Тақырыптың
өзектілігі: Ұйымдастырылған іс-әрекет
барысында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім
деңгейін арттыру.
Жұмыстың
мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей
отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді,
интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт
тәрбиелеу.
Жұмыстың
міндеті: Білім беру үрдісінде оқытудың
жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық
басылымдармен танысу. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында оқытудың
жаңа технологияларын тиімді қолдана білу. Тәрбиеленушінің таным
белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді
жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.
Оқытудың жаңа
ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман
талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы
білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық
технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және
пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға
қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы
заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау
оқытушының, тәрбиешінің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы
ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа
технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап
етеді.
Елбасымыз өзінің
баяндамасында: «Адамзат үшін XXI ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры
болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу,
игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал
жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздармен тәрбиешілердің
қолында».
Бүгінгі қоғамның жаңа ұрпағы
цифрлық технологиялармен өмір сүреді. Сондықтан да тәрбиеші сабақта
әртүрлі цифрлы технологияларды қолданады. Оның
ішінде жасанды интеллект,
SMART технологиялар,
электронды ресурстар т.б.
Оқытудың
ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары
бағыттары: а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Танымдық зияткерлік дағдыларды
дамытуда тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас
жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым
дағдыларын меңгертумен қатар, сенсорлық эталондар туралы
түсініктерді , қарапайым математикалық ұғымдарды, құрастыру
іс-әрекеті тәсілдерін меңгеру, креативті және сыни ойлауды дамыту,
азаматтық және патриотизмге баулу , ұлттық мәдениетті құрметтеуді
қарастырады.
Цифрлы білім ресурстарын
танымдық және зияткерлік дағдыларында қолданудың негізгі ерекшелігі
– бұл тәрбиеленушілер өз бетімен немесе бірлескен түрде
шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін
көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат
алуға мүмкіндік береді. Ол үшін тәрбиеші өткізетін сабағының түрін
дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті
ұйымдастырудағы басты мақсат -оқушының
сабаққа деген қызығушылығын арттырып,
бүгінгі заман талабына сай білім
беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, тәрбиешінің
біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты
болса, екіншіден, сабақ
материалына,
ал
үшіншіден, сынып типіне,
төртіншіден мұғалім мен оқушының
көңіл – күйіне де байланысты. Сабақты
тартымды әрі сәтті өткізе білу
тәрбиеші
қауымынан көп
ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет
етеді.
Менің математика негіздері
ұйымдастырылған іс-әркетімде жиі қолданатын цифрлы ресурысымның
бірі D-ID платформасы, Animated drawings, платформаларын пайдалану
арқылы тәрбиеленушілердің ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру,
қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық
оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану тәрбиеленушінің
білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік
береді.
Мысалы: Математика негіздері
өткізілген
«Дөңгелек , шаршы,
тіктөртбұрыш , үшбұрыш » тақырбындағы іс-әрекетімде
«Animated drawings» платформасын
қолдандым.
Анимациялық суреттер - бұл
балалар шығармашылығын жанды анимацияға айналдыратын бірегей және
тартымды платформа. Жетілдірілген технологияны қолдана отырып, ол
пайдаланушыларға сызбаны жүктеп салуға, негізгі нүктелерді анықтау
арқылы оны орнатуға және сызбаның тартымды анимацияда өмірге
келгенін көруге мүмкіндік береді. Шығармашылықты ынталандыруға және
жас суретшілерді шабыттандыруға арналған анимациялық суреттер
балаларға өз туындыларын қозғалыста көрудің қызықты және
интерактивті әдісін ұсынады.
Ұйымдастырылған іс-әрекет
барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
тиімділігі:
• тәрбиеленушінің өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін тапсырмаларды жасап үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр
түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• тәрбиеленушінің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы
зор.
Ақпараттық технологияларды
пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт
аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін
ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі
оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
3. Тәрбиеленушіні өз бетінше
немесе өзге тәрбиеленушілермен топтасып бірге жұмыс істеуге
мүмкіндік алады.
5. Тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік
жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері
артады.
ІІІ.Қорытынды:
Тәрбиеші үшін нәтижеге жету
шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және
алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала –
ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы
өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау
үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе
алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған,
интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс
жасау әдістерін меңгерген тәрбиеші болуы
тиіс.Заман талабына сай жаңа
технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – тәрбиешілерміз.
Тәрбиеленушілеріміз жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға
бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің
қатарына ену тәрбиешілер қауымына зор міндеттер жүктелетінін
ұмытпауымыз керек.