Материалдар / Баяндама "Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәсілдері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәсілдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріммен тәжірибе алмасу мақсатында жарияладым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Шілде 2018
489
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама

«Қазақ тілін оқытуда

жаңа технологияларды қолдану тәсілдері»

«Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті

жоқ,бар болғаны оған өзіне керекті

       жаңалықты ашуға көмек беру қажет»    

                                                                                    Г. Галилей

Жаңа ғасырдың алдында жаңаша ойлайтын тұлғаларды дайындау- мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттердің бірі.Жаңаша оқытудың басты мақсаты-жаңа тақырыпты мұғалімнің түсіндіруі емес, «оқушы үнінің» маңызды екеніне мән беріп, тек бағыт беру,болып табылады.Оқушыға тиянақты білім беру- басты мақсатымыз екенін ескерсек,қазіргі біздің қоғамға сыни тұрғыда ойлау қабілеті қалыптасқан жоғары білікті,кәсіби дайындалған,шығармашылықпен ойлайтын оқушылар

қажет. Мұғалімнің басты мақсаты-оқушыға білімді өздігімен игерудің амалдары мен тәсілдерін үйретіп,оның өзіндік дүниетанымының қалыптастыруына жағдай жасау, бағыт-бағдар беру арқылы көшбасшылыққа дайындау.Ол үшін біз мектеп мұғалімдері оқытудын тиімді әдіс – тәсілдерін өз тәжірибемізде таңдап,саралап өз сабағымызға ыңғайлап өзгертіп қолдану,әр ұстаздың шеберлігіне байланысты.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде топта,жұпта,жеке оқыту арқылы білімнің шыңына жетудің тиімді жолдарын көрсеуіміз керек.

Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда ең бірінші эстетикалық талғамға сай безендірілген кабинет, оқудын әр түрлі құралдары, кестелері, оқулықтары, техникалық құрал – жабдықтары, информациялық құралдар болуы қажет. Қазақ тілі мұғалімі өз сабақтарын жаңа сатыға көтеру үшін шәкірттерінің білімге – құмарлық қасиеттерін дамытып, білім алуға қызығушылығын арттыруды ұйымдастыру керек. Жаңартылған білім мазмұнында оқушыларға аса күш түсірмей жеңілден ауырға қарай, жалықтырмай, оқушының тиянақты білім алуына, мүмкіндіктер туғызуы қажет.Топтың,жұптық,жеке жұмыстарда оқушылардың тақырыпқа байланысты сыни өз пікірлері,ойларының қырлары ашылуы мүмкін,аса сабырлықпен тыңдап,қошеметтеу қажет.Бұл оқушыларды ынталандырудың бірінші сатысы.Ынта арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады.

Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқытуда ғана біз басқа ұлт балаларын қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз.

Қазіргі заң талабына сай қазақ тілі сабақтарында қолданып жатқан жаңашыл әдіс – тәсілдері өз сабақтарында қалай пайдаланып жатқандығын жөнінде әріптестермен бөлісу,сабақтарға қатысу,тәжірибе жинақтап отыру қажет. Мемлекеттік тілдің жоғарғы деңгейде оқытылуы оқушы санасына сіңірлетін білімнің сапасымен өлшенеді,деңгейімен бағаланады.

Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек.

Мен өз тәжірибиемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушы бірлесіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарап,сыни ойлау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын:

  • Сыйластық ( бір – біріне бірдей бағынышта болу);

  • Жауапкершілік ;

  • Топқа бөлгендегі тіл табысуды ұмытпау;

  • Топтың барлық мүшелерінің кезекпен сөйлеу дағдысын үйрету;

  • Тікелей сөйлеуде әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру;

  • Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету;

  • Топта ұтымды жұмыс істеу.

Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.

Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім:

  • Оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы;

  • Жиі- жиі ой талқысын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету;

  • Сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі оқушынының жұмыс басты болуы;

  • Бір нәрсеге үйрету мәнді түрде қызығушылығын оянуы;

  • Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің ұлтына, жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын түсінеді.

Оқушылар жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш – қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқылым, жазылым, тыңдалым, сәттерінде кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушылар өз пікірлерін еркін жеткізуге жағдайлар жасайды.

Сабақ үстінде жан – жақты сұрақ қоюда да мұғалім мүмкіндігінше барлық оқушының жауап беруін қамтамасыз етуі керек. Сұрақ қоюдың қарапайым түрінен терең ойлауға дейінгі түрлері бар екендігі белгілі. Ал мұғалімнің мақсаты- оқушының ойлау сатысы ең төменгі деңгейден жоғары терең ойлау деңгейі түсінуден басталады. Одан кейін қолдану, анализ, синтезге дейін жоғарлайды.

Инновациялық технологиялардың көптеген, түрімен олардың әдістерінің сан- салалығына қарамастан, әр технологияның элементтері өзара бір – бірімен байланысады.

Мысалы: 5-11 сыныптың зерттеу сабақтарында оқушылар топқа бөлінеді. Кез-келген өлеңнің аударма түрінді оқып, композициялық желісіндегі ерекшеліктерін анықтап, тақырыбы мен идеясын айқындайды, осы шығармадағы мәтіннен көркемдегіш құралдарды табады. Екінші топ оқулықтан қарасөзбен берілген шығарманы оқып, оқиға желісіне, жазылу тәсіліне талдау жасап алдыңғы өлеңмен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.Сабақтың мазмұнын ашуға бірінші критерий құрылады құрылым бойынша өз іштерінде кері байланыс беріп,өзін және өзгені бағалай алады.Оқушы өзіне жауапкершілік алып ізденеді,қасындағы құрбысынан үйренеді.

Қорыта келгенде, айтарым – қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін мәнділігі,қажеттілігі осында жүйелі жұмыстар нәтижесінде оқушының күнінен- күнге білімге деген ынтасы арта түседі, олар өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптасады, өзін – өзі бағалап, өз күшіне деген сенімділік пайда болады, оқудың мәні мен мақсатын айқын түсінеді. Жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді.Тәуелсіз Қазақстанымыздың нағыз патриот тұлғасы болып қалыптасады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!