғау
оқушыға түрлі қосымшаларды өткен соң, олардың әрқайсысын жақсы
меңгергенде беріледі. Мысалы, бірнеше септік жалғауын оқығаннан
кейін , оның сөйлемде қайсысын қолдануды табу ол
септіктердіоқушының жақсы білуін талап етеді.
Сөйлемдегі түсіндірілген сөзді тауып қосу, сөйлемді өзгерту,
сөйлемді аяқтау , сөйлемді кеңейту, сөйлемді тарылу сияқты
жаттығулар оқушыны сөйлеуге апарады. Бұлар алғашқы жаттығулардан
гөрі көп күрделі болып табылады.
Сөйлеу жаттығуларына сурет арқылы оқушыны сөйлеуге үйрету, оқыған
кітабының мазмұнын әңгімелету, мақал-мәтелдерді сөйлеуде қолдануға
жаттықтыруң, тақпақ, өлең айтуға үйрету де жатады. Бұладығ бәрі-
оқушыны тілін дамытудың құралды.
Оқушыны тілін дамытуда оқыған кітабының мазмұнын қазақша әңгімелету
пайдалы. Жұмыстың бұл түрін 5-6 сыныптарда бастау дұрыс.Кітап оқу
жұмысы сабақта басталды. Оқу әдісін меңгерген оқушы өздігінен кітап
оқымайды. Кітап оқуға баулу үшін алдымен оқушыны анық, тез оқитын
дәрежеге жеткізу керек. Оқу әдісін жақсы меңгерген оқушы ғана,
өздігінен кітап оқи алады.
Оқушының тілін дамыту үшін тақпақ жаттау, өлең айту да пайдалы
болып саналады. Оқушы әр сыныпта бірнеше тақпақ жаттайды, олар
көбіне оқулықтарда беріледі.
Өлең айтуға, ән салуға үйрену де тіл дамытуда өзіндік қызмет
атқарады., бірақ бұл жұмыс үйірмеде жүргізіледі.
Мақал-мәтелдер де- оқушыны тілін дамытудың құралы. Оқулықтарда
мақал-мәтелдермен жұмыс жүргізуде әр мақал-мәтелдің оқушы мағынасын
түсінуі керек, сонда ғана оны орынды қолдана алады.
Сөйлеу жаттығулары оқушыларды тілдік материалды сөйлеуде қолануға
дағдыландыруды көздейді. Сөйтіп, оқушы алдымен тілдік материалды
меңгеру жаттығулармен кездеседі, оны білі, танып, түсініп алуы
қажет. Ол тілдік материалды сөйлеуде қолдануға жаттықтыру,
дағдыландыруда сөйлеу жаттығулары маңызды қызмет
атқарады.
4. Мәтін арқылы оқушы тілін
дамыту.
Мәтінмен жұмыс 1 сыныптан жүргізгені дұрыс, шағын мәтіндер
оқушыларға қиын емес. Қазақ тілін оқытудың алғашқы кезеңінен
бастап, мәтінмен жұмыс жүргізу тіл дамытуда өте пайдалы.
Оқушы тілін дамытуға мәтіндлердің атқаратын қызметі өте күшті.
Мәтін оқушыға білім береді, мәтін-оқушыны оқуға үйретудің құралы,
ол ойын, тілін дамытады, тәрбиелйді, қазақша сөйлеуге үйретеді.
Мәтін осы қызметтерді толық атқару үшін, оған төмендегі талаптар
қойылады.
Мәтін оқушының жас ерекшелігіне, түсінігіне сәйкес болуы керек.
Мәтін әр сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне, біліміне, түсінігіне
сай алынады. Осымен байланысты әр сыныпта оқытылатын мәтін әр түрлі
деңгейде болады.
Мәттің мазмұныны әр сыынпта оқышысының білім деңгейіне, дүние
танымына сай болуы қажет. Оқушыға таныс емес, оқушы түсінбейтіндей
қиын мазмұнды мәтін алынбауы, оқуға берілмегені дұрыс.
Мәтіндердің мазмұны оқушыны қызықтыратындай болуы қажет. Оқушыны
қызықтыратын мәтіндерді оқушыны жақсы меңгереді.
Мәтіндердің тәрбиелік мәні болуға тиіс. Оқушыны досттыққа,
бірлікке, адамгершілікке тәрбиелейтін мәтіндердің мәні
күшті.
Мәтіндер қазақ халқының мәдениетімен, әдет-ғұрыптармен, ұлттық
мерекелермен, жетістіктермен оқушыларды таныстыру қызмет
атқарады.Олхалықты сыйлауға, тәрбиелеуге қажет.
Мәтінді аулдару- тіл үйренудегі, тіл дамытудағы негізгі
мәселелердің бірі. Мәтінді аудару алғашқы кезеңде мұғалім өзі
көрсетеді, кейін оқушылар өзі аударады. Мәтінді аударудан бұрын
ондағы жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі.
Мәтіннің мазмұнына баланысты сұрақтарға жауапты жазбаша түрде
жүргізу арқылы оқушының жазбаша тілін дамытуға болады. Мәтін
бойынша ауызша тілдамытуға жүргізілетін жұмыстардың бәрі жазбаша да
жүргізіледі.
5. Сөйлеу тілі мен жазбаша тілідң
байланысы.
Сөйлеу тілі мен жазба тіл өте тығыз баланысты. Сөйлеу тілінде
жазбаша тілде де қолданылатын тілдік тұлғалар бір. Тілдік тұлғалар
сөйлеу тілі мен жазбаша тілде бір мағынада қолданылады, олардың
тілде атқаратын жалпы қызметтерінде де өзгеріс болмайды. Сондықтан
екінші тілді үйретуде жұмыс ауызша мен жазбаша жұргізулі
тиіс.
Тыңдауға үйрету мақсатында жасалатын бұл жұмыстың түрлері, сөйлеуге
үйретумен байланысты жүргізітіні есте болу керек.
6. Жазбаша тілді
дамыту Оқушының жазбаша тілін дамыту бастауыш
сыныптан-ақ басталады. Тілді жаттығуларды жазбаша түрде орындау
оқушыны жазбаша тілін дамытудың алғашқы басқышы шартты белгісінің
бірі болып саналады.
Дегенмен оқушуның тілін жазбаша түрде дамытуда мазмұндама мен
шығарманың орны ерекше.
Мазмұндама- тіл дамытудың өте маңызыды әдісі. Мазхмұндама негізінен
оқушының жазбаша тілін дамытуға, ойын мәтінге сүйеніп, өзінше
жазбаша түрде білдіруге үйретуді. Бірақ мазмұндаманы оқушының
жазбаша тілін дамытуда, ойын мәтінге сүйеніп, өзінше жазбаша түрде
білдіруге үйретеді
Шығарма жақын мазмұндама оқушының шығармашылық ойын дамытуды, ойын
өз сөзімен білдіру дағдысын қалаптастырады.
Шығармаға жақын мазмұндамада оқушы мәтіннің мазмұнын өзінше
жалғастырып жазаджы, кейде мәтіннің басына өзінше үзінді қосады,
мәтіннің арасында мәтінге байланысты уақиға туралы өзінше әңгіме
қосады.
Шығарма- жазбаша тілді дамытудағы ең негізгі жұмыс. Шығарма
–оқушыны өздік шығармашылық жұмысы. Шығарма жазуға оқушыны үйрету
ұзақ уақыттағы жүйелі жұмысты керек етеді.
Шығарма бір тақырыпта жазылды, тақырыпты ашуға керек сөздерді білуі
керек. Мұғалім оқушының сөздік қорын жақсы біледі, сондықтан
оқушының сөздік қорында бар сөздерді қажет ететін тақырып таңдау
пайдалы.
|