Материалдар / баяндама "ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ –ҮШТІЛДІЛІК НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ "
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

баяндама "ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ –ҮШТІЛДІЛІК НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ "

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында тиімді әдіс- тәсілдердің колдану түрлері көрсетілген. Оқушылардың үштілділік негіздерін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2022
500
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балтабаева Гульназ Аскербековна

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№7 орта мектебі»КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ –ҮШТІЛДІЛІК НЕГІЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Өзге ұлт өкілдерінің бірен - сараны қазақша сөйлеп, қазақша ән айтқанына мәз болып жүре беретін заман өтті. Қазақ тілін мектептерде тереңірек оқыту керек

Даниал Ахметов

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол адамға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілен-дірілген, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Педагогикалық үрдістің маңызды құрамы – оқу үстіндегі субьектілер. Оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекет болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға адамның білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып жатыр. Жаңа заман кеңістігіндегі білім мен кәсіптік бәсеке алаңының ашықтығы және кіріс-шығыстың жалпыға ортақ талап деңгейінде бақылауға айналуы–жоғары білім беру жүйесінде шұғыл түрде өзгерістер енгізуді талап етеді.

Функционалды сауаттылық өмір сүрудің қажетті компоненті. Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан, пәндерді оқытуда оқушыларға оқу материалын есте сақтауға емес, осы материалды шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Тұлғаның ең басты функциялық сапалары: белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлау және шешім қабылдай алу, кәсіби жолын таңдай ала білу, өмір бойы білім алуға дайын тұру. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. «Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі», - деп Н. Ә. Назарбаев айтқандай пән мұғалімдер ретінде осыған негізделе отырып жұмысымызды жүргіземіз. Биылғы оқу жылында Ф.Ш. Оразбаеваның авторлық оқулықтарымен жұмыс бастадық. Бұл сабақ үрдісінде оқушының функционалды сауаттылығын дамыту жолдары нақты шешуге бағыталған оқу құралы, сонымен қатар «Мұғалім кітабы» да осы мақсаттарға жетуге көмектеседі. Әр сабақты оқушыларға жағымды психологиялық ахуал туғызудан бастаймыз. Бұл, бір жағынан, оқушылардың сабаққа деген ықыласын білдірсе, екінші жағынан, тілдік ортаға көшіп, сөздік қорын молайтуға үлесін қосады. Сабақ барысының ең басты кезеңдердің бірі - «Қызығушылықты ояту». Бұл кезеңнің мақсаттары:

- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;

- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;

- оқушының белсенділігін ояту

«Мағынаны ажырату». Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.

- қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.

- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.

«Ой толғау». Бұл кезеңнің мақсаты:

- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.

- оқылған материалды талдау және қорытындылау.

- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.

- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады - кластер құру

- әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.

- түйін сөздерге қайта оралу.

- дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.

- рефлексивті сұрақтар

- пікір алмасу.

- шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б.

Теориясы: «Жинақтау» (қорытынды шығар, бағытталған: мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте,сызба, ребус шеш деген сөздер тапсырма шартында болады.

Интербелсенді оқытуда білім алушылар мынандай білім, білік, дағдыларға үйренеді:

-терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

-өз идеялары мен әрекеттерін алдау және оларға баға беру;

-ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, оның ішінен негізгісін алу;

ақпаратты жан-жақты талдау;

өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

оқу барасында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып,белсенді өмірлік позиция ұстану;

пікірталасқа қатысып,өз ойымен пікірін дәлелдеу;

шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу

басқалармен тиімді қарым- қатынас құру, өзара әрекеттесу.

Осы әдіс- тәсілдерді тиімді қолдану барысында нәтижеге қол жеткізе білдік. Айталық, соңғы үш жыл ішінде ҰБТ- ның көрсеткіштері: 2014 жылда орта балл -18,5, ал 2015 жылда -19,5 бұл көрсеткіш қалалық көрсеткіштен 3,2 балға жоғары. Мұғалімдер даярлаған оқушылар қалалық, облыстық олимпиада мен сайыстарға үнемі қатысып, жүлделі орын иеленеді. Мысалы, 11 сынып оқушысы Шагидевич А. облыстық «Абай оқуларында» 1 орын, Ляпунова Е., Талғатбекова И. «Қайрат оқуларында» 3 орын, Магеррамова С. қазақ әдебиеті олимпиадасында 3 орын, Назарова А., Багланова Д. қазақ тілі олимпиадасында 2 орын. Бұл, әрине, әр ұстаз бойында оқушыларды алға бағыттауға және өз-өздерін ізденуге, жан-жақты дамытуға, жаңалық ашуға түрткі тудырады. Табысты оқушыны тек табысты мұғалім тәрбиелейді. Пән мұғалімдері ретінде қалалық сайыстарда жүлделі орындарға ие болдық. «Жаңашыл ұстаз», «Жыл мұғалімі» 1 орын, «Үздік филолог» 3 орын.

Жас ұрпаққа сапалы білім беру, мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын тиімді пайдалану қажет. Сондықтан орыс, ағылшын, қазақ тілін үйретудегі бастапқы мақсат – коммуникативтік бағытта оқыту. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді, оқушы үшін өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер:

1.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы: «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» [16, 25б.]
2. Функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған 2012-2016 жж.ұлттық іс қимыл жоспары. 25.06.2012. № 832 Үкімет қаулысы
3. Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011ж. [4, 15 б.]
4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.Астана,2012г. [17, 20б.]
















































Аннотация

-Мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жолдары қарастырылады

-В статье рассматриваются пути формирования функциональной грамотности учащихся

- The article examines ways of forming functional literacy of students





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!