Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама тақырыбы: БАЛАНЫ ТЕЛЕДИДАР ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ТӘУЕЛДІЛІГІНЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қ. Тыныбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Баяндама
ТАҚЫРЫБЫ: БАЛАНЫ ТЕЛЕДИДАР ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ТӘУЕЛДІЛІГІНЕН
ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?
Орындаған: Әлеуметтік педагог Э. Тукишева
Баланы теледидар және интернет тәуелділігінен қалай қорғауға болады?
Кіріспе.
Интернет, теледидар – қазіргі қоғамның бір бөлігі. Өйткені, интернетсіз біз өмір сүре алмаймыз. Интернет әлемді бір-бірімен байланыстырып ұштастыруда. Кез келген ақпаратты біліп, оны бір-бірімізбен бөлісе аламыз. Әлемде не болып жатқанында осы интернеттен көріп білудеміз. Алысты жақындатып, әлемді бір-бірімен байланыстыру мүмкіндігі болып тұр. Ол – тек байланыс көзі ғана емес, сонымен қатар жедел ақпарат ағыны, дереккөздер қоры. Бүгінгі зымырандай зулаған қарқынды даму кезеңінде пайдасы мол екенін мойындауға тура келеді.
Негізігі бөлім.
Біздің күнделікті өмірімізде интернетті, теледидарды қажет етеді. Бір ақпаратпен бөлісу үшін немесе ол ақпаратпен біреуге бөлісу үшін, өзіңнің жеке басыңа қажет, жұмыс барысында да қажет, тіпті үйдегі кішкентай бала жылағанда кезде интернет бізді құтқарады. Осы теледидар мен интернеттің зиянды жағы да бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Кез келген дүниенің пайдасы мен зияны, мықты тұсы мен әлсіз жақтары болады. Өйткені қазір кішкентай балаға дейін интернетке тәуелді. Қазіргі қоғамның ең ауқымды мәселе осы интернет. Шыныменде, адамдар қазір тәуелді. Айналасындағы болып жатқан жағдайға, мәселеге ешқандай назар аудармайды. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыспен қарым-қатынас бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқан сиқылды. Жылы шырай танытып, сөйлесуден, табиғи қатынастан қалып барамыз. Теледидар мен интернеттің бізге адамдарға бір пайдасы тигенімен зияны да қатар тиіп жатыр.
Біздің біріншіден балаларымыздың денсаулығы. Екішіден ой-өрістері әлсіреуде. Қазір ешкім тереңінен ойланбайды. Барлығын интернеттен қарап біле салғанды жақсы көреді. Бұл қоғамдағы өте үлкен өзекті мәселе.
Телемания
Біз компьютерлер, теледидар, ойын түрлері бойынша жеткілікті әлемде өмір сүреміз. Бір жағынан, бұл жайлы өмір сүрудің айнасы. Кішігірім үлестермен теледидар оқытады, жағымсыз әрекеттерден демалуға көмектеседі, қызықтырады, ақпарат береді. Бірақ, екінші жағынан, балалардың теледидар мен компьютер алдындағы өткізетін уақыты ата – аналар үшін проблема тудырады. Себебі, олардың көмпьютермен немесе теледидармен айналысуы танымды нәрселерді үйренуге және белсенді өмір сүруге кедергісін келтіреді.
Стаистика мәліметі бойынша, 5
жастан 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы 45% барлық бос уақытын
теледидардың алдында өткізеді. Бұл айналысу – нағыз мания-
телемания, теледидарға тәуелділік, басқа істерін тастап, барлық
уақытын теледидардың алдында өткізу. Телемания бірнеше зиянды
салдарларға әкеліп соғады. Олардың кейбіреулері:
- көз көруінің әлсіреуі: көгілдір экран алдында көп отыратын
баланың көзі нашарлайды;
- гиподинамия, арқа омыртқасының қисаюы;
- денелік белсенділіктің болмауы, аз қимылдайтын өмір сүру келбеті дененің артық массасын жинақтауына әкеледі;
- неврологиялық проблемалар (ұйқының бұзылуы, қорқақтық, еркше ашушаңдық): мысалы, егер 13 жастағы бала теледидар алдында күніне 3 сағаттан артық отырса, ұйқысының бұзылғандығын байқайды, ол есейген кезінде де сақталып қалуы мүмкін;
- зорлық- зомбылықтың кең етек алғандығы, көптеген теледидарлар қазір ондай хабарларды барынша көрсетуге «тырысады», ол өз кезегінде, моральдық принциптері өзгеріп, балалық басқыншылыққа жол салады; экрандағы зорлық көріністерін бала өз миында сол қалпында, өмірдегідей талқылайды; бірақ, уақыт өте келе бала осыған үйрене бастайды және зорлық – зомбылыққа ересек өмірдің қалыпты жағдайы ретінде қарай бастайды.
Теледидарды іске қосқанда, гипноздың астында болғандай болады. Себебі, теледидардың тілі – санамен тікелей байланысты негізінде оң жақ жарты шар қабылдайтын бейнелердің тілі болып табылады. Сонымен қатар, телехабарларды көрген кездегі қобалжытқан эмоциялар баланың миына, санасына ене бастайды. Телеман- балаларды миының оң жақ жарты шары жақсы дамыған болады. Осының нәтижесінде балалар тіптен эмоцианалды, қызба болып келеді.
Неміс ғалымдарының зерттеулері адамдарға телехабардың эмоциялық әсерін зерттеген және телехабардың мазмұны уақыт өте бере ұмытылатынын, ал көрген кездегі бастан кешірген эмоциялардың ұмытылмайтындығын көрсеткен. Нәтижесінде, балалар саналы емес, санасыз түрде де қандай-да бір сезімді қайта бастан кешіру үшін теледидарды іске қосатын болады. Оның үстіне, ол эмоциялар үнемі позитивті бола бермейді.
Әрине, сіздер байқаған боларсыздар, балалар қорқынышты киноларды көргенді ұнатады – ол үрейді бастан кешіруге эмоционалдық тұрғыда байланғандықтың белгісі болып табылады. Телехабарды көргеннен кейінгі бір сағаттан соң, бала телеэкраннан берілген бөтен эмоцияға «берілген» болып шығады.
6 жасқа дейінгі балалр барлық ақпаратты сол қалпында, сынамай қабылдайды. Оларға қайсы дұрыс, қайсы теріс екенін айыру әлі қиын. Сондықтан, көгілдір экранда болып жатқан дүниенің бәрін олар таза дүниеде қабылдайды. Ал көргендерін ойындарына, өзінің нақты әрекеттеріне ауыстырады.
Сезім ағзаларының физиологиясы бойынша американдық мамандар телеман- балалардың «ойлау қабілетінің толық жойылғандығымен» зардап шегетінін дәлелдеген. Оларға ешнәрсені ойластыру, қиялдау, көрсетудің керегі жоқ, олар үшін барлығын теледидар атқарады. Телеманияны нашақорлықпен салыстыру да кездейсоқ емес. Осы тәуелділіктердің белгілеріне ұқсас келеді. Телеманиядан құтылу өте қиын. Бірақ оны істеу қажет.
Ата- аналарға бірнеше пайдалы кеңестер.
-
Балаңыздың теледидар алдында қанша уақыт өткізетіндігін үнемі бақылаңыз. Педиатрлардың пікірінше, теледидар бала өміріне 3 жастан бастап қана ену керек. Оның үстіне оны 15 минут қана қарау керек.
-
Теледидарды электрондық бала күтуші ретінде пайдаланбауға тырысыңыз. Балаға теледидарға байланысты емес іспен айналысуды ойлап табуға болады: констркуктор ойыны, сурет салу, пазлдарды құрастыру. Баланың айналысуы өзініңі таңдауына байланысты болады. Ол міндетті түрде ата- ананың қатысуымен болмайды. Тек қана баланың айналысқан ісіне қызығушылық танытып, бірер көмек көрсетіп жіберу жеткілікті.
-
Мектеп жасындағы балаға мектепке барар алдында теледидар көруге тыйым салыңыз. Себебі бала ерте көрген хабарлардан қозып, жұмыс уақытына көңіл қоюы қиынға түседі.
-
Отбасылық кеңесте (балалардың қатысуы жақсы болады) отбасы үшін теледидарсыз бір күнді белгілеңіз. Ынталандыру мен мадақтау ретінде сыйлық ойлап табуға болады. Мүмкін, ол ойыншық, достармен кездесуге бару болар. Теледидарды өзіңізбен алмастырыңыз және оған қызықты, баяғыдан оған сіздің қолыңыз тимей жүрген ісімен айналысыңыз.
-
Өзіңіздің жеке үлгіңізбен баланы иландырыңыз. Өздері телеманиямен ауыратын ата- аналар баланы бас тартқыза алу мүмкін емес . Ал оны кішкентай кезінде істеген дұрыс және қажетті болады.
-
Баланың өмірімен айналысыңыз, қызығушылық танытыңыз. Оның барлық істері мен қамқорлығына кіріскен болыңыз. Себебі, балалар теледидардағы бейнелер мен жағдайлардың артына тығылып, нақты өмірден қашады. Ол балаға оны ұмыттыруға немесе мультиктің батыры ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Проблема бұлай шешіле қоймайды. Бала оны бастан кешіретін жалған эмоциялармен бүркенеді.
-
Баланың сүйікті ісін мадақтаңыз: жапсыру, сурет салу, кесте тігу- баланы қызықтыратын істер өте көп. Әрине, ата- аналардан біраз уақытты талап етеді, бірақ баланы өздігінен айналысуға үйретуге болады. Ең бастысы оның таңдаған ісіне қолдау көрсету керек.
-
Баламен қарым- қатынаста болыңыз, себебі жер бетіндегі ең құнды нәрсе- адамдардың қарым – қатынасы. Оны балаға сезіндіріңіз. Тіпті ол уақытының көбін теледидар алдында өткізгісі келсе де, сізде оны өзіңізбен қызықтыруға мүмкіндігіңіз бар. Басында әрине, мультиктің барлық танымал кейіпкелерін жаттап алуға тура келеді. Бірақ, біртіндеп тасбақа – ниндзялар туралы әңгімелер нақты кеңістікте ауысады. Кітаптардың батырлары мен ауладағы достар туралы.
-
Баланы табиғатты тамашалауға үйретіңіз. Бос уақыттың көбін далада өткізуге тырысыңыз. Қимылды ойындарды ойнатыңыз, табиғаттағы құбылыстарды байқатыңыз. Әрбір саяхатты қызықты ойынға айналдыруға тырсыңыз. Баланың мүдделері біртіндеп ауыса бастайды. Қандай болмасын теледидар хабары қызықты болса да, көрсетіп жатқандарын сезіп, дәмін көру мүмкін емес! Ал нақты өмірде неше түрлі сезімдер болады!
-
Кітаптар оқыңыз. Оқуға деген махаббатты ата- аналар ғана үйрете алады. Қызықты әдебиетті таңдап алыңыз, баламен бірге кітап оқыңыз. Теледидар кейіпкерлерінен гөрі, кітап кейіпкерлерімен кездесу маңызды болсын. Сеніңіз, ол негізінде болатын нәрсе! Бастысы кітаптарды таңдап, үй кітапханасын дұрыс құру керек.
Ең бастысы және маңызды ереже – баланың өміріне деген риясыз қызығушылық. Егер ата- аналар баланың жақсы достары ретінде танылса теледидар екінші орынға ауысады.
Интернетке тәуелділік.
«Интернетке тәуелділік» термині алғашқы рет 1995 жылы АҚШ докторы И. Голдбергпен сипатталған болатын. Ол медициналық мағына емес, қалыпты өмірді ығыстыруға қауіп төндіріп тұрған өзін бақылаудың төмендеуінде көрінетін психологиялық бұзушылықты мазмұндаған.
Интернетке тәуелділік белгілері:
-
Бала интернетті есеңгіреуден айығудың тәсілі ретінде қолданады.
-
Бала интернетте отырғанда уақыттан тыс қалады.
-
Интернетте көбірек отыру үшін бала ұйқысын қияды.
-
Бала достары мен отбасынан гөрі, интернетте көп отырғанды қалайды.
-
Бала торапта отырған уақыты жайлы ата- аналары мен достарына жалған айтады. Бала нақты істер жайлы да өтірік айтады. Оның мектепте проблемалары бар, қосымша сабақтар мен үйірмелерге ол мүлдем баруды қойады.
-
Баланың интернетке қосылуына рұқсат берілмесе, ол тез ашуланады.
-
Интернетке дейін қызықтап жүрген істеріне деген баланың қызығушылығы тоқтайды.
-
Бала «онлайнда» тапқан адамдармен жаңа қарым- қатынас қалыптастырады.
-
Интернет үшін бала қарым- қатынастарды, жетістіктерді қабылдамайды.
-
Бала күніне бірнеше рет электрондық поштасын, чаттарын тексереді.
-
Бала ата- анасының интернетті пайдалануға берген мерзімдерін сақтамайды.
-
Бала компьютер алдында тамақтанады.
-
Баланың бойында өзгертулер пайда болады:
- Мазасыздық;
- Бой берместік;
- Интернетті ұзақ пайдаланғандықтан қолының дірілдеуі.
14. Бала интернет туралы көп ойлайды.
15. Олар виртуалды әлемді нақты әлемнен айыра алмайтын қалыпқа түседі.
«Телемания» тарауында атап өткен теріс салдардан басқа, интернетке тәуелділік балалардың тәрбиелеуге көнбейтіндігіне, балалармен және отбасымен қарым- қатынасқа ептігінің жоқтығына әкеліп соғады. Тіпті балалардың интернетті жеңістік сайттарды көру үшін пайдалануы мүмкін деген қауіп те бар. Интернеттегі алуан түрлі ақылы қызметтер ата- анасының ақшасын рұқсатсыз жұмсауына әкеліп тірейді. Интернет – ойыдарындағы зорлық- зомбылық жастар арасындағы мінез – құлыққа кері ықпалын тигізеді.
Ғалымдардың пікірі бойынша, ата – аналар баласының компьтер алдында немен айналысатындығына алдын – ала қызығушылық танытқаны дұрыс. «Бала қаншалықты кішкентай болса, соншалықты медиа тәуелділікке жақын болады» деп БАҚ тәуелділік көнференциясында тәуелділерге көмек көрсетудің берлиндік Одағынының басшысы
Тео Вессель айтқан болатын. Егер де тәуелділіктің дәстүрлі түрлерін қалыптастыру үшін (никотиндік, маскүнемдік) жылдар қажет болса, Интернетке тәуелділік үшін жарты жыл да жетіп болады деп аталған: интернетке тәуелді адамдардың 25% жарты жылда, ал 58%- екінші жарты жылдықта, ал 17%- бір жылдың ішінде тәуелді болған.
Копьютерге кез – келген бала тәуелді болады. Бірақ , бастауыш сынып оқушыларының (7-10 жас) және жасөспірімдердің интернетке тәуелділігінің негізгі себептерін анықтауға болады.
-
Жылы қарым – қатынас пен отбасындағы эмоцианалдық қарым – қатынастың болмауы. Ата – аналары немесе жақын туыстары балаға уақыт бөлмесе, оның жан әлемінде не болып жатқандығына назар аудармаса, оның сезімдері мен ойлары туралы аз сұрастырса, баланы не қынжылтып, қобалжытып жүргенін білмесе, оны істемесе. Әрине, берілген себептер бойынша тек қана компьютерлік тәуелділік емес, басқа да тәуелділіктің түрлері дамуы мүмкін, және де мінез- құлқында ауытқулар пайда болуы да ықтимал.
-
Баланың айналысатын мағыналы, сүйікті ісінің болмауы. Мысалы, 12-13 жасар бала болыпты. Ештеңемен айналыспайтын, оқуды ұнатпайды, қыдыруды да, үй шаруасына соншалықты көмек көрсете қоймайтын, оқуда да алда болған емес, оған тек қана теледидар көріп, «аспанға түкіріп» керек болатын. Міне, осы жас жалқаудың өмірінде компьютер пайда болды! Бала ешқандай күш жігерін салмай- ақ, далаға шықпай- ақ ойында кермет бандит болуға, кез- келген уақытта сөйлесуді тоқтата салатын әңгімелесушіні табуға, рефератты жүктеп алуға, бола салатынын түсінеді. Осыншама тамаша перспектива баланы компьютер алдына әкеліп тіреп қояды. Бірақ та компьютерге тәуелділік болмауы да мүмкін, бірақ, соның алғы шарттары көрініп-ақ тұр.
-
Баланың айналасындағыларымен жағымды байланысты орната алмауы, достарының жоқтығы. Мысалы, бала тым ұялшақ және оны жеңе білмейді. Немесе денелік тәндік сұлулығының болмауы, немесе сыртқы келбетінің ажарлы еместігі онымен қарым – қатынасты орнатуға кедергі болатын белгілері болады: Тұйықтық, ашушандық, өте сараңдық, кекшілдік, ренжігіштік, басқыншылдық.
-
Баланың жалпы сәтсіз болуы. Бұл өткен себеппен ұқсас. Мысалы, бала мектепте жақсы оқымайды, компанияда да ұйымдастырушы емес, ата- аналарымен де қарым – қатынасы дұрыс болмаған. Егер бұл жағдай баланы қанағаттандырмаса, ол компьютерлік ойындар тәуелділігіне жетелейді, ол онда басты кейіпкер, жетістікке жетуші, жеңімпаз, бірінші құрастырушы немесе бірінші бұзушы бола алады. Инетрнет торабында мұндай балалар нақты бейнесіне қарама – қарсы бейнені құрып алуы мүмкін: басқа ат, басқа «өзіне пайдалы» өзін презентациялау, басқа жағдайлар.
-
Сіз бәлкім, «Ал, дені сау, оқуда озат, достары көп, ата- анасымен қарым- қатынасы жақсы қалыптасқан бала компьютерлік тәуелділікте болмай ма?» деп сұрарсыз. Әрине болады, деп жауап береміз! Балалар психикасы әлі қатаймаған, мінез- құлық арқауы әлі де болса қалыптаспаған, « компьютерлік баурап алулар» өте көп, ал көптеген компьютерлік ойындарда психологиялық әрекет ететін эффектілер мен әсер етулер жиі қолданылады.
Интернет пен одан тыс уақытта өткізілетін уақыт арасындағы теңдікті игеруге арналған кеңестер:
Интернетке тәуелділік білгілерінің білінуін қадағалаңыз. Өзіңізден сұраңыз:
Тораптағы өткізетін уақыт баланың мектептегі жетістіктеріне, денсаулығына және отбасы мен достарының қарым – қатынасына әсер ете ме? Балаңыз интернетте қанша уақыт отыратынын анықтаңыз?
Көмек сұраңыз. Егер балаңыздың бойында интернетке тәуелділіктің қауіп тудыратын белгілері пайда болса, педагогпен немесе мектеп психологымен кеңесіңіз. Интернетті арнайы қолдануға мәжбүрлеу есеңгіреу, депрессия, өзін төмен бағалау сияқты проблемаларға жетелеуі мүмкін.
Инетрнетке тыйым салмаңыз. Көптеген балалар үшін ол қоғамдық өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Оның орнына отбасында интернетті пайдаланудың ережесін тағайындаңыз. Оған келесі шектеулерді енгізуге болады: баланың интернетте отыратын уақыт мөлшері; үй жұмысы мен мектеп сабақтарын орындауға дейін тыйым салу; «ересектерге арналған» чаттарды қарауға тыйым салу.
Компьютерді ашық бөлмеде ұстаңыз. Компьютерді балаңыздың жататын бөлмесінде емес, ортақ бөлмеге, ашық жерге орнатыңыз.
Тепе теңдікті ұстаңыз. Балаңыз басқалармен таза ауада жиі ойнасын.
Балаңызға интернеттен тыс қарым – қатынаста болуына көмектесіңіз. Егер балаңыз тең – құрбыларымен қарым – қатынаста ұялшақ, епсіз болса, оған көмекке келіңіз: оның сыныптастарын үйіңізге шақырыңыз, басқа балалардың қатысуымен қызықты демалыс іс- шараларын ұйымдастырыңыз (циркке, театрға бару). Балалардың ортақ мүддесі бар – әдебиет үйірмесіне қатысу, кемелерді модельдеу сияқты қызықты істерге баланың қатысуын ынталандырып, мадақтап отырыңыз.
Өз балаңызды бақылаңыз. Балаңызға тыйым салынған бағдарламалар мен сайттар жайлы оқып, біліңіз. Бірақ, басы істейтін бала осы қызмет түрлерін істен шығарып тастауы да мүмкін екенін ұмытпаңыз. Сондықтан, сіздің түпкі мақсатыңыз- бала бойында өзіне бақылау жасауды, тәртіп пен реттілікті дамыту.
Альтернативаларды ұсыныңыз. Егер сізге балаңыз тек қана онлайндағы қызықты істермен айналысатын сияқты болса, оған өзінің сүйікті ойындарының бірін ұсынып көріңіз. Мысалы, фэнтези тақырыбындағы рөлдік ойын балаңызға ұнайтын болса, осы тақырыптағы кітапты оқуды ұсыныңыз.
Компьютерге тәуелділікке, негізінде, кез- келген бала кездесуі мүмкін, бірақ ол мүмкіндіктер азаяды, егер:
- отбасында мейірімділік, тыныштық, жайлылық пен сенімділік ахуалы болса ;
- балада жан- жақты қызығушылық пен айналысатын ісі болса;
- бала айналадағыларымен позитивті қарым – қатынаста бола білсе;
-бала өз алдына тым болмаса кішігірім мақсат қоя білсе.
Қорытынды.
Әлеуметтік желіге тәуелді болып қалмай,
керегімізге ғана пайдаланайық. Дамыған заманның білімді адамы
саналы түрде өзін бақылай білсе, бәрі де өз орнымен болады.
Теледидар мен интернеттің пайдасы бар екенін растаймын, бірақ зиян
шекпеу шараларын ойластыруға болады деп
ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттір тізімі:
-
Отбасылық тәрбие 2 кітап 2014 жыл
-
Ғаламтор желісі https://bilim-all.kz/article/19483-Internettin-qazirgi-zamanga-ziyany-qandai