Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама тақырыбы: Егіндібұлақ ауылын физикалық – географиялық және экономикалық – географиялық тұрғыдан сипаттау
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Егіндібұлақ ЖОББ мектеп балабақшасы
Егіндібұлақ ауылын физикалық – географиялық және экономикалық – географиялық тұрғыдан сипаттау .
Дайындаған: география пәнінің мұғалімі Жусупова Альбина Аязбаевна
Егіндібұлақ ауылы 2017 жыл
Ауылымыздың географиялық орны мен жер бедерінің ерекшеліктері
Егіндібұлақ ауылы Зеленов ауданындағы ауыл, Егіндібұлақ ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы Переметное ауылынан солтүстік – батысқа қарай 33 км жерде, Белая өзенінің сол жағалық аңғарындағы боз, бетеге басым әр түрлі шөптесін өсімдіктер өскен қара топырақты, шалғынды – қара топырақтыдала белдемінде орналасқан. Жерінің ауданы Чеснаков бөлімшесін қоса алғандағы 25 мың гектар жерді алып жатыр. Соның ішінде Егіндібұлақ ауылының ауданы – 16 мың га болса, қалған 9 мың га Чеснаков бөлімшесіне тиесілі. Ауылымыздың бұрынғы атауы Цыганово. Бұл атау осы ауылдың іргесін қалаған көпес Цыгановтың есімімен байланысты, 2005 жыл ауылдың атауы Егіндібұлақ деп өзгертілді. Егіндібұлақ деп өзгертілудің өз себебі бар. Ескі атау көлеңкесінде көмкеріліп қалмай, өзіндік тарихи атауы бар ауыл оның жанындағы ағып жатқан қайнар бұлақтың болуы және егін алқаптары молшылық болуы ауылдың атауын Егіндібұлақ деп өзгертуге себеп болды. Ауыл іргесі 1936 жылы қаланған. 1966 жылдан 22 партсъезд атындағы ұжымшардың орталығы болып келген. Оның негізінде 1997 жылдан Цыгановада (қазіргі Егіндібұлақ) және округке қарасты Чеснаков ауылында 14 шаруашылығы құрылған.
Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік – шығысында орналасқан тұтастай біздің облысымыз сияқты Егіндібұлақ ауылының жер бедері түрліше тұрпатта болып келеді. Өйткені ол Жалпы Сырт алды беткейінің Орал бойы аңғары жазықтығын (Сырт алды кемер). Ауылымыз солтүстіктен оңтүстікке қарай еңіс орналасқан. Ең биік жері Цыган тауы.
Цыган тауы ауылымыздың территориясында орналасқан тау. Бұл таудың батыс жақ тік құлама баурайында сыртқа тән болып келетін көк терек тоғайларының шоғырлары таралған. Көк терек тоғайы түбінде бұлақ және жылға ағып жатқан, көгілжім талмен көмкерілген терең сайға қарай өскен. Орман шоғыры таудың құлама баурайынан ұшар басына дейін көтерілетін көк теректің жас өсінділерімен айналасы қоршалып тұрады. Мұнда сонымен қатар, қорапты және шайқурай жапырақты тобылғы, мамыр итмұрыны, қасқыржемес өседі. Орман ағаштар астында шөптесін жамылғысы сирек болып келетін жабысқақ қызылбояудан, қалақайдан, сонымен қатар ақ селеу мен бетегеден тұратын далалық өсімдік түрлерінен тұрады. Сайлардың топырақтарда өсетін шалғынды – әртүрлі шөптесін өсімдіктер басым келеді. Кезінде толыққа жақын оталған көк терек тоғайының шоғыры мен өсімдіктердің сирек кездесетін жойылып бара жатқан түрлерін сақтап қалу үшін бұл жерге қорғалатын нысан мәртебесі қажет. Аумағы 9 гектар шамасында. Ескерткіш типі – ботаникалық.
Климаты
Егіндібұлақ ауылының территориясындағы көп жылғы ауа райы режимі өткен геологиялық кезеңдердегі қалыптасқан, жалпы жаһанды климат жағдайларына сәйкес оның бөліктерінің континентті режимге жүйелі өзгере отырып қалыптаса бастады. Климатымыз барлық мұхиттардан және теңіздерден шалғай орналасуына байланысты шұғыл континентті. Қаңтардың орташа температурасы - 14 0С , ал шілдеде 22,50С, орташа жылдық температура 4,1 0C,жауын шашын ең көп жауатын ай – мамыр айында (32 мм), ең төменгі көрсеткіш – наурыз айында(15 мм), жауын – шашынның орташа жылдық мөлшері – 300 мм. Кейбір жылдарда климат жағдайы жиі өзгеріп тұрады. Барлық жерде де жылдың төрт маусымы айқын байқалады.
Көктем кезінде ауа температурасы тез көтеріледі. Бірақ мұндай күннің жылынуы секірмелі түрде өтеді. Себебі салқындық қайталанып келеді, тіпті кейде үсік те болады.Көктем бұл жерде едәуір қуаңшылығымен ерекшеленеді. Жауын – шашын өте тұрақсыз: кейде ылғалды көктемде нормадан 3-4 есе көп жауады, ал құрғақ көктемде нормадан 3-4 есе көп жауады, ал құрғақ көктемде кейде, тіпті, жаумайды немесе болар болмас қана жауын – шашын түседі.
Жазда күн радиациясының едәуір мол түсу топырақты қыздырып, құрғатып жібереді және жиі қуаңшылыққа әкеліп соқтырады. Атмосфералық жауын – шашынмен ылғалдануы үлкен өзгеріске ұшыратады: қуаңшылық жылдар, тіпті мол ылғалды жылдармен алмасып отырады.Жаз кезінде циклондық фронттар өткен кезде жауын – шашын мөлшері, бір ғана жаңбырлы кезде түседі. Кей уақытта жаңбырсыз кезеңдер 1,5-2 ай мерзімге дейін созылады. Жаз тұтастай алғанда, ашық, құрғақ және өте ыстық ауа райымен сипатталады.
Күзде ауа температурасының амплитудасы жазға қарағанда төменірек, көбінесе бұлтты, төмендеген ауа ағындарына байланысты жауын – шашын мөлшері азаяды.Температураның төмендеуі айдан айға өтуі басында баяу, күздің соңына қарай өсе түседі, ал қыстың алдында, төмен түсуі қайтадан бәсеңдейді. Қараша айында ауаның орташа айлық температурасы кері минустық белгіге дейін төмендейді. Қыста антициклондар жиі байқалады.Ондағы ауаның салқындауы қар жамылғысының әсерінен күшейе түседі, ол үскірік аяздың болуына себебін тигізеді. Сонымен бірге мерзім бұлтты, бұлыңғыр күндердің басым болуымен сипатталады. Қыс тұрақты қар жамылғысының болуымен және температураның кенеттен төмендеуімен ерекшеленеді.
Ішкі сулары.
Ауылымыздағы кіші өзендер тобына жататын су нысаны бұл Матвеевка мен Белая өзендері. Ағыс бойымен жоғарыдан төмен қарай бірінші болып ұзындығы 20 км болатын Белая өзені Деркул өзенінің сол жақ саласы болып табылады, жоғарғы ағысында Матвеевка өзенінің суларын қосып алып, Асерчево ауылынан төмен 2 км қашықтықта Деркул өзеніне барып құяды. Матвеевка өзені дәл ауыл ортасынан солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай бағытталып, ағып өтетін өзен.
Қариялардың айтуы бойынша өзеннің атауы сол кезде Цыганово хуторында өмір сүрген және ең бірінші болып бұлақтардың көзін ашқан адамның фамилиясына негізделіп «Матвеевка» деп қойылған. Осы адамның арқасында бірінші көпірлер салынған болатын. Өзеннің жалпы иірілімімен санағандағы ұзындығы 1,5 км ді құрайды. Орташа тереңдігі 2 метр көп бөлігі таяз кіші өзендер тобына жатады.Өзеннің орташа ағысы 5 метр/секундына.Өзен көктем мезгілінде еріген қар сулары, жаңбыр суларымен толып, судың деңгейі көтеріледі. Су жағасынан 3-4 метрге шығып жайылма жасайды. Өзеннің суын бөгеп ұстап тұрған гравий, малта тастардан жасалған бөгетті су тасығанда шайып тастайды. Апта сайынғы көктемгі сенбіліктерде су тартылғаннан кейін бөгет қайтадан ауыл тұрғындарымен салынады. Матвеевка өзенінің суын ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне, үй тұрмысына, бау – бақша суаруға пайдаланылады. Өзен жағасында суды тартатын мотор орнатылған, әр аулаға су құбырлары орнатылған. Бірақ та қазіргі кезде құбырлардың ескіруіне байланысты әрбір жерден буырқап су ағып тұрады. Мұның барлығы ең алдымен судың ысырапталуынаудың алып келеді. «Судың да сұрауы бар» дейді халық даналығында, суды ұқыппен пайдаланудың да жолдары баршылық.
Өсімдіктер дүниесі.
Ауылымыздың табиғатының маңызды құрамдас бөлігі ұзақ жылдар бойы қысы ұзаққа созылатын, сондай – ақ тұтастай алғанда ылғалдылығы жетіспейтін ыстық және құрғақ құрлықтық климат жағдайында қалыптасқан өсімдік әлемі болып табылады. Өсімдіктер күн энергиясын органикалық заттардың химиялық байланыстарына айналдырады, демек оның қуатын жинақтайды. Олар дайын органикалық затпен ғана қоректене алатын жануарлар азығының желісінен бастау алады. Сан алуан түрлі өсімдіктердің қанат жаюы топырақ үлгілерінің таралуына, олардың механикалық құрамдарына, ылғалдану режимдеріне, тұздарына дәрежесіне, сортаңдануына, жер асты суларының деңгейі мен минералдану дәрежесіне, баурайлардың көріністеріне және басқаларына байланысты. Ылғалы мол жерлерде далалық өсімдіктер өседі. Ақселеулі далалар екі фенологиялық фазаларға бөлінеді: қанатты ақселеулі көктемгі әсем (Саздақ және құмдауыт топырақтарда әдетте бетеге боздар) және түбірлі шашақты ақселеулі жазғы (садақ боз, тырсық бетеге) далалар. Шымды өсімдіктердің басым топтанып өсуі далаларда максиальді фитомассаның жиналуына жағдай жасайды. Далалық сан алуан өсімдіктердің құрамына сояу түбірлі өсімдіктер (мысалы, қалампыр, гүлкекіре және т.б), тамыр сабақтылар (мысалы, бурыл бөденешөп, қызылбояулар және т.б.), атпа бұтақ сабақтылар (бөрте, жусан) кіреді. Сайлардың бөктерлері мен дала ойыстарында далалық бұталар тобылғы, шаңқурай жапырақты тобылғы, аласа бадамша, бұталы қараған және басқалары кездеседі.
Жануарлар дүниесі.
Дала зонасының жануарлары өсімдіктер қауымдастығының қатаң жағдайында қоректенуге бейімделген. Ашық ландшафт баспана табуды қажетсінеді. Сондықтан олардың көпшілігі ін қазып, немесе басқа індерге кіріп алады. Бұл жануарлардың тағы бір ерекшелігі – түстерінің топырақ пен өсімдіктерге ұқсас, біртектес болып келуі. Жазғы құрғақшылық кезінде көптеген жануарлар жартылай тыны салу жағдайында болып, демек өздерінің белсенділіктерін төмендетсе, қыста ұйқыға кетеді. Жануарлары: саршұнақ,атжалман,кішкене тышқан, құмтышқын, түз тышқаны және басқа тышқандардың түрлері, жәндіктерден: балаңқұрттар, зауза қоңыздары мен көң қоңыздары, шегіртке және инелік, шашаққанат көбелектер, Бурцелезка деп аталатын тоғайда қабан жиі кездеседі. Барлық жерде дерлік ор қояны бар.Сонымен қатар құндыз , құстардан: далаларды сұр шіл, бөдене,құрлар, бозторғай, тырна, үкі және т.б. мекендейді.
Халқы, экономикасы
Қаңтар айына халықтың санағы бойынша Егіндібұлақ ауылында 562 адам, Чеснаков бөлімшесінде 52 адам, ауылдық округтегі жалпы халық саны 614 адам. Ауылдық округте барлығы 166 тұрғын үй бар, соның ішінде Егіндібұлақта 144 үй, ал Чеснаковта 22 үй бар.
Егіндібұлақ ауылындағы тұрғындардың жас мөлшері.
8 жасқа дейінгі балалар |
8 жастан 16 жасқа дейінгі балалар |
16 жастан 21 жасқа дейінгі балалар |
22 жастан жоғары |
77 |
45 |
51 |
389 |
Чеснаков бөлімшесіндегі халықтың жас мөлшері
8 жасқа дейінгі балалар |
8 жастан 16 жасқа дейінгі балалар |
16 жастан 21 жасқа дейінгі балалар |
22 жастан жоғары |
2 |
5 |
5 |
40 |
Еңбек ресурсы:
Егіндібұлақ ауылы бойынша
Жұмыспен қамтылған халықтың саны |
Еңбекке жарамды жұмыспен қамтылған халықтың саны |
Еңбекке жарамсыз халықтың саны |
Зейнеткерлер саны |
254 |
63 |
154 |
91 |
Чеснаков ауылы бойынша
Жұмыспен қамтылған халықтың саны |
Еңбекке жарамды жұмыспен қамтылған халықтың саны |
Еңбекке жарамсыз халықтың саны |
Зейнеткерлер саны |
13 |
20 |
9 |
10 |
Халық көбіне жеке шаруашылықпен айналысады.
Ауылымызда «Алан» , «В.Шапошников», «А.Судаков» шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығына өз үлестерін қосуда, егістік алқаптарында бидай, арпа егістіктерін өсіреді, мал азықтық шөппен халықты қамтамасыз етеді.
Егістік алқабы – 12 мың га құраса, жайылымдық жер – 11 мың га қамтиды. Қалған жердің бөлігін аулалардағы бау – бақша алып жатыр.
Ауылымызда ауыл шаруашылығың дамуын көрсететін ол мал шаруашылығының көрсеткіші. Мысалы, 2017 жылдың қаңтар айына алғандағы ірі қара мал – 1140 , соның ішінде сиыр – 461 бас, қой мен ешкі 2158, жылқы – 89, шошқа – 36 бас, құс – 2977 ні құрайды.
Ауылымызда 1 орта мектеп, 1 ауылдық клуб, 2 кітапхана, 1 медициналық - фельдшерлік пункт және ауылдық әкімшілік жұмыс жасайды.
Көше атауларының топонимикасы
Ауылымыздың орталық Топорков көшесі Чапаев дивизиясының бірінші Николаев полкінің командирі Илья Николаевич Топорковтың есимимен байланысты қойылған. Мұрағат мәліметтерімен жұмыстанған кезде білгенім Топорков И.Н. Самара губерниясының Сулак ауылының Николаев уездінде 1894 жылы шаруалар отбасында дүниеге келген. Ескі әскери бөлімде қызмет еткен аға унтер офицер. Қызыл гвардия отрядының бірінші ұйымдастырушыларының бірі , ерекше ерлігімен көзге түскен. 1918 жылдың шілде айындағы Цыганово хуторындағы «Белая шишка» аумағына қарай Чапаев дивизиясындағы бірінші Николаев полкінің командирі Илья Топорков шайқаста қаза тапқан. Оның құрметіне ауыл аумағында орналасқан ауылдық кеңеске атауы беріліп, сол уақытта Топорков ауылдық округі деп аталды.
Ауылымыздың келесі көшесі – Чапаев көшесі. Оның атауы Азамат соғысы кезіндегі оқиғалармен байланысты.Василий Иванович Чапаевтың басшылығымен жүрген шайқас осы ауданда өтті деген мәлімет бар. «Чапаев аңыздары» шығармасындағы мәліметтер негізінде сүйене келе білгенім 1918 жылы 11 шілдеде чапаевшылар Цыганово хуторына жақындағанда, шайқас басталып кеткен.
Строительная көшесі – 70-80 жылдары колхозда тұрғын үйлердің салынуы жүзеге асқан. Соған байланысты көшенің атауы оны салушылардың атуауымен аталды.
Школьная көшесі 1975 жылы колхоз қаражатына орта білім ордасы – Цыганов мектебі салынған. Бұл көшеде мектептің орнығуына байланысты көше атауы Школьная деп аталып кетті. Бұл шағын көше ауылды батыстан шығысқа қарай кесіп өтеді.
Қорытынды
Ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ халқындағы “Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Мен даланы қоныс еткен көшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді. Олардың әлеуметтік ортасы да адамға қолайлы болуы қажет. Бұл қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды тудырды. Дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, қоңсыларды қоспағанда) ру мүшелерінен тұрды. Егіндібұлақ ауылы да сондай қауымдастықтың негізінде құрылған елді мекен демекпін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясы
-
Батыс Қазақстан облысының тарихи – мәдени және табиғат мұралары ескерткіштері, Зеленов ауданы, Орал 2008жыл.
-
Ауылдық әкімшіліктегі статистикалық мәліметтер
-
Интернет ресурсы