Материалдар / Баяндама. Қолдан жасалаған қасірет 31 мамыр - саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама. Қолдан жасалаған қасірет 31 мамыр - саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама. Қолдан жасалаған қасірет 31 мамыр - саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2021
620
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

МАҚТААРАЛ АГРАРЛЫҚ колледжі









БАЯНДАМА



Қолдан жасалаған қасірет 31 мамыр - саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні










Орындаған: Шампиева Г.А.







Қолдан жасалаған қасірет 31 мамыр - саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні


ХХ ғасыр басында қазақ халқы аса ауыр қасіретке толы ауыр кезеңді басынан кешірді. Ұлт басына түскен ауыр нәубетті кезеңді қазақ «ұлы жұт» деп атап кеткені де рас. Қазақ халқы санының тең жартысына жуығын жалмап кеткен осынау нәубет туралы талай шындық айтылып, талай сұмдық архивтерден ашылды. Алдымен ашаршылық қолдан ұйымдастырылып, оның соңы ұлттың тұқымын біржолата құрту саясатымен ұштасып, халық жаппай қуғын-сүргінге ұшырады. Осынау қазақтың басында болған қасіретке толы кезеңді ұмытпау, естен шығармау мақсатында 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып келеді. Қазақ елі үшін бұл ұрпақ санасынан өшпейтін қасіретті кезең еді. Сондықтан да, Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы қабылданды. 1995 жылы ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк саясат жөнiндегi Ұлттық Кеңес «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» бекiтті. 1996 жылы 30 желтоқсанда ҚР Президентiнiң «1997 жылды Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы» Жарлығы шықса, 1997 жылы осынау қазақтың басында болған қасіретке толы кезеңді ұмытпау, естен шығармау мақсатында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi деп белгіленді.

Шындығында, бұл кезеңді зерттеу, оған лайықты баға берудің ұлт тарихындағы орны ерекше. 1920 жылдары сол кездегі кеңестік биліктің солақай саясатынан бастау алып, кейіннен қолдан ұйымдастырылған ашаршылық салдарынан болған экономикалық, демографиялық зардаптардың Қазақ халқы үшін аса ауыр болғанын дәлелдеп жату артықтау. Тарихшылар мәліметі бойынша, ашаршылық апаты Алтайдан Атырауға дейінгі аумақты тұтастай шарпып, қазақ халқы жер бетінен ұлт ретінде жойылып кетудің сәл-ақ алдында қалды. Жұрт босты, шетел ауды. Ал осынау қолдан жасалған алапат қазақ ұлтының қаншамасын опырып кетті? Бұған қатысты дәлме дәл, нақпа нақ деректер әлі де нақтылауды, архивтер әлі де аршуды қажет етеді. Дегенмен, зұлматты жылдарға көз жүгірткендер жағаны ұстататын деректерді алға тартады. Айталық, халық жазушысы Алдан Смайыл зұлмат жылдары 3 млн. 200-700 мыңға дейінгі аралықта қазақ қырылғанын алға тартады. «Өткен ғасырдың  әр мұрағаттан төбе көрсетіп қалатын деректеріне жүгінсек, ашаршылық алдымен Батыс Қазақстанды шарпыған.

1922 жылы Орынборда - 437776,

Қостанайда - 252816,

Ақтөбеде - 359326,

Оралда - 277835,

Бөкейде - 100 мың,

Адай уезінде - 75 мың адам аштан қырылды.

Батыс Қазақстандағы халықтың 31,4 пайызы қырылды. Егер осы өлкедегі бес губернияда сол тұста 2 млн. 653300 адам болса, оның 800 мыңға жуығы көз жұмған. Мүрделер өзен бойында, ауыл араларында, елді мекендердің көшелерінде тарыдай шашылып жатты. Бұл жан түршігетін құбыжық көрініс еді», - дейді А. Смайыл. Оның сөзіне қарағанда, 1917 жылы Қазақстанда 5 миллион қазақ болса, оның 1 миллион 500 мыңы 1921-1922 жылдардағы аштықта қырылған. Сонда тірі қалғаны - 3 миллион 500 мың. Ал 1932 жылғы аштықта алғашқы зұлматтан әупіріммен сау қалған 3,5  миллион адамның тең жартысы апат болғаны анық. Ендеше 1939 жылы 1 миллион 750 мың қазақ қана жер басып жүрген. «Тұтастай алғанда, көп деректерден сараласақ әр жылдардағы аштықта Қазақ халқы 3 миллион 250 мың адамнан айырылған. Жанұшырған шындық осындай. Жанталастырған жендет жылдардың ақиқатынан ақылың адасқандай. Біздің осы есебіміздің дұрыс екендігіне шетел ғалымдарының деректері де дәлел бола алады. Батыс зерттеушісі Р.Монвест 1931-1932 жылдардағы ашаршылықта 1 миллион, М.Олкотт 1,5 миллионнан астам адам өлді дейді. Осы жерде «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясындағы» аштық құрбандары туралы мәліметтерге де көз салайық. Энциклопедияда 1926, 1937 жылдардағы санақтарда олқылықтар жіберілгендігі, соның салдарынан ашаршылықтағы адам шығынын дәл анықтауға кедергі келтіріп, әр түрлі пікірлердің өрістеуіне себеп болғаны әділ ескертіледі. 1930-1933 жылдардағы аштық құрбандары 2 млн. 200 мың адамнан асып түсті делінеді. Осы 2 млн. 200 мыңға 1921-1922 жылдардағы зұлматтың 1 млн. 500 мың боздағын қоссаңыз, 3 млн. 700 мың болып шығады. Сонымен жыртқыш жылдардың адам шығыны - 3 млн. 200 мың немесе 3 млн. 700 мың. Кейбір тарихшылар шетелдерге ауды деп есептейтін 1 миллион адамды осы көрсеткішке қоссақ та, одан аштықтың қасіреті азаймайды.

Дегенмен, бұны соңғы дерек деуден аулақпыз», - дейді А. Смайыл. Осынау қасаң жылдардағы қасіретті кезеңнің 1932 жылы шарықтау шегіне жеткені де шындық.

Сондықтан да, Елбасы Н. Назарбаев ұлт басындағы қасіретті жылдарды естен шығармау қажеттігін айтып, 31 мамырды атаулы күн ретінде белгілеген. Ал Астанадағы ескерткішті ашуға қатысты жасаған Үндеуінде Елбасы: «Біздің барша халқымыз үшін бұл күн ерекше тарихи мәнге ие. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Қазақ халқының көрнекті перзенттері - Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин және басқа да көптеген саңлақтарымыз қуғын-сүргін құрбандары болды. Қатал тоталитарлық жүйенің барлық ауыртпалығын қазақ халқымен бірге жер аударылған 1,5 миллион неміс, поляк, корей, шешен, түрік, грек және басқа да халықтар өкілдері көтерді. Зұлмат заманға қарамастан, барынан айырылған жандар біздің жерімізден жаңа баспана тауып, жан жылуына, түсіністік пен қамқорлыққа ие болды», - деген болатын. Шындығында, бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Қолдан ұйымдастырылған ашаршылықпен қоса, кеңестік солақай саясаттың ашықтан ашық құрбанына айналғандары қаншама. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Деректерге қарағанда, 1921-1953 жылдары аралығында Кеңес халқының 5,5 млн. азаматы қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 642 980-і атуға кесілген. 2 369 220 адам кемі 5 жыл немесе 25 жылға лагерьге айдалды, түрмеге қамалса, қалғаны ұзақ мерзімге жер аударылған. Айта кетерлігі, саяси сүрең жылдары тұтқындарды қамау үшін 53 лагерь құрылған, ал түрмелердің саны 30 мыңнан асып жығылған. Қазақстанда Карлаг, Степлаг, Алжир деген атаумен арнайы лагерлер құрылған. Ал жалпы 1937-1938 жылдары аралығында Қазақстаннан 103 мыңнан аса адам қуғын-сүргінге ұшырады. Солардың 25 мыңы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат, экономика мен білім саласының қайраткерлері болды. Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысы қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әр түрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады. Расында, «мың өліп-мың тірілген» қазақ халқы талай нәубетті бастан кешіп, сонда да құрдымға кетпестен амандықта сақталып, мәңгілігін дәлелдеді. Осындай солақай саясаттың құрбандарын ақтау, оларға қатысты тарихи шындықты дәлелдеу жолында да қаншама арыстарымыз құрбан болды. Ендеше, ұлт үшін өмірін қиған, жазықсыз жапа шегіп, айыпсыз атылған боздақтардың рухына тағзым ету - біздің парыз. Мемлекет басшысы өзінің бір сөзінде: «Репрессия жылдарында аяулы да абзал азаматтарымыздың жойылғаны - қара таңба, біздің ғасырлар бойы ұмытылмайтын қасіретіміз» деген болатын. Сондықтан да ұмытылмайтын қасіретімізді ұрпақ жадында мәңгіге қалдыру шараларын тереңдете түсудің маңызы зор. Ендеше, ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ұлы қырғынға ұшыраған ұлтымыздың ұландарын еске түсіріп, олардың рухы алдында ілтифат білдіргеніміз абзал.    



Қолданылған әдебиеттер:


1. Қозыбаев М.А. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 272 б.
2. Нақымжанұлы Ә.Б. қыңырлатқан партия жолына. – Алматы: Еңбекші қазақ, 1999. – 245 б.
3. Махат Д. А. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде «оңшылдық» және ұлтшылдыққа айыптау: тарихы және салдары. – Алматы: Атамұра, 2002. – 126 б.
4. Ф. Голощекиннің Алматыдағы партия белсенділерінің жиылысында жасаған баяндамасы. // Еңбекші қазақ. – 1930. – 15 қазан. – №228
5. Төлеубаев Ә. М. Қазақстан тарихы.Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселері. – Алматы: Мектеп, 2007. – 304 б.
6. Жақып Б.Ө. Қазақ энциклопедиясы. – Алматы: Атамұра, 2011. – 880 б.
7. Нүрпейісов К. Б. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 256 б.
8. Қойгелдиев М.А. Қыңырлатқан партия жолына// http://kk.m.wikipedia.org.kaz8452fg/,



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!