Материалдар / Баяндама тақырыбы: Бағдарлы оқытуды тиімді ұйымдастыру арқылы білім сапасын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама тақырыбы: Бағдарлы оқытуды тиімді ұйымдастыру арқылы білім сапасын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология, химия пәндері мұғалімдеріне арналған баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
1139
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндаманың тақырыбы: «Бағдарлы оқытуды тиімді ұйымдастыру арқылы білім сапасын арттыру»

Бірнеше жыл аясында жаратылыстану пәндері бірлестігінде биология және химия пәндерінен аптасына 1 сағаттан бірнеше қолданбалы курстар оқытылуда. Атап өтсек:

биология пәні бойынша

  1. 5-6 сыныптарда «Салауаттану»

  2. 10-сыныптарда «Цитология, генетика, селекция негіздерінің тапсырмалары мен есептерін шығару әдістері»

  3. 11-сыныпта «Табиғатты қорғау және қоршаған орта»

химия пәнінен

  1. 8-10 сыныптарда «Химиядан есептер шығару әдістері»

  2. 11-сыныпта «Сандық есептерді шығару әдістері».

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың балалардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету, «Қазақстан-2050» жылға дейінгі стратегиясын айқындаған жолдауында елдің дамуының негізгі бағыттары көрсетіледі, міне осыған байланысты білімді ұрпақ тәрбиелеп өсіру әрбір ұстаздың борышы деп білемін. Сондықтан да болашағымыздың жарқын болуы осы білімді де, салиқалы мектеп қабырғасында жүргізген оқыту үрдісі мен тәрбиеге байланысты болмақ. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, оқушылардың заман талабына сай өмір сүруіне үлкен ықпал жасамақ. Әрбір мұғалім оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыруды көздеп, пәнге деген қызығушылығын тудыру нысанасын таңдайды.

Ендеше, Қазақстан болашақ білімді мамандарын дайындауда алатын білімнің ұшқырлығы мен нәтижелілігінің желісі әлеуметтік-экономикалық дамудағы өзгерістерге жол ашу болып табылады. Заман талабына сай жалпы орта білім бейінді оқытуға көшу үстінде.

Сондықтан да жаратылыстану пәндерінің бірі - химия бағытындағы 8-10-сыныптарға «Химия есептерін шығару әдістері», 11-сыныптарда «Сандық есептерді шығару әдістері» қолданбалы курс жүргізіліп келеді. Химия пәнінен қосымша жазылған, химия есептерінің шығару алгоритмін түсіндіре отырып, әрбір химия есептерін сипаттама беру, яғни химия есептерін шығаруды химия пәнінде тіпті кез келген басқа сабақтарда қолдануға болады. Құрылымы оқушыларды мектеп бағдарламасында берілетін есептердің типтерімен таныстыра отырып, оларды шығарудың әртүрлі әдіс – тәсілдерін меңгерту, ол үшін теориялық білімді практикалық қолданысқа енгізу арқылы оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырып, оның ғылым мен техникадағы қолданыс аясын кеңейтуде маңызы зор. Жалпы мектеп курсындағы қарапайым химиялық есептерден бастап күрделендірілген есептер шығарудың түрлі тәсілдерін меңгеріп, теориялық білімдерін қорландырады.

Мектеп курсында химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің бірі саналады. Есептер шығару- оқушылардың химиялық ой-өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы. Оқу үрдісінде есептер шығару химияны оқытудың ажырамас бөлігі деп қарау керек. Есеп оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға көмектеседі.

Мақсаты: Өз ісіне, біліміне сенімі күшті, қоғамдағы дүбірлі өзгерсітерді жүзеге асыруға қабілетті адам тәрбиелеу. Химиялық үрдістерді, зат пен құбылыстардың арасындағы сандық қатыныстарды жүзеге асыру барысында қолданбалы курс арқылы оқушылардың жан-жақты химия пәнінен алған білімдерінің теориялық негізін игеріп, пәнаралық қолданысқа жарату. Химиядан алған теориялық білімдерін есептер мен жаттығулар арқылы пысықтау. ҰБТ-де жоғары нәтижеге қол жеткізу. Міндеттері: - пәнаралық байланыс негізінде әрбір пәнге ғылыми сөздерді қолдана отырып, толық, анық, дәлелді жеткізе білу;

  • табиғаттағы, ғылымдағы және техникалық білімдерді игерту, толыққанды химия есептерін шығару;

  • оқушыларға химия есептерін шығару әдіс-тәсілдерінің теориялық негізін саналы меңгерту;

  • химия есептерін шығарудың жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау;

  • ғылыми көзқарас қалыптастыру;

  • оқушыларды жеке тапсырмаларды орындауға деген талпынысын, икемділігін және қабілетін дамыту;

  • оқушылардың ой-өрісін дамыту;

  • берік, нақты білім жүйесін қалыптастыру;

  • жаратылыстану пәндерімен байланысын нығайту;

  • қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілгендей бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған оқушыларды тәрбиелеу үшін олардың шығармашылығы мен талабына жол ашу.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар қабілетін қарай мемлекеттік стандартқа сәйкес саналы білім алады;

  • Пәнге қызығушылығы артады;

  • Болашақ мамандық таңдауына жол ашады;

  • Түпкі нәтиже білім сапасын арттыру болып табылады;

  • химиялық есептердің қандай да бір химиялық деректерді (формулалар, терминдер) зерттеуді кезеңдер бойынша жүргізе отырып, оқушылардың коммуникативті біліктілігінің дамуы;

  • химиялық есептерді шығару әдістері мен тәсілдерін талдай отырып, көркемдеп, сөйлеу мәдениетін дамыту;

  • есеп шығару барысында математикалық, физикалық, информатикалық әдістерге жүгіну, олардың шынайылығын дәлелдей білуге, тура және кері жору әдістерін пайдалану арқылы есептердің шығындысын тексере білуді үйрену.

Болжам: Егер оқушы «Химия есептерін шығару әдістері» курсын ойдағыдай толық меңгеріп шықса, химиялық есептердің шығарылу моделін құра білуге, қойылған мәселені шешу үшін қажетті алгоритмді құруға, экспериментті жұмыстарды орынды жүргізуге, есептеу, тұжырым жасау, зерттеу нәтижелеріне химиялық тұрғыдан баға беру біліктері және өз бетінше білім алу қабілеттілігі жоғары тұлға болып қалыптасады.

Кәсіпке бағдарлау: Эколог, химик, лаборант, фармацевт, медицина маманы, химия пәні мұғалімдері. Курсты ұйымдастыру формасы: лекция, семинар, саяхат сабақ, топтық, жұптық оқыту, деңгейлік тапсырмаларды орындау сияқты ойната оқыту әдістерін пайдалану.

Курсты оқытуды мынадай формалармен аяқтауға болады: зерттеу жұмыстары, рефераттар дайындау, баяндама жасау, жоба қорғау.

Химиялық есептер: а) жаңа химиялық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету;

ә) сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

б) білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру;

в) проблема қою және проблемалық жағдай туғызу;

г) материалды пысықтау, жалпылау және қайталау;

ғ) политехникалық ұстанымдарын іске асыру;

д) оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін қолданылады.

Бағдарлы оқытуды тиімді ұйымдастырудың нәтижесінде оқушыларымыз көптеген жетістіктерге қол жеткізе білді.

  • 2012-2013 оқу жылында аудандық олимпиададан химия пәнінен 9 А сынып Қазбекқызы Назерке ІІІ орынды иеленді.

  • «Ақбота» Республикалық интеллектуалдық марафонға қатысып химия пәнінен 9-сынып оқушылары Қыдырмолдин Елдар, Мурсалимов Серік ІІ орыннан, Қазбекқызы Назерке ІІІ орыннан көріне білді.

  • Қазақстандық интернет олимпиадада химия пәнінен 8 Б сынып оқушысы Қайырғазин Таңат облыста 7-орын, аудан бойынша 1 орын, Асқаров Олжас аудан деңгейінде 3-орынға табан тіреді.

  • Қаңтар айында Алматы қаласында өткен халықаралық байқауда Мұхаметжанова Тілекқайша Мұқанбайқызының жетекшілігімен Алматы қаласында өткен Халықаралық байқаудан Ж.М.Кудериннің еңбегіне арналған зерттеу жұмысымен Тастанбекова Талшын І орынға ие болып дипломмен марапатталды.

  • Т.М.Мұхаметжанова жетекішілігімен құрылған 10 - сынып оқушылары Қыдырмолдин Е,Мурсалимов С, Қазбекқызы Н., Молдашева Г. Бұланбаева А оқушыларынан «Гамма» тобын құрып «Химик анықтамалығы» Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық журналының жарялаған «Алхимик-2013» танымдық сайысына, «Үздік слайд-2013» сайыс тарынан қатысып жеңімпаз атанды. Бұл атқырылып жатқан іс-шаралар әрине оқушыларды іскерлікке, химия пәніне қызығушылығын арттырады.

  • Химик анықтамалығы журналына шыққан «Алхимик»сайыстарына үздіксіз қатысып отыр.

1. Аңызға айналған «Жарқырауық монах» кім еді жә»не ол неге «жарқырауық» болды?

2. Ақкөпіршігі аспанға шапшыған аққайнар қайдан шықты?

3. «Грек оты» дегеніміз не? сұрақтарына жіберілген жауаптары журнал бетіне шығып отыр.



«Цитология, генетика,селекция негіздері» тапсырмалары мен есептерін шығару әдістері

бағдарлы курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде жасалынған.

Курстын құрылымы оқушылардың өздігінен іскерлігін, есеп шығару дағдысын дамытуға арналған. 10-сыныпта аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат.

Арнайы курста цитология, генетика,селекция негіздерінің деңгейлік тапсырмалары мен есептерін шығару әдістері қарастырылады.

Курстың мақсаты: Оқушыларды әлеуметтендіру, ЖОО-на дайындау үшін терең білім беру, өмірде өзі игеретін мамандыққа баулу.

  • Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, жылдамдыққа, ептілікке үйрету.

  • Биология туралы ұғымды үйрету.

  • Оқушылардың генетикалық білімдерін кеңейту, жүйелеу, дамыту.

  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • оқушының ойын дамыту;

  • ізденушілікке баулу.

  • оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтарын қалыптастыруға жағдай жасау.

  • оқушылардың стандартты логикалық операцияларды жылдам және дұрыс орындау іскерлігін дамыту.

Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: жұмыс дәптерлерінің болуы, танымдық іс-әрекеті мен ой өрісін, басқа ғылыммен байланысын, компьютер техникасын, интернет желісмін пайдалану. Курсты ұйымдастыру формасы: дәріс, ойын, есептер шығару, топтық және жұптық оқыту әдістері, интерактивті оқыту әдістер. Курсты оқытуды формасы:

  • түрлі генетикалық есептер шығару

  • деңгейлік тапсырмаларына жауап беру

  • тест тапсырмаларын орындау.

Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер:

  • биология, генетика, цитология, селекциялық ұғымдармен тереңірек таныс болу;

  • генетикалық заңдылықтарды түсіну.

  • биология пәнінен меңгерген білім, білік, іскерлік дағдыларын басқа ғылым салаларымен ұштастыра отырып, өмірде пайдалана білуі тиіс.

«Салауаттану» бағдарлы курсы.

Арнайы курста салауаттану негіздері, адам организмі және аурулардың алдын алу, алғашқы медициналық көмек көрсету, гигиеналық талаптар, денешынықтыру мен қимыл белсенділігі, дұрыс тамақтану, жарақаттану және оның алдын алу, зиянды әдеттер, жұқпалы аурулар, адамгершілік- жыныстық тәрбие, психоэмоционалдық денсаулық, кикілжің және оның алдын алу жолдары, қоршаған ортаның адам денсаулығына тигізетін әсері туралы мәселелер қарастырылады.

Курстың мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығын сақтаудың түрлі тәсілдерін үйрету. Салауаттану пәніне деген құштарлығын арттыру, танымдық белсенділігін терендету. Бұл пән бойынша алғыртыққа , ізденуге, терең білімділікке баулу.

Курстың міндеттері :

  • курста алған білімдерін медициналық алғашқы көмек көрсетуде пайдалану;

  • денсаулық сақтаудың түрлі тәсілдерін, әр түрлі ауруларды болдырмау үшін олардың алдын алу шараларын үйрету;

  • адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрету;

  • оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге ынталандыру;

  • химиядан, биологиядан алған білімдерін пайдаланып, оқушыларға қәсіптік бағдар беру, сұраныс тудыратын мамандыққа баулу;

  • жаңа ақпараттық технология әдістерін ( электрондық оқулық, интерактивті тақта) қолдану арқылы терең білім беру, пәнге қызығушылықтарын арттыру

Білу :


  • адам ағзасы, түрлі аурулар мен оның белгілері, алдын алуды,

  • күнделікті тұрмыста гигиеналық шараларды,

  • тұрмыста қауіпсіздік ережелерін,

  • дұрыс тамақтануды, денені шынықтыру және оның ережелерін,

  • жарақаттану мен улану кезіндегі алғашқы медициналық көмек беруді,

  • күнтізбені дұрыс құруды,

  • адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды

Қолдана білу;

  • салауаттанудан алған білім мен білікті күнделікті тіршілікте қолдана білу

Жасай алу:

  • дұрыс күнтізбе құруды;

  • дұрыс тамақтану нормасын,

  • денені дұрыс шынықтыруды,

  • жарақаттанудың алдын алуды және алғашқы көмек көрсетуді;

  • қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауды;

  • адамдармен дұрыс қарым-қатынас

Оқушылардың жетістіктері:

    • 2012-2013 «Дарын» орталығының ұйымдастырумен өткізілген «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында биология пәнінен 6-сынып оқушылары, атап айтқанда Әсемхан Қымбат, Орақбай Гүлзат, Қанапиянов Мақсұт, Альжекеева Маржан, Қабдрахман Алуа сынды оқушыларымыз ІІІ орыннан көрініп, білімдерінің дәрежесін көрсете алды.

    • 2012-2013 оқу жылында аудандық олимпиадада биология пәнінен 11 Б сыныбынан Мұхаметжанова Арай ІІІ орын, 2013-2014 оқу жылында10 б-сынып оқушысы Қыдырмолдин Елдар ІІІ орынды иеленді.

    • 2012 жылы «Эрудит» аймақтық интеллектуалдықконкурстан Қуанова Д., Кенжалина Г. ІІІ орын алды.

    • 2013 жылы Облыстық аймақтық олимпиадада Қажымұратова Айнұр ІІІ орын алса, Мұхаметжанова Арай алғыс хатпен марапатталды.

    • 2012-2013 оқу жылында Қазақстандық интернет олимпиадада биология пәнінен 6 А сынып оқушысы Альжекеева Маржан республика, облыс, аудан көлемінде І орынды иеленді. 6А сынып оқушысы Аманжолова Ажар облыс көлемінде ІІІ орын, аудан көлемінде ІІ орынды иеленіп отыр. Сонымен қатар 13 оқушымыз аудан көлеміндегі ондықтардан көріне білді

    • 2013 жылы Облыстық Шығыс «Дарын» орталығының ұйымдастырған 5-8 сынып оқушыларының облыстық қашықтық олимпиадасында биология пәнінен 5-сынып оқушылары Байбекова Б., Еркетайұлы Е. ІІ орыннан көріне білді, 6-сынып оқушысы Альжекеева Маржан ІІ орын,Әсемхан Қымбат, Аманжолова Жадыра, 8-сынып оқушысы Тастанбекова Талшын ІІІ орын, ал басқа қатысқан оқушылар қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

    • Наурыз айында өтілген 2 турдан тұратын Респукбликалық интернет олимпиядасына биология пәнінен бірнеше оқушылар қатысыты. Бірінші турға биология пәнінен 10 бала қатысты. Алайда ІІ турға биология пәнінен 3 оқушы өтіп 7-сынып оқушысы Қабдрахман Алуа Республика деңгейінде ІІ орынды иеленді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!