Материалдар / Баяндама Қазақстан тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама Қазақстан тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың тиімділігі»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2020
1594
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Новеньков ОЖББМ









БАЯНДАМА:



«Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың тиімділігі»







Дайындаған: тарих пәні мұғалімі: А. Утарова





2013-2014 оқу жылы



БАЯНДАМА: «Қазақстан тарихы пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде

әр түрлі тапсырмаларды қолданудың тиімділігі» 

Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып отыр. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» делінген. Елбасының осы сөзі, біздің ұстанатын өмірлік қағидамыз болу керек. Яғни жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Соның бірі патриоттық тәрбие беру мен дүниетаным қалыптастыруда тарихшы мұғалімдердің орны ерекше.

Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:
- оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
- оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;
- оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;
- эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. Ақпараттық коммуникативті технологияны көп тараған түрі ол – мультимедиялық презентациялар. Берілген материалды терең бекіту мақсатында сабақта тестер ,кроссвордтарды қолданамыз.
Сонымен қатар өз педагогикалық іс-тәжірибемде оқу-әдістемелік құралдарды да қолданамын. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 9 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, крассвордтар,электрондық оқулықтарды т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.
Соның ішінде 6-сынып оқушылары Ахметжанова А, Қажиеден А, Басероав Л есімді оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығы басым.
Мысалы: 1. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер» жүздер территориясы ұраны Жүздерге енетін тайпалар
Ұлы жүз
Орта жүз
Кіші жүз
Тас дәуірінің хронологиясы
2-тапсырма : Кестемен жұмыс
палеолит мезолит неолит энеолит
уақыт шеңбері
ескерткіштері ерекшеліктері
4- Тақырып: Сақтардың саяси тарихы
3-тапсырма: Тарихи сынақхат
Алдарыңызда тарихи сынақхатқа назар аударыңыздар. Көп нүктенің орнына оқулықтағы кілт сөздерді қойып, жазасыңдар. Әр топтың басшысы тексеріп, тақтада ілінген бағаларды алып, өз топтарыңды бағалайсыңдар.
Тарихи сынақхат мәтіні
Кир қайтыс болғаннан кейін б.з.б.519 жылы парсы патшасы .........................
сақтарға шабуыл жасайды. ............................ есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін жарақаттап, ............................. қашып барып, өзін сақ көсемдерінен ......................... көрген етіп көрсетеді. Ол парсы әскерлерін ............................. , ............................ сусыз шөлге апарады. «Мен сендерді адастырып ......................... ұшыраттым, елімді .......................... 
алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді .............................. келгендеріңді істей беріңдер» деп, .............................. көрсетіп, парсылардан Шырақ кегін алады. Дарий көптеген әскерінен ............................... , еліне ........................... мәжбүр болады. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз ......................................... сақтап қалды.



4. Венн диаграммасын толтыру:
1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері
Көтерілістің ортақ белгілері 1837-1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері
5. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)
Бақытжан Қаратаев Міржақып Дулатұлы 
6. «Бұл сөзді кім айтқан?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау) т.с.с.
7. «Сөзілгек» ойыны. Мұғалім сөзді бастайды, әрі қарай оқушы сөзді жалғастырып кетеді. Мысалы:
- 100 мың жыл бұрын егіншілік .....
- Саналы адам , епті адам .....
- Малды қолға үйрете бастады .....
- Алғашқы еңбек бөлнісі .....
- Ежелгі адам тұрағы .....
Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн.
Сондай-ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.
Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез-келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік. Себебі халық бізге өз балаларын үлкен сеніммен тапсырып отыр емес пе? Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
- Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
- Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
-Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;


- Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;
- Тіл байлығын дамытады;
-Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
- Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
- Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

Мен сабақ беретін сыныптарға тәжірибемді қолданғандағы шыққан нәтиже
2012 - 2013 оқу жылы
сыныптар І - тоқсан ІІ - тоқсан ІІІ - тоқсан IV - тоқсан Жылдық
6 «а» 84% 83,5% 66,5%

2013-2014 оқу жылы 6 «а» 75% 87% 75%
































































Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы әдістемесі . 2012 ж № 7
2. Ғаламтор.Ustaz/kz сайты.

3.С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы,2008 ж.
4. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2,2005ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!