Материалдар / Баяндама Қ.Қайсеновтың "Жау тылындағы бала" повесін оқытуда қолданылған тиімді әдіс-тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама Қ.Қайсеновтың "Жау тылындағы бала" повесін оқытуда қолданылған тиімді әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту , терең білімді ,бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2023
410
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе бөлім.

Ұстаз үшін ең маңызды мақсат - әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып келген, оқушылардың білім сапасын көтеруге жағдай жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға, сабақ уақытын ұтымды пайдалануға, оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін белсенді оқыту әдістерін қолдана білу.

Оқытудың белсенді оқыту әдістері-бұл оқушының танымдық, практикалық іс-әрекет белсенділігін арттыратын , негізінен оқушы мен оқытушының арасындағы белгілі бір мәселені шешуге бағытталған диалог болып табылады. Белсенді оқыту-қазіргі педагогикалық ізденістердің негізгі ірі бағыттарының бірі болып табылады.

Оқытудың белсенді әдістері –оқу материалын меңгеру үдерісіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.Сапалы білім беруде белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып, қазіргі қоғам талабына сай терең білімді , бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші,сабаққа белсенді қатысатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Оқытудың жаңа әдістерін қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру. Сонымен қатар белсенді оқыту әдістерінің біріне сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2. Сенімділікке тәрбиелеу.

3. Қиялын дамыту « менің ойымша» деген сұраққа жауап алуға жағдай жасау.

4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.

5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

7. Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір – бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастайды. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастайды.

Бұрын шығарма, мазмұндама, жоба жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.

Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой – толғанысын жасап өз ойын жазбаша, ауызша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру.

Белсенді оқыту әдістері пассивті оқыту әдістерінен былайша ерекшеленеді:

1.мәжбүрлі түрде ойлау қабілетін белсендіру әдісі қолданылады,

2.оқушы қалауынан тыс белсенді болуы керек;

3.студенттер оқу үрдісіне айтарлықтай ұзақ уақыт қатыстырылады, себебі олардың белсенділігі қысқа уақытты немесе эпизодты емес, айтарлықтай дәрежеде тұрақты және ұзақ (барлық сабақ кӛлемінде) болуы керек. Белсенді оқыту кезінде өзбетінше қатысушыны шығармашылық шешім қабылдауға жігерлендіреді, эмоционалды және мотивация дәрежесі артады. Тікелей және кері байланыс арқылы оқытушы мен студенттің тұрақты түрде өзара байланысы жүзеге асырылады.

1.Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушының өз ойын еркін дәлелдей алуына жағдай жасау.

2.Белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушы жүрегіне жол табу, сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу.

Белсенділіктің 3 деңгейі:

1.Қайта жаңғырту белсенділігі-оқушының білімді түсінуге, есте сақтауға, қайта жаңғыртуға тырысуы, яғни, үлгі бойынша пайдалану тәсілдерін меңгеруі.

2.Интерпретация белсенділігі-оқушының оқытылған материалдың мәнін түсінуге, осы ақпараттардың арасындағы байланысты түсінуге тырысуы, яғни, ақпаратты үлгі бойынша емес, өзгертілген жағдайда пайдалану тәсілдерін меңгеруі.

3.Шығармашылық белсенділік- оқушының мәселені шешу жолдарын өз бетінше іздеуі, яғни, танымдық қызығушылығын көрсете білуі. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші,сабаққа белсенді қатысатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Оқытудың белсенді оқыту әдістері белгілі оқу құрал жабдықтармен іске асады.Сабақтарымның барлығында да АКТ, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолданып отырамын және бұның қазақ әдебиеті сабақтарына оңтайлы екенін ұғындым.  Мектептегі тәжірибемде тақырыптарды   меңгертуде сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің «ДЖИГСО», «Коллаж әңгіме» , «Эйлер шеңбері», «Кейіпкер келбеті», «Кім кінәлі», «Бір айналым сөйлесім», «Топтастыру», «Көршіңізге айтыңыз», «Топтық тергеу», «Кейіпкерлерге мінездеме», «Дара диаграмма», «Галереяға шолу», «Еркін жазба» «Постер құру», «Түймедақ» «Кейіпкер әлемі» әдісі пайдаланылды.. Сондай-ақ өзара пікір алысу, талдау, талқылау туғызу үшін сабақтарымда топтық жұмысты ұйымдастырдым және топқа бөлуді әр сабағымда тақырыпқа сай түрлендірілді.. Аталған стратегияларды пайдалана отырып көп жетістіктерге жетуге болады.

Қоланылған әдістер:

1.«ДЖИГСО»- әдісімен ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді

2. «Коллаж әңгіме» - сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинауға ықпал етеді

3.«Эйлер шеңбері»- тақырып бойынша негізгі идеяларды жинақтап жазу

4.«Кейіпкер келбеті» -оқушылардын өз идеяларын дәлелдеуде көмектеседі

5.«Кім кінәлі» -проблемалық сұрақтар құрастыруға өз беттерінше ойлауға ықпал етеді

6.«Бір айналым сөйлесім» кері байланыс жасауға қолданылады



7.«Топтастыру»- тақырыпты ашуға немесе кейіпкердін бейнесін ашуға қолданылады

8.«Көршіңізге айтыңыз»- әдістемесі оқушылардың өз ойларын ауызша білдіруі үшін қолданылады.



9.«Топтық тергеу»- өз көзқарасын қосып баяндай алуға көмектеседі

10.«Кейіпкерлерге мінездеме»- шығарма кейіпкерлері мінездеме беруге ыңғайлы

11.«Дара диаграмма»- автор бейнесін немесе кейіпкер бейнесін ашуға тиімді

12.«Галереяға шолу»- өз ойын еркін жеткізіп суретті мазмұндауға ыңғайлы

13.«Еркін жазба» - шығармашылық ойлауға және өз бетінше ізденуге ұмтылтыруда қолайлы

14.«Постер құру» - зерттеушілікке ыңғайлы

15.«Түймедақ» -пайымдау, сараптау, ізденуге ұмтылтыруға ыңғайлы

16.«Кейіпкер әлемі» -оқыған шығармадағы кейіпкерлермен тереңінен танысуға қолайлы

Мысалы, 7-сыныпта Жауынгер жазушы Қасым Қайсеновтың « Жау тылындағы бала » повесі төрт сағатқа берілген. Бірінші сабағын өткен кезде алдымен оқушыларға Қ. Қайсеновтің өмірі жайлы тірек-сызбаны қолданбастан бұрын «Қоллаж әңгіме» әдісін қолдана отырып, әр топтың екі-үш оқушысынан суреттегі бейнелер кімдер және олар жайлы не білетіңдерін сұралады.

Тиімділігі: коллаждағы суреттерді көре отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашуға бағыт алады.



  1. Ұлы Отан соғысы ,азаматтық соғыс ардагерлерінің және басқа да соғысқа қатысты суреттерді тізбектей көрсетету барысында балардың ой көзғауы, өзіндік сөйлеу қабілеттері, суреттердің сырын ашуда байқалды. Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала» мәтінінен үзінді тыңдаңыздар және оны тақтадағы суреттермен байланыстырып, мен қойған сұрақтарға жауап беріңіздер

  2. Біздің Оңтүстік өңірінен шыққан Ұлы Отан соғысы батырларын білесіңдерме?

  3. Үзінді не туралы?

  4. Ұлы Отан соғысы туралы не білеміз?

  5. Азамт Соғысы туралы білетіңдерің бар ма?

  6. Осы азамат соғысы қай жерде және оған қатысқан ауылымыздан шыққан ардагерлерді кім атап өтеді?

  7. Оқиғаның кейіпкерлері кім?

  8. Олардың балалық шағы қалай өтуде?

  9. Адамның балалық шағы қалай өту керек?



Нәтижесі: Бала жан-жақты ойлауға дағдыланады, сөздік қоры дамиды

Осы жинаған мәліметтер арқылы сабақтың тақырыбына шығу.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Топқа бөлу:Түрлі-түсті стикерге жасырылған сөздер арқылы бөлінеді. «Бейбітшілік», «Жеңіс», «Жауынгер».

  1. Мағынаны таныту

Сабақтың «Мағынаны тану» кезеңінде мұғалім басты бағыт беруші де, оқушы белсенді рөл атқаруы тиіс. Мысалы, әдебиет сабағында оқушыны көркем әдебиет үлгілерінің мәтінімен, өлең мәтінімен таныстырғанда мұғалім мазмұндап бермей, оқушы өзі оқып, талдау кезінде түрлі әдістер арқылы тақырыбы мен идеясын ашып, кейіпкерге мінездеме беруге, жан-жақты талдауға, салыстыруға болады.

Мысалы, Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы» повесіннің бірінші сабағын өткенде «Коллаж әңгімесі»,«ДЖИГСО» «Топтық тергеу», «Бір айналым сөйлесім», «Кейіпкерлерге мінездеме» «Көршіңізге айтыңыз» ,



1-тапсырма:

«ДЖИГСО» әдісі . Топтарға мәтін бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп, қолдарындағы мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды.

1-қадам. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап, тақырып бойынша білімді өзектендіріңдер;

2- қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп аладыңдар

3- қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (11-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа ,2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа т.с.с)

4-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жаса, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілеңдер.

5-қадам. Өз топтарына барып сараптау тобында талқылап келген тапсырманы түсіндіріңдер, өзара сұрақтар қойыңдар.

Дескриптор.

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды,сараптау жұмысын жүргізеді

  2. Өдері оқып шыққан үзіндіні талқылайды,сараптайды, түсіндіреді, сұрақтар қояды



КБ «БАҒДАРШАМ»

Тиімділігі : Топтық,жұптық жұмыс жандандырады,өзіндік ізденіспен шығармашылық қабілеті артады.

Мәтіннің негізгі мазмұны соғыстың басталғаны ел басына қиын күн туғаның үғады.



2- тапысрма

«Топтық тергеу» әдісі

Тиімділігі: Мәтіннің мазмұнына өз көзқарасын қосып баяндай алады, кейіпкерлерге мінездеме бере отырып проблемалық сұрақтар құрастыра алады.

  1. «Бейбітшілік»- Баяндап берушілер-әңгімені оқып, мазмұның өз көзқарастарын қосып баяндау;



Серіктің анасы Жамалдың оққа ұшуы, Серіктің аянышты қалі, Анна Ивановнамен еріп кетуі.

2.«Жеңіс»- Зерттеушілер- Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру;

«Кейіпкерлерге мінездеме»

Әңгіме кейіпкерлері

Мінездеме

Қазақ баласы Серік

Отаны үшін аянбаған, әкесімен жүздесуді армандаған

Мейірімді ана Анна Ивановна

Мейірімді,еш нәрседен тай салмайтын

Боря

Адал дос, Серікке қамқоршы



2.«Жауынгер»-Сұрақ құрастырушылар –әңгімені оқып проблемалық сұрақтар дайындайды;

«Көршіңізге айтыңыз» әдісі

«Көршіме айтамын» әдістемесі оқушылардың өз ойларын ауызша білдіруі үшін қолданылады.

1.Қазақ баласының адам құлағы бұрын естімеген жерге тап болуына не себеп?

2.Сен қалай ойлайсын тек қана жетім қалған балаларға ғана қамқорлық жасау керек пе ?

3. Анна Ивановна Серікті өзімен бірге алып кетпей-ақ сол жерге тастап кетсе болмаспа еді ?



Дескриптор:

1.Мәтіннің мазмұнына өз көзқарасын қосып баяндайды

2.Кейіпкерлерге мінездеме береді

  1. Проблемалық сұрақтар құрастырады



КБ «Күлегештер»



Нәтижесі: Өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді,кейіпкер мінезіндегі жақсы қасиеттерің өз бойына сіңіре алады,баланың өзіндік ойлау қабілеті дамиды.



Екінші сабақтың тақырыбы: «Сұрапыл соғыс азабы»

Оқу мақсаты:7.1.4.1. Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып үзінділерді жатқа айту

Екінші сабағымда «Эйлер шеңбері», «Сұрақтар жаңбыры», «Топтастыру»,«Кейіпкерлер әлемі», «Менен сұрақ, сізден жауап» әдістерін қолдандым.

Сабақ өту барысында ширату жаттығулары арқылы ұйымдастыру кезеңінде «Жойылсын соғыс» әні орындалды.Әр тұлғаның бойына отан сүйгіштік, патриоттық, елжандылық қасиеттерді ұялата отырып «Мозайка» әдісі арқылы «Барлаушы Серік», «Мейірімді ана», «Батыл Борис» атты топтарға біріктірілді.

Қызығушылықты оятау мақсатында «Сұрақтар жаңбыры» әдісімен өтілген сабақты жаңа сабақ пен байланыстырады.

Жаңа сабақ:

Сабақ «Сұрапыл соғыс» тақырыбында көрсетілген бейнебаян желісі бойынша топтық жұмыс жүргізілді.

І топ «Эйлер шеңберіне» -тақырып бойынша негізгі идеяларды жинақтап саралаңдар.









ІІ топ «Топтастыру» әңгіменің бас кейіпкері Серіктің бейнесін топтастырады.





ІІІ топ « Кейіпкерлер әлемі» Оқулықтағы «Жау тылындағы бала» үзінді әңгімесінен кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінезін анықтаңдар.

Мақсаты: оқыған шығармадағы кейіпкерлері туралы кестені толтыру. Белгілі бір уақыт ішінде кесте толтырылуы керек. Хрестоматиядан оқыған шығармаларды да пайдалануға болады.


Шығарма атауы

Авторы

Кейіпкері

Қандай?

Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды?

Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір.









Шығарма кейіпкерлері

  • Серік – жас партизан, патриот, тапқыр ,қырағы, батыл, қайсар, жасы онда, барлаушы. Өскенде атты әскер командирі не артиллерист болғысы келеді.

  • Анна Ивановна – Бористің анасы, партизан, комиссар Совченконың жұбайы.

  • Борис – партизан, жасы Серікпен шамалас. Серіктің жан досы.

  • Константин Иванович Спижевский –командир, жасы 24-25те, қара торы, бұйра шаш, денелі, сымбатты жігіт. Ақылды, ұстамды, сабырлы. Партизан соғысын әбден меңгерген адам. Туған ауылы Григорьевка селосы. Петреяслав, Канев аудандарындағы астыртын ұйымдарды, ірі партизан отрядының бір батальонын басқарады.

  • Иващенко – Анна Ивановнамен педагогикалық институтта бірге оқыған.

  • Жомарт - Серіктің әкесі





Дескриптор:

1.Тақырып бойынша негізгі идеяларды жинақтайды, саралайды.

2.Өз тұжырымдамаларын жеткізеді, кейіпкер бейнесін жазады.

3. Әңгіме кейіпкерлеріне талдау жүргізеді

Тиімділігі: Кейіпкерлерге талдау жүргізге отырып топ мүшелері кейіпкер келбетін ашты.



Үшінші сабақтың тақырыбы: «Қазақ баласының тағдыры»

Оқу мақсаты: 7.2.2.1. Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Үшінші сабақта «Галереяға шолу», «Еркін жазба» «Постер құру», «Дара диаграмма», «Түймедақ», «Білім қоржыны», «Білім» ағашы әдістері қолданылды.

Үшінші сабақтың ұйымдастыру кезеңін «Қаһарман», «Батырлар» сөзі жасырынған түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа біріктірілді, психологиялық ахуал қалыптасты. Топтық жұмыс «Галереяға шолу жасау» әдісі арқылы жүргізілді. Оқушылардың үйден салып алып келген «Ерліктеріңіз жүрегімізде» тақырыбындағы суреттерін алдын-ала сыныпқа іліп қойып өздеріне бағалату. Соның ішінде ең үздік деп танылған оқушының суретін ортаға шығарып, суреті туралы шағын мазмұнын тыңдау/



770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!