Материалдар / Баяндама, Родничок кіші тобы

Баяндама, Родничок кіші тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерте жастағы балаларды балабақшаға тез бейімдеуге арналған кеңес. 2-3 жастағы балаларды үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2022
365
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАҒА ТЕЗ БЕЙІМДЕУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕС

Қарсыбек А.Н.

ЖШС «Омар Стом», «Айым» балабақшасы, Семей қаласы

+77025449410, ars.nurlanovna@bk.ru

2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.

Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды.


Қандай себеп салдарынан балаңыз балабақшаға қиын бейімделеді?


Бірінші және маңызды себеп: балаңыз бұрын соңды басқа адаммен қалып көрмегендіктен.

Екінші себеп: дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.

Үшінші себеп: кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ болғандықтан, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбегендіктен.

Төртінші себеп: балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшаға қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

Ата-аналардың балаға эмоционалдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар, жеңіл түрі - баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді. Орташа ауырлық бейімделу - 1 айдың ішінде, ауыр бейімделу - 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-ананың қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-ана балаға көмек беруі керек

Балабақша - баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы, себебі анасы тәулігіне 24 сағат бойы қасында болмайды және мұнда оны күткен өзі құралпылас балалардан, бала күтушілер мен тәрбиешілерден тұратын үлкен жаңа ұжым бар. Балабақшаға бейімделу кезеңі әр балада сан алуан сипатта өтеді. Қалай болғанда да, ата-анасынан 6-8 сағатқа ажыраудың өзі балаға ғана қиын емес, оның анасы үшін де күйзелісті жағдай. Тәрбиешілер қаншалықты қамқор болса да, олардың ешқайсысы ана махаббаты мен оның айрықша ықыласына бөлендіре алмайды, себебі тәрбиешілер «екінші ата-ана» әрі орта есеппен 15-20 балаға ортақ. Кез келген ата-ана мұны жақсы түсінеді, әйтсе де баланы өмір бойы жанында ұстау мүмкін емес, өйткені ол өмірдің жаңа сатыларымен танысып, жаңа дағдылар, өмірлік тәжірибе жинақтауы тиіс.

Балаңыз жаңа ортаға тез және ауыртпалықсыз бейімделу үшін не істеу керек?

- Үйдегі жағдайды балаңыз баратын топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға тырысыңыз.

- Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз.

- Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, дәретке сұрану.

- Балаңыздың әлеуметтік қарым-қатынасын кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, әжесінде қонуға қалсын т.с.с. Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.

- Балаңызбен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылулық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

- Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай – ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.

-Балабақшаға бірінші келген күні, балаңызды балабақшада ұзағынан қалдырмауды жоспарлаңыз. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3 – 4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдыруға болады.

- Кейбір балалар, тәрбиеші кеңес берген жағдайда, аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.

- Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде балаңызбен көп шұғылданыңыз, серуен жасаңыз, күн режимін сақтаңыз, эмоциялық жүктемесін түсіріңіз.

- Бала балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. ОРЗ, ОРВИ сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксолин мазмен сылап тұру қажет.


Егер Сіздің балаңыз көпшіл, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса балабақшаға келген бірінші күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз. Балаңызды балабақшаға бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.



Балаңыз барып жүрген балабақшаны ұнатуыңызға көмектесетін қарапайым ережелерді басшылыққа алғаныңыз жөн:

Тәрбиешімен жақсы қарым-қатынаста болу. Балаңыздың әлдеқандай дағдылары немесе кейбір азық-түліктерге аллергиясы жайлы ескертуді ұмытпаңыз. Баланың жетістіктеріне шынайы қызығушылық таңытыңыз;

Қиын жағдайлардың бірі – таңертең баланың ата-анасынан жылап қалуы. Сіз балаға, оны тек бірнеше сағатқа ғана қалдыратыңызды және солай болу керек екенін түсіндіріп, жақсы көретіңізді айтып, белгілі бір уақытта міндетті түрде алып кетем деп айтқаңыңыз жөн. «Қоштасу көрінісін» созбаңыз. Ата-ана кеткеннен соң, бала бірнеше минуттан кейін тынышталады. Бала жыламай, тыныш қоштасқан күндері, балаңызды мақтауды ұмытпаңыз;

Балабақшаға бейімделу кезенінен бала ғана емес, ата-ана да өтеді. Ең алдымен, өзіңізді «кіңәлімін» деп есептемеңіз. Баланы балабақшаға беру мәселесіне өте қатты уайымдайтын болсаңыз, бала оны «сезіп», сізбен қоштасарда қиналады. Баланың көз жасына қарамай кеткенініз үшін, өзіңізді құбыжықтай сезінбеңіз;

Баламен әрқашан әңгімелесіңіз. Бақшада қандай жақсы сәттер болғаның, не үйренгенің, кіммен ойнағаның, не істеу қиын болғаның сұрап, білген жөн. Баламен қаншалықты жақын сөйлессеңіз, қарым-қатынасыңыз да соншалықты жылы болады.

Ата-анамен жұмыс баласын балабақшаға әкелместен бұрын басталуы қажет. Баласын тіркеу барысында ата-ана балабақша тәртібімен, баласына сол ортаға үйренуіне қандай көмек көрсету керектігінен хабардар болуы қажет



2-3 жастағы нәресте ойыншықпен ойнауға, басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге, қалағанын сұрауға, ойын жеткізуге, сезімін білдіруге қауқарсыз. Бөгде адамдардан қорқатын да балалар кездеседі.

Тәрбиешілер үшін де топқа жаңа балалардың келуі - үлкен сын. Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас, достыққа негізделген берік орта қалыптастыру керек. Одан кейінгі талаптар, оқу үрдісі, жеке басына қызмет көрсету тағы басқасы толықтырылып отыратындықтан, бала ортаға тез бейімделеді.

Балабақша табалдырығын алғаш аттаған бала, балабақшаға тез бейімделу үшін, тәрбиешінің әрекеттері қандай болу қажет?

  • Тәрбиеші баланы алғаш көргеннен бастап жылы жүзін көрсету;

  • Бала өз бетімен жасаған әрекеттерін мадақтау;

  • Баланы балабақша күн тәртібіне біртіндеп үйрету;

  • Ешқашан баланы қорқытпау, балабақшаның кейіпін жағымды етіп жасаған маңызды;

  • Баламен адал, таза болу қажет;

  • Балаға ойыншықтарды талқылауға көмектесу, сюжеттік көріністі, ортақ әрекеттерді көрсету, баланы ортақ ойындарға қатыстыру;

  • Басқа адамға бет бұруға, ойыншықтармен бөлісуге, жылағанды аяуға т.б. үйрету;

  • Баланың ата-анасымен жақсы қарым-қатынаста болу;

Ең бастысы, тәрбиеші болсаңыз, сізге келген әр-бір баланы өз балаңыздай көріңіз! Мейірімді болыңыз! Ұмытпаңыз! Бала дегеніміз – ол ПЕРІШТЕ! Жасап жүрген жұмысыңызды сүйіңіз! Періштелердің жанында жүргеніңізге риза болыңыз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ