Материалдар / Баяндама "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ МЕН ДАМЫТПАЛЫ ОҚЫТУ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ МЕН ДАМЫТПАЛЫ ОҚЫТУ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама жас мамандар мен мұғалімдерге көмекші құрал ретінде және мектептегі әдістемелік бірлестігінің отырыстарында мәліметтер алуға көмегі тиеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
523
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шортанды №1 орта мектебі







Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты

БАЯНДАМА

"ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ МЕН ДАМЫТПАЛЫ ОҚЫТУ"









Дайындаған қазақ тілі

және әдебиет мұғалімі :

Кулекина Айнаш Шормановна












Шортанды кенті 2018 жыл



Кулекина Айнаш Шормановна



ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ МЕН ДАМЫТПАЛЫ ОҚЫТУ

«Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана

адамның жүрегінен орын алады»

Әл-Фараби

Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттің бірі- оқушыға тиянақты білім беру. Біздің ғасырымыздағы көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаздар . Заманымыздағы ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс.Қазіргі таңда оқу үрдісінде қазақ тілін оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер сапалы білім беруде үлкен міндет атқарады. Атап айтатын болсақ, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан үлкен. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі өте зор екенін барлығымызда көз жеткізіп отырмыз .
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.
Әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді және бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті,оқытудың жаңа формасы.Білім жүйесіне бүгінгі таңда қойылып отырған талап жоғары. Сондықтан да қазіргі жаңартылған оқу бағдарламаның өзі де білім сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы . Жаңартылған оқу бағдарламасында сын тұрғысынан ойлау стратегияларыда оқушыларға көп көмек береді. Ұстаздардың алдында тұрған ең негізі ортақ міндет-өмірге икемделгіш, заман ағымына ілесе алатын жақсы маман тәрбиелеу. Қазіргі заманымызға сәйкес ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім үшін ең басты мәселе-оқыту әдісін дұрыс пайдалану және таңдау.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екендігін зерттеу,оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя салыстыру, сол идеяларға қарсы көзқарастарымен тепе-теңдікті ұстап зерттеу, оларды жеңіл синтетикалық ойларға қарсы қоя салыстыру, оларға сеніммен қарайтын белгілі бір жүйелікке түсіріп қолдану.

Сын тұрғысынан ойлау -идеяларымен бар мүмкіндікті шығармашылықпен қарап, жақындастыратын концепциялар мен ақпараттарды қайтадан түйіндеп тұжырымдайтын құбылыс. Сын тұрғысында ойлау -шыңдалған ойлау. Көбінесе бұл ойлау ересек студенттерге ғана тән деп айтылады. Бұл аса дұрыс түсінік емес. Жас балалар да өз даму деңгейіне байланысты ойы шындалып, кез келген мәселеге сын көзбен қарай алады. Оқушылар да күрделі мәселелердегі тапсырмаларды шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға құштар болып тұрады. Шындығында сын тұрғысында ойлауды зерттеу және үйрену, менің пікірімше, оқшауланған дағдылар мен нақты фактілерді үйренуге мән беретін үлгілер сыншыл ойлауды мектеп қабырғасынан бастайды. Өйткені бұл білімді оқытуда педагогтың бағыттауымен оқушылар өз бетінше игеруі, кейбір практикалық іскерліктерін де көруге болады. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған сайын оларда төрт параметердің көрсеткіші өседі: жекеден -жалпыға, дифференциалдыдан- сенімділікке, интуициядан-логикалыққа, бір перспективадан- көптеген перспекиваға.

Бұл көрсеткіштерді өсіру үшін:

1. өз бетінше тұжырым,қорытындыға келу қабілетін;

2. ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдай білуін;

3. проблеманы шеше білуін;

4. пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру қажет.

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларына: бағытталған оқу, хаттардың түрлері,кластер тұрғызу, кубиктер, мәтінді талай отырып оқу, "миға шабылуының " түрлері, ЖИГСО, конференция, РАФТ, т.б. әдіс-тәсілдер жатады. Кейінгі кезде психология ғылымында дамытпалы оқыту концепциясы ұсынылып жүр. Ондай оқыту ұйымдастырудың маңызды шарты-оқытушы мен оқушы арасындағы біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру.

Л.С. Выготскийдің пікірінше:"қатаң ғылыми тұрғыдан қарағанда, басқа адамды тәрбиелеуге болмайды. Тәрбилеу- оқушыны тәрбилеу емес, оқушы өзі тәрбиеленетіндей етіп ұйымдастырылуы керек. Тәрбилеу процесінің негізінде оқушының жеке іс-әрекеті жатуы керек".

Осы тұрғыда алғанда СТО -ның шын мәніндегі дамытпалы оқыту стратегиясымен үндес екендігі көрінеді. Дамытпалы оқытуда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері қолданылады. Қазақ тілі сабақтарында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері: бағдарламалық оқыту, проблемалық оқыту, интерактивті әдістер: эвристикалық әңгіме, пікірталас, "дөңгелек үстел", іс ойыны, сайыстар, "ми шабуылы" тренингтер. Бұлар оқушының белсенді іс-әрекетіне бағытталады; іс-әрекеттің мәні мен нәтижесі - іс-әрекет субъектісінің өзі болады, ал негізігі көрсеткіші -оқытылатын адамның ойлай алу іскерлігін қалыптастыру. Сабақта сын тұрғысынан ойлау мен дамытпалы оқытудың:

1. мақсаттары

2.міндеттері

3. әдістері

4. алынатын нәтижелері бойынша жақын екендігін байқауға болады.

Қазақ тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастырады. Бұл жерде оқушыны жетелейтін оқытушы болғандықтан:

1. Практикалық іс-әрекете болу.

2. Белсенділікте болу.

3. Қажет болса көзқарасты өзгерту

4. Аудитория алдына шығып өз ойынды айтуға үйрету

5.Біліктілік, іскерлік дағдысын қалыптастыру

6. Басқаларды тыңдай білу

7. Қарым -қатынас жасауға үйрету

8. Өз ойын тұжырымдай білу

10. Әдістерді қолдана білу

СТО жеке тұлғаға әсер етеді: танымдық процестеріне, еріктік процестеріне, сезімдеріне,эмоцияларына.

Осының бәрі де:

- өздігінен білім ала білуін;

- сын тұрғысынан ойлау іскерлігін;

-кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады.

Қазақ әдебиетінің жазушысы М.Жұмабаев айтқандай, жеке тұлғаның жан көріністерінің үш түрі: ақыл көріністері,ішкі сезім немесе көңіл көріністерінің және қайрат көріністерінің дамтылыуы-сын тұрғысынан ойлаумен байланысты.

Қорыта айтқанда болашақтың бәсекесіне қабілетті шәкірті тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз- ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, білімпаз болғанда ғана қоғамның мықты да шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.

Ақмола облысы

Шортанды ауданы

Шортанды №1 орта мектебі







Саламатсыздарма құрметті әріптестер мен қауым! Бүгінгі баяндамамды бастамай тұрып Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдаған бағдарламасымен бастауға рұхсат етуді сұраймын.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қажет уақытта қажет жерде шыққан мақала деп санаймын. Бұл – қарапайым мақала ғана емес, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, түгендеу, саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою және дамытуға арналған бағдарламалық құжат деуге толық негіз бар. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» біз барынша мән беріп, берік байлам етіп алуға тиісті тұстарына қысқаша тоқталып өтсек.

Біріншіден, «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды». Бұны мақала авторы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тарауында айтып отыр. Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.

Екіншіден, елбасының латын әліпбиіне 2025 жылдан бастап көшіп, оған дейін әдістемелік дайындық жұмыстарының жасалатыны туралы. Бүгінде бүкіл әлем латын әліпбиінде сөйлейді. Сондықтан бұл да өзекті мәселелердің бірі.

Үшіншіден, білім. Білім болғанда да ұлттық рухани құндылыққа негізделген білім. Елбасының Қазақстанның үшінші жаңғыруына байланысты келелі ойларын қолдай келе, оны жүзеге асырудың бір жолы бәсекеге қабілеттілікте дер едім. Бәсекеге қабілетті болу үшін білімді болумен қатар, дұрыс тәрбие алу керек. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп әл – Фараби бабамыз айтқандай біз тәрбие мен білімді қатар жүргізуіміз қажет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!