«САУАТ АШУ» ПӘНІН ОҚЫТУ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ПАЙДАЛАНУ
Қозыбаева Н.А., бастауыш сынып
мұғалімі
«Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы»
КММ
(Қазақстан Республикасы, Абай
облысы)
Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға
оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуге тиіс. Сауат ашу сабақтарында ойынды
ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Ойын
арқылы оқу процессін жандандырып, сабақтың
сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Балалның
сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз
мағынасында қолдануға, тез жылдам сөйлеуге
жаттықтыруға ойын бірден – бір таптырмайтын құрал. Өзімнің іс
тәжіриебемнен сабақ үрдісінде пайдаланатын
ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме
болады.
Бала ойын ойнап үйренеді. Сауат ашу сабағында
жаңа дыбыспен таныстыруда «Сөз ойла, тез ойла» ойынын өткізуге болады. Ойында сөзді дұрыс
айтқан балаға текшелер беріледі. Кім көп текшее
жинайды сол жеңімпаз атанады.
Т
дыбысы мен әрпін өткенде «Сен жалғастыр» ойынын ойнатуға болады.
Ойынның мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрауға,
зейінділікке баулу. Мен балаларға сөздің басқы буынын
айтамын, ал оқушылар оны аяқтайды.
Мысалы:
ПА-НА ТА-НА А-ТА АЛ-МА т.б.
«Кім жақсы тыңдайды?» Мақсаты: Есту зейінділігін,
қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті
сөздерді дұрыс белгілеп үйрету. Ойын барысы: Екі
баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу,
топқа қырынмен, тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Алдияр тек ш дыбысын естігенде
қолын көтереді, ал Алтыншаш ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы
қайталату.
Сөздер: айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан,
қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық,
жұмыртқа, құлып.
«Қандай дыбыс барлық сөздерде бар?» Мақсаты:
қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты
белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау.
Ойын барысы: Тәрбиеші үш – төрт, барлығында
бірдей дыбыс бар сөздерді айтады: шана, ағаш,
күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде
қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын
айтады.
«Сөздегі соңғы дыбысты айт» Мақсаты: қабылдауын
дамыту.
Көрнекі құрал: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас,
тіс, күз, мұз, тұз, бас ). Ойын барысы: Мұғалім
суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын
сұрайды.
Мектепалды даярлық сыныпта қарапайым ғана ойын
түрлерін ойнатсақ, сынып жоғарлаған сайын, ойынның мазмұны да баланың жас
ерекшелігіне сай пайдаланған дұрыс. Оқушылардың
психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, мінез құлқы,
темпераменті, қабілеті, қызығушылықтары да әр
түрлі. Баланың дамуына отбасының әлеуметтік жағдайлары
да әсер етеді және балалардың даму процестері де әр түрлі
болады. Жылдың басындағы және екінші
жарты жылдықта сауат ашу сабағы бойынша оқушылардың білім сапасының
өскенін көруге болады. Жылдың басында білім сапасы 35%, ал
екінші
жартыжылдықтың басында 58% көрсетіп, білім
сапасының жоғарлағанын байқатты. Яғни, ойын
технологиясын сабақтарда пайдалану тиімді деп
айтуға болады.
Қорыта айтқанда, сабақтарда ойын элементтерін
неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтеді. Кез-келген ойын
түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп
оқушы ой-өрісін ойын арқылы дамытады.
Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне
өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен
қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы
болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған
ортаны танып білу, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде
қалыптасады.
Ойындар-оқушылардың сабаққа белсенділігін,
қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз
ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай
ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы
баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние
туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің
маздап жанар оты», – деген
екен.
Олай болса жас бүлдіршіндерді
оқытуда:
Оқы
да біл,
Ойын – еңбек.
Ойна да күл,
Ойын – оқу,- деп сөзімді аяқтағым
келеді.
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия,
лицей, т.б.) «білім алуды үйрету» ұстанымын
негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен
білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы
жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және
зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру
көзделеді.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді
қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен
әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі,
олар:
зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін,
нені білгім келеді, нені білдім» тұрғысынан өз
әрекетін талдауға үйренеді);
әрекеттік тәсілдеме (оқушылар оқу әрекетінде
меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді);
дамыта оқыту (оқушылар өзінің іс-әрекетін
жоспарлау және басқару жолын үйренеді). Әдебиеттер
1.
ҚР Президентінің 2014 жылы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» – Жолдауы.
2.
Жонтаева Ж. Оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту // Білімді ел. –
2016. – № 15.52.
3.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде
мектептердегі «Қазақ
тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының
біліктілігін арттыру курсының білім беру
бағдарламасы
//
екінші басылым, 2016.
4.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, екінші басылым,
2015.
5.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.