Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Қиын бала қайдан шығады?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне қоллануға болатын материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қиын бала қайдан шығады?

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасындағы тәрбие кешегі дүние есігін «іңгәлап» ашқан сәбиімізден, бал тілді балаларымыздан өсе келе тілазар, тентек, еркетотай, сондай-ақ жасық, қыңыр, тәрбиешілер тілімен айтқанда «қиын» бала қайдан шығады деп аң таң қалмаңыз. Баланың қылығы, әдеті, іс-әрекеті, оның бәрін көргенін қайталайды. Яғни үйдегі тәрбие баланың әдетіне өз таңбасын салып отырады. Мысалы, баланың тоңмойын қыңырлығы, отбасында тым қаталдық, мейірімсіздіктің ізі болса, тәкаппарлық мінез баланы шектен тыс еркелетудің нәтижесі емес пе? Оған ата-ана тарапынан бақылаусыздық қосылғанда баланың тәртіпсіз, «қиын» атануы оп-оңай. Баланы еркелетудің де жөні бар. Кейбір ата-ана «немеремнің алды, кенжем, немесе тұлабойы тұңғышым еді» деп баланың айтқандарының бәрін орындап, шектен тыс еркелетіп жібереді. Шектен тыс еркелеп өскен бала ешкімнің айтқанына көнбейді, ата-анасының өзін тыңдамайды, өскенде еңбекке мойны жар бермейді, тіпті сабаққа да онша құлқы соқпайды. Ондай бала тек өз ойының ғана іске асуын көздеп, біртіндеп өзімшіл, өркөкірек болып өседі. Баланың мұндай жақсы көрудің өзі баланың дұрыс тәрбиеленуіне зиянын келтіреді. Бұл кейін баланың да, тәрбиелеген ата-анасын да әртүрлі әбігерге салады. Кейбір ата-ана баланы әлі жас қой, есі кіргенде өзі жөнделіп алады ғой деп тәрбиені кейінге қалдырады. Кейбіреулер баласына «Тек сен тентектік жасамасаң болғаны, қалаған балмұздағыңды, планшет, телефоныңды» алып беремін, үйге қонақтар келгенде, компьютерді қосып, немесе ұялы телефонды қолына ұстатып, телефоннан әр түрлі бейне баяндарды көрсетіп беріп теріс тәрбие береді. Осы үялы телефонның кесірінен тағы бір елеулі кемшілік, үй ішінде әркім өз ісімен айналысып, қолы тисе WhatsApp, контактіде, Facebook т.б байланыста отырып бір-бірінде шаруасы болмайды, осылайша жас сәбидің, жас ұрпақтың өз бетінше әрекет етуіне жол ашып береді. Бала үздіксіз дамиды, оның танымдық белсенділігі артқан сайын негізгі үлгіні ата-анасынан алады. Баланы танып білсем деген ниетін қалыпты дәрежеде сақтап, танымдық белсенділігін одан әрі күшейту үшін қызығушылығын арттыру маңызды. Ал баланың қызығушылығын ояту үшін үйдегі ата-ананың мінез-құлқы, тәрбиесі, шешуші рөл атқарады.

Ата-ана балаға арнайы уақыт бөліп, әрбір сөйлеген сөзімен, іс-әрекетімен, басқамен қарым-қатынасымен, қимыл-әрекетімен де әсер етіп, тәрбие үздіксіз жүріп жатса, ата-ана қасында қырағы да сезімтал бала барын, оған жақсы да жаман да әдеті тез жұғатынын естен шығармағаны жөн. Мектеп жасына дейінгі балалар сурет салғанды, жапсырғанды, ермексазбен жұмыс жасағанды, құммен ойнағанды жақсы көреді. Сол қасиетті елеусіз қалдырмай, баланың танымын одан әрі дамыту керек. Баланың салған суреті бос ермек емес, оның айналадағы өмірімен қауышуы, түсінік талғамның ашылуы. Сондықтан отбасындағы, балабақшадағы және айналадағылармен қарым-қатынастың дұрыстығы өте маңызды.





Казталов ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің» педагог-психологы Галимова Гулжан Бақтиярқызы











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2021
1876
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12