Материалдар / Баяндама тақырыбы: Оқушылардың зерттеу қызметін тиімді ұйымдастырудың нәтижелілігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама тақырыбы: Оқушылардың зерттеу қызметін тиімді ұйымдастырудың нәтижелілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама зерттеу жұмысын ұйымдастырушы мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2024
174
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда қалалық білім бөлімі

Ә.Құдабаев атындағы №197 қазақ орта мектебі













«Жаңа қоғам мұғалімінің педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы ІІІ республикалық ғылыми-әдістемелік конференция



Баяндама тақырыбы: Оқушылардың зерттеу қызметін тиімді ұйымдастырудың нәтижелілігі

Баяндамашы: Жұмабекова Ұлбосын Ерғабылқызы Көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші



























Қызылорда қаласы, 2024 жыл

Оқушылардың зерттеу қызметін тиімді ұйымдастырудың нәтижелілігі

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
Ә.Құдабаев атындағы №197 қазақ орта мектебінің
көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші

Жұмабекова Ұлбосын Ерғабылқызы



«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»

Питер Клайн

Аннотация

Баяндамада оқушыларды зерттеу жұмыстарына мектеп жасынан бастап баулудың тиімділігін алға тарта отырып, өз іс-тәжірибемдегі нәтижелі жұмыстарға тоқталдым.

Түсіндірме сөздер: ғылыми жоба, шығармашылық ізденіс, нәтиже

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:


Мақсаты:

Жас ұрпақтың терең білім алып, ой-өрісін өсіріп, шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдай туғызу, сөйтіп әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығуын қанағаттандыруына ынталандыру, бойындағы қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасау.
Міндеттері:

  • Бала бойындағы бейімділікті байқай алу;

  • Қабілеті жоғары оқушыларды ерте анықтау;

  • Оқушының дүниетанымын кеңейту, оларды зерттеушілік қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіру.


Тақырыптың өзектілігі:

Оқушылар бойындағы бейімділік пен талантын, танымдық, ізденушілік қабілеттерін зерттеу негізінде қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру, оқушыны ізденіске, танымдық ынтаға, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеу. Еліміздің ғылым саласының дамуына елеулі үлес қосатын жастарды тәрбиелеу.

Зерттеу жұмыстары- оқушылардың жеке, жұптық немесе топтық зерттеу жұмыстары бойынша жүзеге асады.

Күтілетін нәтиже

1. Оқушылардың зерттеу жұмысына деген қызығушылығының, ынтасының артуы

2. Жасампаз және өнерпаз тұлғаның қалыптасуы

3. Тілдік қорының кеңеюі

4. Еңбекті бағалай білетін тұлға

Дарынды оқушылардың ізденушілік қасиетін қалыптастыру зерттеуде оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі- біздің елімізде соңғы уақытта оқушылардың ізденісін республикалық, сондай-ақ халықаралық деңгейде көрсетіп жүрген – ғылыми жоба және шығармашылық жобалар жарыстары.

Shape1

Мектептегі ізденіс жұмысының және оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі – баланың пәнге деген қызығушылығын анықтау, тәрбиелеу, жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік көрсету. Осы қағиданың негізінде ерекше қабілеті бар балалар ізденіс жұмыстарына белсенді қатысып тартылады.


Shape2

Іздену жұмыстары арқылы оқушының ойлау қабілетін анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау. Балалардың ізденіс жұмысқа бейімделуі – терең білімнің негізі болып ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің даму кепілі болып табылады.

Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы керек. Ендеше мектепте оқушыны ізденіс жұмысына қатыстыра отырып ғылыми мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттін ашуларын көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін мен мектебімізде «Ізденіс» атты оқушылардың ғылыми қоғамын басқарып, оқушылар мен олардың жетекшілеріне бағыт-бағдар беруімнің арқасында оқушыларымыз ғылыми жоба жарыстарынан бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп келеді.


«Ізденіс» ғылыми қоғамының алға қойған мақсаты:

•  түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауда оқушылар мен оқытушылардың бірлесе жұмылуының арқасында оқу үдерісі сапасын көтеру;

•    оқушылардың қолданбалы, әдістемелік, ізденушілік және іргелі ғылыми  зерттеулер жүргізуге қатысуы;

•  арнайы оқу орындарының ғылыми мектептерінде ұрпақ ізбасарлығын қолдау және дамыту;

•   оқушыларда өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасай білу қабілетін дамыту;

•  оқушыларға оқу үдерісінде қазіргі ғылымның түрлі бағыттарында өз күштерін сынай білуге мүмкіндік беру;

•   оқушыларды өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстарға тарту


Ал, шығaрмашылық жоба — әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, көркем еңбек пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс . Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Осы орайда дарынды оқушылардың шығармашылық ізденісінен туындаған тың жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, оларды марапаттап қанаттандырып отырамын.

Мен оқушыларға сапалы білім беріп қана қоймай, оларды қолөнеріне және зерттеу жұмыстарына үйретіп, болашағына кәсіби бағыт -бағдар берудемін және де өз сабақтарым мен тәрбиелік іс-шараларымда түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушы қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушылардың жоба тәсілдері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру барысында мен оқушылардың жекелеген оқыту түрлерін ғана емес, сондай-ақ топтық жұмыс түрлерін де қолданамын. Топтық жұмыс оқушыларды іскери бағытпен, қарым-қатынаспен, сыныптастарын жақсы қырынан тану, өзін солармен салыстыру, өзіндік бағалау шеңберін ұлғайту жағымен қызықтырады. Өзімнің көп жылдық ұстаздық тәжірибеме сүйене отырып, сабақ мазмұны неғұрлым оқушылардың көңілінен шықса, соғұрлым даралық танытуға мүмкіндік туып, шығармашылық қабілеттерін танытуға мүмкіндік алатынын айтар едім.

Тер төгіп үйреткен сапалы білім мен саналы тәрбиесінің арқасында менің оқушыларым қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі байқаулар мен ғылыми жоба, шығармашылық жоба жарыстарында жүлделі орындарға ие болып келеді.

2019ж. «Жүрек жылуы» атты ерекше балаларға арналған өнер фестивалінде оқушым Мұханбетия Нұрберді Бас жүлде алып, облыс әкімдігінің 500 000 ақшалай сыйлығына ие болды.

2019-2020 оқу жылында «Зерде» республикалық ғылыми жобалар байқауында оқушым Әніс Шыңғыс қалалық, облыстық кезеңдерден І орын, республикалық кезеңнен ІІ орынға және «DARYN ECOART» сурет және көркем қолөнер көрмесінің «Металды көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша облыстық кезеңнен І орын, республикалық кезеңінен ІІ орынға ие болды.

2022ж. Менің Отаныма – менің бастамам” республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінде “Қазақстанның 100 жаңа есімі” номинациясы бойынша Қайырбек Мерей ІІ орын, “Жаңғырту полюсі” номинациясы бойынша Қуандық Динара ІІ орынға ие болды.

2022ж. Дарынды оқушым Әніс Шыңғыс «Жыл оқушысы» байқауының қалалық, облыстық кезеңдерінің І орын жүлдегері, республикалық кезеңнің Алғыс хат иегері атанды және жыл бойы жеткен жетістіктері нәтижесінде «Жыл үздігі-2022» атанып, облыс әкімдігінің бағалы сыйлығына ие болды.

2023ж. «Жүрек жылуы» атты облыстық ерекше балаларға арналған өнер фестивалінде инклюзивті білім алушы Кенішбаева Анар Бас жүлде алғаны үшін облыс әкімдігінің бағалы сыйлығына ие болды.


Мен сонымен қатар оқушыларымды мектеп қабырғасынан өздері ұнататын кәсіппен айналысып, табыс табуына да ықпал жасаудамын. Оқушым Серікбай Балжан «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының «Менің кәсібім-менің бизнесім» номинациясы бойынша қалалық кезеңінен І орын, облыстық кезеңінен ІІ орынға ие болды.

Оқушылардың ғылыми-зерттеу, шығармашылық-ізденіс жұмыстары білім берудің негізгі бөлігі және білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады. Елдің ертеңі білімнің тереңдігімен өлшенеді демекші, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді.Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету. «Шәкірт – нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау мектептің басты мақсаттарының бірі.

Менің шәкірттерімді тұлға ретінде қалыптастырудағы еңбегім бағаланып, лайықты марапаттарға ие болып келемін. Жылдар бойы үздіксіз нәтижелі қызметімнің арқасында «Үздік ұстаз-2023» байқауының қалалық кезеңінің жүлдегері атандым. Шәкірт жүрегінен орын алып, олардың болашағына жарқын жол салуда аянбай еткен еңбегім осылай жемісті бола бермек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Б.Қ.Игенбаева, Ү.Б.Жексенбаева. «Зерттеушілікке оқыту технологиясы»

  2. М.Б.Аманбаева. «Мұғалімдердің зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру»

  3. https://kk.wikipedia.org/

  4. https://infourok.ru/%D2%93ylymi-zh%D2%B1mys%D2%9Ba-%D2%9Bojylatyn-talaptar-4893786.html





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!