Материалдар / Баяндама Тақырыбы: " Жаңартылған бағдарлама бойынша математика пәнінен оқытудағы әдіс тәсілдер мен технологиялар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама Тақырыбы: " Жаңартылған бағдарлама бойынша математика пәнінен оқытудағы әдіс тәсілдер мен технологиялар"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жаңартылған бағдарлама бойынша математика пәнінен оқытудағы әдіс тәсілдер мен технологиялар» баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2021
1046
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2 Баяндама

Тақырыбы: " Жаңартылған бағдарлама бойынша математика пәнінен оқытудағы әдіс тәсілдер мен технологиялар"



«Жаңартылған бағдарлама бойынша математика пәнінен оқытудағы әдіс тәсілдер мен технологиялар»


Түркістан облысы, Шардара ауданы,

«Қоссейіт» жалпы орта мектебі,

 математика пәнінің мұғалімі

Тұрысбекова Мөлдір Жакыпқызы

 

Мақсаты: Қатысушылар СТО технологиясын математика сабағына енгізу бағыттарын айқындап, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру жолдарын үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:

  • Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.

  • Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

  • Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

  • Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау

  • Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

  • Сын тұрғысынан ойлауды бағалау

  • Оқыту жоспарын анықтау

Сабақ тиімді және жемісті болып, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру үшін, оның жоспарын дұрыс құрастыру керек. SMART-критерий бойынша жазылған мақсат сапалы күтілетін нәтижеге алып барады:

Specific - нақты

Measurable - өлшемді

Attainable - қолжетімді

Realistic - шынайы

Time-bound – мерзімді

Сұрақ арқылы оқыту

Сұрақ - сабақтың өте маңызды бөлігі. Мұғалім қойған сұрақтың деңгейі оқушылардың ойлау тереңділігіне, математикалық сауаттылығына әсер етеді.

Сапалы сұрақ :

  • Оқушылардың көңілін аударады

  • Мағыналы

  • Қызығушылығын арттырады

  • Ойландырады

  • Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын талап етеді

  • Жауаптары оқулықтан табылмайды

Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудын мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі акпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардын құзіреттілігін дамытуға болады. Математика сабағында сын тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа акпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың кұзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту.Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын дамыту, баға жетпес құндылыктардың бірі. Сонымен , сын тұрғысынан ойлау дегеніміз: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

  • шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

  • үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Ал, «Математикалық сауаттылық»— ауызша, жабаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін шындайды.

Математика сабағында қолданылатын технологиялар

Дамыта оқыту технологиясы: Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде

·       оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды

·       мәселені шешу жолын іздестіреді

·       жаңаны өздері табады

·       aқылдасады, кеңеседі

Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының мәселені  шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады.

Ақпараттық технологиялар: Ақпараттық технологияларды пайдалану-бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді .

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,  дара тұлғаға бaғыттап оқыту мaқсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

 Деңгейлеп сарап оқыту технологиясы: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының негізін қалаған профессор Ж.Қараев.
Бұл технологияның ерекшеліктері темендегідей:
-білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
-оқушыға берілетін тaпсырмaның сaралануы;
-оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау;
-оқушының оқу деңгейін тaңдaуға ерік беру;
-оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейде білім алуға ерікті.

Оқушылардың математикалық білімдерін қалыптастыруға арналған математикалық есептер

  • Математикалық таңбаларды түсіндіруге арналған есептер.

  • Дәлелдеуді   үйретуге   арналған   есептер

  • Математикалық іскерліктерді қалыптастыруға арналған есептер

  • Математикалық     машықтарды     қалыптастыруға арналған   есептер

  • Жаңа тақырыпты оқып үйренуге алдын ала даярлауға арналған    есептер

  • Математикалық ойлауды дамытуға арналған есептер

Математика есептерін шығаруды үйретудің жалпы әдістері.

1.Синтетикалық әдіс. 

2.Аналитикалық әдіс.

3.    Салу есептеріндегі аналитикалық әдіс. 

4.    Алгебралық талдау.

5.    Есеп шығарудың арнаулы әдістері.

Әдіс түрлері:
Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;
Оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттері;
Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;
Сұрақтар қоюда ынталандыру (СТО-ға үйрету);
Оқыту мәселелері.

  1. Ыстық орындық” әдісі. 

Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

  1.  “Автор орындығы” 

Оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

  1. «Миға шабуыл» стратегиясы  (Мұғалімдермен жұмыс)

Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”

4. “3 таяқша” әдісі(мұғалімдермен жұмыс)
Берілген тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”

5. «Бинго» ойыны.

Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 – сұрақ.
Сабаққа не үшін келдіңіз?
Алдымен оқушыларға жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.«Әдіс алмасу үшін»

  1. «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі 

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?

Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.

7. «Он сұрақ!» әдісі. (Негізгі сөзді табу)
Оқушы бір сыныптасын таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады (немесе қолына ұстатып, қолын жоғары көтеріп ұстау) – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

8 Карташалармен жұмыс

       Меңгерілмеген тақырыптарын қайталауға мүмкіндік береді.

       Формуласын еске түсіреді.

       Үлгіге сүйене отырып, деңгейлік тапсырмаларды өздігінен орындайды.

       Тақырып бойынша негізгі білімді өздігінен меңгереді.

  Өздігінен жеке жұмыс жасауға дағдыланады.

  Кез келген класта оқушылардың біліміндегі олқылықтарды (пробелы в знании) нақтылап қайталауға, бекітуге мүмкіндік береді.

Тақырыптық карташалардың құрылымы:

Бірінші бағанда – теориялық материал(ережелер, анықтамалар, формулалар және т.б )

Екінші бағанда – үлгі (үш деңгейде шығарылып көрсетіледі)

Үшінші бағанда – тапсырмалар (үш деңгейде).

Тақырыптық карташаларды әр сабақтың мазмұнына, құрылымына байланысты қолдануға болады. Ал алгоритмдерді әр тараудың басында қолданған тиімді. Алгоритмдер арқылы оқушылардың оқулықпен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
9. «Лездеме!» әдісі.

Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:
Конверттен бір сөзді бір рет алу
Сөздің өзін атамай түсіндіру
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!
10.«9 – ромб» әдісі

Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.

  1. «Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда.
    • көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.

  • мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;

  • осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді;

  • талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.

Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады!

Бастапқы сөйлемнің мысалы:

Бүгін біз мектепке жиналдық.

Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:

Бүгін біз Шона Сымаханұлы атындағы мектепке, семинар – кустаға келдік.

  1. Кері байланыс түрлері

«Алма ағашы» әдісі.  Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
13. «Бір сөзбен» әдісі – Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

  • Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.

14. «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының

1 – баспалдағы Мен………….. БІЛЕМІН

2 – баспалдағы Мен……………… ТҮСІНЕМІН

  1. баспалдағы Мен…………. ЖАСАЙ АЛАМЫН

15. «Таңдау» әдісі.

  • 1. Мен үшін сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.

  • 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.

  • 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.

  • 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым.

  • 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.

  • Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою тапсырылады.17. Кері – байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны

  • Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:

  1. Чемодан(суреті)

  2. Қоқыс жәшігі (суреті)

  3. Еттартқыш (Суреті)

Оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Жоғарыда аталып өткен түрлі әдіс-тәсілдерді алдағы уақытта жоспарланған апталықтар мен әдістемелік күндерде белгіленген ашық сабақтарымда кіргізіп, қолданыста көресіздер деген сенімдемін.

Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті.

Қортынды: Білім алу – батылдық, оны толықтыру –даналық, ал шебер қолдана білу – өнер. Мұғалім ретіндегі  мақсатым – оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру.Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу – әр мұғалімнің  негізгі міндеті. Математика – ерекше құдіретті ғылым.

Қазіргі заман – математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет.

Бүгінгі күні ақпараттық  технологияның  озық  жетістіктерін  математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамыту.

Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Интернет желісі


2. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлік бағдарламасы глоссарийі: оқу-әдістемелік құрал. - Астана: «Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2012.


3. Уильям Д. Изменяя практику в классе. Заметки из исследований Ш.Кларк, Д.Уильяма и Национальной стратегии. – 2008.


  1. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал. (2016)/ О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен. – Астана:«Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 46 .

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!