Талантты және дарынды
балаларды дамытудағы байқаулардың, шығармашылық көрмелердің
рөлі
ХХІ ғасыр –білімділер
ғасыры.Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты
қалыптастыру- мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі болып отыр.
Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда жақсы
көрініс тапқан. Мысалы, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас
Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқықтары туралы» конвенцияның 29,31
баптарында қатысушы мемлекеттер баланың «… жеке тұлға ретінде
дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік
қабілеттерін барынша толық дамытуға, …келіседі», «…Білім алу
тұлғалық, дарындық, саналық және шығармашылық қабілеттің барынша
дамуына бағытталуы керек »
делінген.
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет
«Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның
дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны
белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі
дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар
даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды
балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде
қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының
еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы
әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі.
Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан
ойшылдарын да толғандырған мәселе.
Қабілет-дәреже әр адамда әр
түрлі денгейде болады.Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау
мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің
түрін дарындылық деп атайды.Біреулер
«Дарындылық-іс-әрекеттің белгілі бір салада ерекше жетістіктере
жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі»
десе, енді біреулер «Дарындылық үш қасиеттің – ортадан жоғары
ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол таба білу және мақсатқа
құштарлықтың үйлесімділіг» дейді (америкалық педагог
Дж.Рензулли).Ал педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама
берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше
жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
Белгілі психолог Н.С. Лейтестің айтуынша : «Дарынды бала-бұл
белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай
жетістіктер әлеуеті мол
бала».
Дарындылық – қабілеттердің
жиынтығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтижеге жеткен,
қоғамға пайдалы ісімен көзге түскен жеке адам. Дарынды балаларды
анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ
процесс.
Баланың шығармашылық қабілетін
ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жан-жақты жағдайлар
жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты
шексіз.
Дарынды оқушымен жұмыс
жүйесіндегі басты тұлға – мұғалім. Сондықтан дарынды балалармен
жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық
талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге
болады.
1.Мұғалімнің бағыт-бағдарына
қойылатын талаптар:
-дарынды оқушымен жұмыстың
әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
-оқушыны жақсы көруі және
қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста
болуы;
-дарынды оқушымен жұмысқа
тұрақты қызығушылық таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай
іздеуі;
-дарынды оқушының ата-анасымен
тығыз байланыс орнатуы;
-дарынды оқушымен жұмыс
кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;
2.Мұғалімнің біліміне
қойылатын талаптар:
-өзінің сабақ беретін пәнін
мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде
білуі;
-қызмет нысанын, яғни бірыңғай
педагогикалық үрдісті білуі;
-жеке тұлға теориясы, оны
қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
-дарынды оқушыны анықтаудың
психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;
-қазіргі заманға сай оқытудың
жаңа технологияларын білуі;
-дарынды оқушыны оқытуы,
тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа
көрсеткіштерімен байланысына да көңіл
бөлуі;
-дарынды балалардың
ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын
тапсырмалар дайындай білуі;
3.Мұғалімнің іскерлігіне
қойылатын талаптар:
-дарынды оқушыны анықтау
әдістерімен жұмыс жасай алуы;
-дарынды оқушыларды (жекелей
және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып,
сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;
-оқушы дарындылығын дамытуға
қажетті зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруы;
-дарынды оқушыны зерттеуге
психодиагностикалық күнделік жүргізуі;
-оқытудың инновациялық
технологияларын, дифференциялды әдісін қолдана
білуі;
-оқушылармен қарым-қатынасын
психологиялық тұрғыдан сауатты орната
білуі;
-дарынды оқушыны оқытудың
нәтижесін нақты бағалай білуі;
-дарынды оқушының ғылыми –
ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік
етуі;
-дарынды оқушыны олимпиадалар
-мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс
жасауы;
-дарынды оқушының ата-анасына
әртүрлі педагогикалық-психологиялық кеңестер
беруі.
Сондай-ақ, оқушылардың
шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды
мынадай жолдармен өткізуге болады:
Мектеп оқушылары
қабілет-қарымына, дарынына қарай өз қабілеттерін осы бағыттағы
жұмыстарға қатынаса отырып дамыта
алады.
Талантты және дарынды
балалардың мүмкіндіктерін дәл анықтап,шығармашылық бағытын
анықтауда мектептің психологі,сынып жетекшісі және ата-аналарының
тығыз байланыс жасауы үлкен ықпал етеді.Баланың шығармашылық
талантын дұрыс анықтау оның болашақ дамуына үлкен әсер етпек.
Талантты және дарынды өнерпаз оқушыларды дамытуда шығармашылық
байқаулар мен көрмелердің тигізер пайдасы ұшан- теңіз.Себебі
шығармашылық қабілеттің дамуы байқаулар мен сайыстарға тікелей
байланысты.Сахна қасиетті орын болса,сол сахнаның қасиетін ұғыну
әрбір жас өнерпаз үшін бірінші міндет болу керек.Осы қарапайым
талапты шын жүрегімен бағалаған жас өнерпаз,өнер жолында биік
шыңдарға өрлейтіні сөзсіз.
Музыка бағытында әр түрлі
байқауларда өнер көрсетіп жүрген талантты оқушыларымыз
бар.Мектептің дарынды оқушылары жыл сайын өткізілетін аудандық
деңгейдегі шығармашылық байқаулар: «Абай оқулары», «Махамбет
оқулары», «Айгөлек», «Сиқырлы би әлемі»,ән сайыстары,қосымша білім
беру орталығының шығармашылық концерті тағы басқа шығармашылық
байқауларға үнемі қатысып келеді.Мұндай байқауларға қатысқан
оқушылардың шығармашылық дамуына аталған байқаулардың тигізер
ықпалы үлкен.Өнерді құрметтеуге тәрбиеленген жас ұрпақ осындай
байқаулар арқылы өз таланттын өсіреді.Сонымен қатар біздің өнерпаз
оқушылар қазіргі ақпарат заманының көшіне ілесіп ,түрлі қашықтық
байқауларға да қатынасып жүр.Әрбір бала-жеке бір әлем болса,сол
әлемнің жаңалығын ашу ,әрбір ұстаздың басты ұстанымының бірі болуы
шарт.»Бұлақ көрсең көзің аш» деп халық данылығы айтқандай,жас
ұрпақтың дарынын анықтап оны дамыту әрбіріміздің парызымыз.Осы
бағыттағы жұмыстарымызды үнемі шығармашылық ізденіспен жүргізу –бұл
біздің негізгі міндетіміз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы Заңы.
Астана 2007
2. Ү.Б. Жексенбаева.
Балалардың дарындылығын диагностикалау әдістемелік құрал. «РАД иАЛ»
баспасы «Алматы» 2005.
3. Дарынды балалармен
жұмыс//Қазақстан мектебі. -2008 №6 34-36
бет
4. Үздік білім берудің
жолдары//Мектеп директоры. – 2010 №1 27-29
бет
5. Дарынды оқушымен
жұмыс//Мектеп директорының орынбасары. – 2010 №1 27-29
бет
6. Бала құқығын қорғаудың
халықаралық Конвенциясы