Материалдар / Баяндама Тақырыбы: «Фонетикалық – фонематикалық бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілін дамытуға ойын мен ойын тәсілдерін қолдану»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама Тақырыбы: «Фонетикалық – фонематикалық бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілін дамытуға ойын мен ойын тәсілдерін қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада фонетикалық-фонематикалық бұзылыстары бар оқушыларды дамыту жолдары және түзету ойындары көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
2508
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)

мемлекеттік коммуналдық мекемесі











Баяндама

Тақырыбы: «Фонетикалық – фонематикалық бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілін дамытуға ойын мен ойын тәсілдерін қолдану»

(әдістемелік отырыс)










Дайындаған: дефектолог-логопед Наурузова Нұргүл Камиловна




















Талдықорған қ.

2015ж



Фонетикалық – фонематикалық бұзылыстары балалардың сөйлеу тілін дамытуға ойын мен ойын тәсілдерін қолдану.

Фонетикалық – фонематикалық тілдік дамымаушылық – бұл әртүрлі сөйлеу бұзылыстарының салдарынан баланың ана тілінде дыбыстау жүйесінің қалыптасуының бұзылысы. Фонетикалық – фонематикалық тілдің дамымаушылығы бар алты жасар баланың сөйлеу тіліндегі негізгі көрінетін белгі дыбыстарының қалыптаспауы. Бұл балаға тән белгі фонематикалық қабылдау қабілетін қалыптасуының жеткіліксіздігі болып табылады. Лексикалық – грамматикалық дамуы да кешеуілдейді.

Сөйлеу тілінің фонетикалық – фонематикалық дамымауы - бұл сөйлеу жүйесіндегі дыбыс айту үрдістерінің қалыптасуындағы бұзылыс, ол әртүрлі сөйлеу бұзылыстары бар дыбыс айту мен қабылдаудың бұзылу салдарынан болады.

Сөйлеу тілінің дыбыстық қатарының қалыптасуындағы ауытқушылықтардың барлық түрі екі категорияда біріктіріледі: фонетикалық және фонематикалық (фонологиялық) бұзылыстар.

Сөйлеу тілінің фонетикалық бұзылысы моторлы механизмдер, ал фонологиялық – сөздің дыбыстық қатарының тілдік бағдарлану операцияларының толық болмауымен байланысты деп саналады. Сөйлеу тілінің дыбыстық қатарының қалыптасуындағы бұзылыстарға себепші механизмдердің 7 түрін қарастыру қабылданған:

  1. артикуляциялық мүшелердің бұзылысы (неврологиялық механизм);

  2. артикуляциялық праксистің қалыптаспағандығы;

  3. сенсорлы бұзылыстар (көбінесе есту);

  4. аралас сенсомоторлы механизмдер;

  5. артикуляциялық мүшелер мен тісжақ аппаратының анатомиялық аномалиясы;

  6. функционалды бұзылыстар;

  7. ақыл-ой дамымаушылық.


Дыбыс айту мен фонематикалық қабылдаудың қарастырылған ерекшеліктерімен қатар, фонетикалық – фонематикалық дамымаушылығы бар балаларда сөздің түсініктілігі мен айқындылығының дамымаушылығы байқалады.

Фонематикалық қабылдауды қалыптастыру бойынша жұмыс ең алдымен сөздік емес дыбыстар материалында жүзеге асады. Арнайы ойындар мен жаттығулар үрдісінде балаларда сөздік емес дыбыстарды тану мен ажырату қабілеттілігі дамиды.

Балалар ойын кезінде дыбыстық тіркестерді, сөздерді естіп, дауыстың тембрін, күшін және биіктігін ажыратуды үйрене білуі қажет. Осыдан кейін олар дыбыстық құрамы жағынан жақын дыбыстарды, кейінірек - буындарды және қазақ тілінің фонемаларын ажыратуды үйренеді.

Фонематикалық қабылдауды дамытуға арнайы уақыт бөлінеді, қойылған дыбысқа байланысты әр түрлі жаттығулар мен немесе айтылған дыбысты есту, сондай –ақ есту қабілетін дамыту.

Баланың сөйлеу тіліндегі дамымаушылықтың қатарына дыбыстарды дұрыс айтпау, сөздік қатарының жетіспеуі, мәнерлеп айту тәсілдерінің дұрыс қолданбау, сондай-ақ «шамадан тыс бос сөйлеу» жатады. Осыған байланысты сөйлеу тілінің құрылымы мен оларды балалардың ақылмен қолдануына аса назар аудару керек.

Балаларға фонематикалық есту қабілетін дамыту үшін арналған ойындарды ұсынамын.


«Кім солай сөйлейді?» ойыны

Мақсаты: жануарларды дауысынан айыра білуге және дауыстарына еліктеуге үйрету.

Құрал: доп.

Ойын: ойынға 4-5 бала қатысады. Балалар жарты дөңгелекке тұрады, ортасында доппен мұғалім тұрады. Балаларға доп лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты қағап алып, сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек. Немесе допты лақтырып: «Ит қалай үреді көрсетші» дейді.


«Бұл не қылған дыбыс» ойыны

Мақсаты: Баланы бір дыбысты екінші дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету.

Құрал:бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.

Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, мұғалім балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінділікпен тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: аааана, ааайна, ааааалма.


«Ұйықтама, сөзді тез ата» ойыны

Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестіруін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.

Құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы.

Ойын барысы: бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Суретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатыны сұрау. Содан кейін осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар.


«Қайтала» ойыны

Мақсаты: Есту зейінін, фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Құралдар: барабан

Ойын барысы: Ойынды топпен де, жеке де ойнатуға болады. Балалар көздерін жұмады, мұғалім аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет.


«Жаңғырық» ойыны.

Бұл тапсырма естіп қабылдауды, зейінін және берілген бірізділікте бундық қатарды қайталай алу іскерлігін тексеру үшін бағытталған тапсырма.

Зерттеу әдісі: балаға «Жаңғырық» ойынын ойнау ұсынылады Логопед келесі буындар қатарын айтады: па-ба, та-да, ка-га,па-па-па-ба, та-да-та,па-ба-па.

Нәтижесі: нұсқауға сәйкес тапсырманың орындалуы.


«Қайтала».

Бұл тапсырма зейінді, қабылдауды, ұсынылған сөздерді берілген бірізділікпен айтып шығу іскерлігін тексеру үшін бағытталған.

Зерттеу әдісі: логопед балаға келесі сөздер қатарын қайталауын ұсынады: мол-шол-жол, доп-топ, шар-шал.

Нәтижесі: нұсқауға сәйкес тапсырманың орындалуы


«Зейін қойып тыңда».

Бұл тапсырма фонематикалық есту қабілетінің қалыптасу деңгейін тексеру үшін бағытталған.

Зерттеу әдісі: логопед балаға ойнауды ұсынады: «Мен сөздерді айта бастаймын, сен ш дыбысын естігенде бір рет шапалақтайсың». (тура осылай басқа дыбыстарға да)

Нәтижесі: баланың естіп қабылдауы, оның дыбыстарды шапалақпен дұрыс анықтай алу іскерлігі.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!