400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: Құзыретті ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Құзыретті ұстаз болу – бүгінгі күннің талабы. Қоғам өзгеруде, қоғаммен бірге адам да өзгереді. Соның ішінде тәрбие мен білім саласындағы мұғалімдер жаңалықтың жаршысы бола білу керек. Сол реттегі деңгейлік курстар мен жаңартылған білім беру мазмұнындағы әдіс-тәсілдердің мұғалім құзыреттілігіне қаншалықты әсер ететіндігі жайлы баяндалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогикалық кеңесте жасалған баяндама

Тақырыбы: Қ ұ з ы р е т т і ұ с т а з

2019-2020 оқу жылы

Дайындаған: Каримова Салтанат Кенесхановна қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ

Қ ұ з ы р е т т і ұ с т а з

Қ ұ з ы р е т т і ұ с т а з б о л у – бүгінгі күннің талабы. Қоғам өзгеруде, қоғаммен бірге адам да өзгереді. Соның ішінде тәрбие мен білім саласындағы мұғалімдер жаңалықтың жаршысы бола білу керек. Мұғалім мамандығы үнемі ізденісте болуды, өзгеруді талап етеді.

Мемлекетімізде білім саласында көптеген өзгерістер болуда. 2012 жылдары мұғалімдердің үш айлық деңгелік оқу курстары басталды.

Мақсаты: мұғалімдерге тәрбие арқылы білім берудегі жаңаша әдіс-тәсілдерді игерту басшылыққа алынды. Бұл да алғашқы ұстаз мәртебесін көтерудегі үлес болып табылады.

Қ ұ з ы р е т т і ұ с т а з

  • Қазіргі заманауй ақпаратты қолданатын білетін

  • Ақпарат алатын құралдарды қолдануды игерген

  • Сол ақпаратты талдай алатын

  • Өңдей алатын

  • Ақпаратты қолданып мақсатқа жететін...

М ұ ғ а л і м қ ұ з ы р е т т і л і г і

Шығармашыл ұстаздың

  • Жан дүниесі рухани бай

  • Біліктілігі мол

Қабілетті

  • Кәсіптік тұрғыдан жаңалыққа жаны құштар

  • Жаңартылған білім беру мазмұнындағы әдіс-тәсіледерді игерген

Сыни тұрғыдан ойлау модулі

Бұл модульдің негізгі идеясы – тәрбие арқылы білім беру. Қатаң тәртіпті талап етеді. Мысалы, оқушының мұғаліммен сабақты жоспарлауы жатады. Жұпта, топта өзін көшбасшылық тұрғыдан көрсеткен әрі сыни ойлайтын оқушы сабақ жүргізуге ниет етеді. Топта тәртіп ережесін өздері құрады. Олар өз ережелеріне бағынады.

Ұтқыр ойлау үшін мұғалім оқушыны дамытатын тапсырмалар ретін бергені жөн. Мысалға, 10-сыныпта «Қаныш Сатпаев осы қоғамда өмір сүрсе, мемлекетке қандай пайда келтірер еді?» деген сұрақ берілді. Оқушылар жауабы: мәдениет, тарих салаларына да әлемдік үлкен үлес қосар еді. Себебі ол кісі осы салаларды да зерттеген болатын деп жауап берді. Сол секілді білім саласына, индустрияларды дамыту саласына да қомақты үлес қосушы еді деген тұжырымды ойларын айтты. Осындай тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни көзқарастарын дамыта түсуге болады. Осындай реттегі сұрақтарды өздеріне құратқан дұрыс. Сол секілді зерттеушілік жұмыстың да пайдасы зор.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз – ойлау туралы ойлану. Ой қозғай отырып, өзгелердің ойына сыни қарау. Саналы шешім қабылдауға үйрету.

Қарсы пікір айтатын оқушы сыни ойлай алады. Сондықтан ол оқушымен жұмыс жасау керек. Қарсы пікірін дәлелдей алуы керек. Дәлелдеуіне жағдай жасау қажет.

Бұдан шығатын қорытынды сыни ойлайтын оқушы функционалды сауатты; реттелген және жеке тұлға ретінде қалыптасады.

Деңгелік курс жалғасы ретінде Жаңартылған білім мазмұнына көшу басталды. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу – функционалдық сауаттылықтарын арттыру және кең ауқымды дағдыларға үйрету

Дағдылар:
Айтылым біздің оқушыларда жақсы қалыптасқан.

Тыңдалым жағы аз. Бұған мектепте ғана емес, үй тәрбиесі де қажет.

Оқылым тапсырмасын бергенде мәтінде берілген сұрақтарды бірінші оқытқан дұрыс тәсіл болып табылады. Бұл оқушылар үшін де өте қолайлы. Әрі уақытты үнемдейді.

Жазылым бізде мақала мен эссе жұмысы беріледі. Эссе жұмысының дәстүрліден ерекшелігі сөз саны емес, уақытпен берілгендіктен, 10 минут берілсе, 10 сөйлем берген жөн.

Әдіс-тәсілдердің түрі өте көп. Бірақ әр мұғалім өзінің шеберлігіне, сыныптың деңгейіне, сабақтың мақсатына сай тиімдісін алғаны жөн. Бастысы – сабақ мақсатына жету.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.11.2021
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі