Материалдар / баяндама "Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

баяндама "Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәнін мұғалімдеріне, мұражай қызметкерлеріне ақпарат.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2020
902
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары — Қазақстан Республикасыныңжәне қазақ халқының тарихи, мәдени, саяси құжаттары (мәтіндер, суреттер, келісімдер және т.б. құжаттар) мен деректерінің жиынтығы сақталатын мұрағаттар қоймасы.


Мемлекеттік мұрағаттағы жеке қор құжаттарын жетілдіру мәселесін қамтитын тарихи зерттеулерге қажеттілік күшейді. Сондықтан да «қоғамның тарихи тәжірибесін бейнелейтін мұрағат құжаттарының құндылығы мен маңыздылығы арта түсті». Қоғам тарихында маңыхды деректер қатарына жеке адамдардың құжаттары да енеді. Бұл құжаттар ҚР Конституциясы мен «тарих және мәдениет ескерткіштерінпайдалану мен қорғау туралы» заңның негізгі саласы ретінде Кеңес үкіметінің қаулыларына сәйкес мемлекеттік мұрағат қорының жинақтау нысанасы болып табылады.

Жеке адамдардың қоры дегеніміз – жеке адамның отбасының немесе әулеттің өмірі мен қызметі барысындағы жиналған құжаттардың жиынтығыОсыған орай олар жеке адамдық, отбаслық және әлеуметтік болып бөлінеді.

Жеке адамның өмірі мен қызметі барысындағы жиналған құжаттардың жиынтығы жеке қор деп аталады.

Отбасылық қор дегеніміз – жақын туыстық қатынасы бар бірнеше адамның өмірі мен қызметі барысындағы және отбасына қатысты мүліктік, шаруашылық, басқа да жиналған құжаттардың жиынтығыБұл қорға қызметінің саяси, мәдени және ғылыми маңызы бар отбасы мүшелерінің құжаттары жатады. Ал отбасы басқа мүшелерінің құжаттары негізгі қор құрушылардың өмірі мен қызметін оқып-үйрену мақсатында қолданылады.

Бір рудың бірнеше ұрпақтары мен туыстарының өмірі мен қызметтері барысындағы құжаттардың жиынтығы әлеуметтік қор деп атлады.

Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатында жинақталған жеке қорлар тізбесі, мазмұны мен маңызы жағынан мейлінше әр түрлі және көп салалы болып келеді. Ол ақындар, жазушылар, композиторлар, әртістер, әдебиет пен өнертанушылар, теарт және кино режиссерлары, суретшілер ғалымдар, т.б. қорлары сақталады. Олардың қорларындағы құжаттар өнерпаздың, ғылымның қызмет бабындағы іс-әрекеті мен қабілетінен басқа, оның өзіне тәне ерекшеліктерін білдіретін құжаттардан тұрады.

Жеке қор құрамына қолжазбалар, хаттар, қор құрушының жеке және тұрмыстық құжаттары, ғылыми шығармашылық және қоғамдық қызметі барысында жинақталған құжаттық материалдары, қор құрушының еңбетеріне қажетті жинақталған материалдар, мүліктік-тұрмыстық сипаттағы заттар, жинаған коллекциялары, туыстарының және өзінің рәсімсуреттері кіреді. Жеке қор құрамына ол жөнінде көзі тірісінде немесе қайтыс болғаннан кейінгі жазылған естеліктері, мақалалар, өлеңдер, еңбектеріне жазылған рецензиялар, есте қалдыру жөніндегі материалдар, оның шығармашылығын насихаттауға материалдар енгізіледі.

Қолтаңба немесе басқадай белгісі бар сыйға тартылған кітап, кітапша, т.б. заттар жеке қордан ерекшеленіп, мұрағат кіпамханасына тізім бойынша өткізіледі.

Қордағы фотонегативтер мен кинокадрлардың көшірмесі жасалып, оларды сақтауға Мемлекеттік кино-фото-фоно мұрағатына өткізіледі, ал қорда фотокөшірмесі қалдырылады. Жеке қордың аты қор құрушының фамилиясы, аты және әкесінің аты, қызметі мамандығы, туған жылы мен қайтыс болған жылдарынан тұрады.

Мемлекеттік мұрағаттың басты міндеттерінің бірі – мұрағат қорын жеке адамдардың құжаттарымен толықтыру. Бұл мәселеде Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаттары(ҚРОММ) үлкен істер атқаруда.

КСРО кезіндегі жеке адамдардың құжаттарын жинақтау және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу шаралары мәз емес еді. Кейбір мәселелер 1960жылдардың аяғы мен 1980 жылдардың басында республикада өткен мұрағат қызметкерлерінің мәжілістері мен конференцияларында қаралған. Осы мәжілістер мен конференцияларда жасалған баяндамаларында және хабарламаларында ҚРОММ-дағы қорлардың құрамы, сипаты, мазмұны, жеке адамдардың құжаттары мен жинақтау көздерін анықтау тәжірибесі талданған.

Қазақстандағы Облыстық Мемлекеттік Мұрағаттың жеке қор құжаттарын жинақтау тәжірибесін көрсететін еңбектер жоқтың қасы. Тек бір ған Шығыс Қазақстан облыстықмемлекеттік мұрағаттың жеке қор жинау қызметі мен деректерін жинақтау, анықтау туралы жазылған мақала жарық көрді.

Сонымен қатар мағлұматтың жеке қорларындағы құжаттарды сақтау, кітапхана мен мұражайлардың қолжазба бөлімдерінде жиналған жеке қорлардың жағдайы жөніндегі мәселелер көтерілген.

1950 жылдардың ортасына дейін Мемлекеттік мұрағаттардағы жеке қорларды жинау жұмыстары төмен деңгейде жүргізілген. Өйткені ол кезде жеке адамдардың құжаттарынбағалап, қабылдау мен жинақтаудың жалпы әдістері жаңадан пайда бола бастап еді. 50-жылдардың аяғына таман еліміздің көптеген мемлекеттік мұрағаттарының жинақтау тәжірибесін байытатын еңбектер шығады. Сол кезден бастап аталған мәселе жаңа белеске көтеріледі. Себебі бұл кезеңде құжаттардың құндылығын сұрыптау жұмыстарына қайта құру жүргізіледі. Сол уақыттан бастап мемлекеттік мұрағаттарда жеке адамдардың құжаттарын жинақтау жұмысы кең құлаш жаяды және оның маңыздылығы күні бүгінге дейін сақталып келеді.

60-80-жылдардың аралығында мемлекеттік мұрағаттарда жеке адамдардың қорын жинақтаудың териялық міндеттерін дамытуға В.Колосова, В.В.Цеплин, М.Я.Резникова, Б.М.Мамонов, З.И.Иноземцова және В.А.Еримченко көп үлес қосады. Аталған авторлардың еңбегінде мемлекеттік мұрағаттарды жинақтау көздерін анықтау, құжаттардың пайда болуы мен мазмұны, құндылығы ашып көрсетіледі. 

Қазақстанға қатысты мұрағат деректерінің жүйелі қалыптасуы 18 ғасырдың бас кезінен, яғни қазақ өлкесінің Ресейге қосылуынана басталады. Патшалық Ресей үкіметі қазақ жерінокругтерге бөліп билегені тарихтан мәлім. Округтік мұрағат құжаттары бекерден-бекер жойылуға жіберілгені туралы С.Байжанов еңбектерінде көрсетіледі. Ал, қалған қазан төңкерілісіне дейінгі деректер Орынбор (1925жылға дейін), содан соң Қызылорда (1929 жылға дейін), және Алматы (1929 жылдан бастап) қоныс тепкен қазіргі ҚРОММ-да сақталуда.

Қазан төңкерісіне дейін патшалық Ресейдің отарындағы Қазақстанда жергілікті халықтың көрнекті өкілдерінің құжаттарын жинақтауға көп көңіл бөлінбейдіҚұжаттарды коллекционерлер, өлкетанушылар, негізінен, қазақ халқының салт-дәстүрінфольклорлары мен этнографиясымен айналысқан патша шенеуліктері жинайды. Өлкетанушылардың құжаттық мұраларын сақтауда Орынбор мұражайы, Жетісу мұражайы, Орыс географиялық қоғамның Жетісу бөлімі айтарлықтай рөл атқарады.

1940 жылдардың басында құрылған ҚазақКСР Ғылым академиясының мұрағаты ғылымдардың құжаттарын сақтауда үлкен оөл атқарады.

Қазақстанда Мемлекеттік мұрағат қызметін ұймдастыру 1920 жылдары басталады, бірақ жеке адамдардың құжаттарын жинау әлі оның міндетіне қосылмайды. Сонда да осы бағытта біршама істер жүргізеді. М, ол жылдары тарихшы Н.М.Черновскийдің жеке қоры, жергілікті тұрғындар Тимашевтердің әулеттік қорлары қабылданады.

1926 жылы 1-шілдеде сегіз үйезде мұрағат бюролары ұйымдастырылады. Алайда Қостанай уезіндегі губерниялық мұрағат бюросы қызметкердің жоқтығынан мүлде жабылып қалған. Мұндағы мұрағатта жүз жылдан астам уақытты қамтитын, жалпы салмаға екі мың пұт шамасындаға құнды құжаттар болған. Соның көбі иессіздікке ұшыраған екен. Жаркент уезінде Н.Горохова дейтін мұғалиманың өлке тарихына қатысты өз бетімен жинап жүрген қыруар материалдары ол қайтыс болғаннан кейін кім көрінгеннің қолында кеткені жөнінде де дерек бар.

1930 жылдары мемлекеттік мұрағатқа азамат соғысына қатысқандардың және ұлттық мәдениет өкілдерінің бірқатар жеке қор құжаттары қабылданған.

60-жылдары мемлекттік мұрағатқа Қазақстанның көрнекті әдебиет пен өнер қайраткерлерінің құнды қорлары қабылданады. Олар: Кеңес Одағының халық әртістері К.Байсейітова, Қ.Қуанышбаев, жазушылар С.Мұқанов, І.Жансүгіров, І.Есенберлин, т.б. құжаттары.

1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қ.И.Сәтбаевтың, сәулетші Д.Герасимовтың, астрономия және биотехника саласының көрнекті маманы В.Н. Бухманның, т.б. қорлары қабылданады.

80-жылдардың басында мұрағат қорына екі мәрте Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Т.Бигельдиновтің, гвардия полковнигі, Кеңес Одағының батыры, жазушы Б.Момышұлының, жазушы-академик М.Әуезовтің, журналист-ғалым Ф.И.Самариннің, тағы басқалардың қорлары қосылады.

Қазіргі ҚРОММ-да екі жүзден аса жеке және отбасылық қорлар коллекциялары бар. Бұл қорлар ХІХ ғасырдың аяғы мен қазіргі кезең аралығын қамтиды.

Міне, осыдан бүкіл ел, халықтың асыл мұрасы қымбат қазынасы болып табылатын тұлғалар құжаттары мемлекеттік мұрағаттың жеке қор бөлімінде көздің қарашығындай сақталуда. Уақыт өтеді, жаңа көнереді, бірақ ол көненің де болашақ ұрпаққа беретін өз тағылымы, өз тәлімі бар. Сол ұжаттарды қолға алсақ, шешіле сыр шертетін, тарихты тапшылтпай тануға қосар үлесі, тигізер септігі мол. Құнды дерек кімді де болса толғандырады, терең ойға жетелеп, рухани озық береді. 

2«Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты»

1794

3Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты

1920

4Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты

1923

5Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты

1923

6Орал облыстық мемлекеттік мұрағаты

1923

7Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағаты

1924

8Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағаты

1924

9Шымкент облыстық мемлекеттік мұрағаты

1926

10Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты

1928

11Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты

1928

12Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты

1928

13Қазақстанда Орталық мемлекеттік кинофото және дыбыс жазбалары мұрағаты

1934

14Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағаты

1937

15Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты

1939

16Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағаты

1940

17Көкшетау облыстық мемлекеттік мұрағаты

1944

18Талдықорған облыстық мемлекеттік мұрағаты

1944

19Жезқазған облыстық мемлекеттік мұрағаты

1973

20Маңғыстау облыстық мемлекеттік мұрағаты

1973

21Қазақстанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық мұрағаты

1974

22Алматы қаласының мемлекеттік мұрағаты

1981

23Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты

1997





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!