Баяндама тақырыбы: «Қашықтан оқытудың жолдары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама тақырыбы: «Қашықтан оқытудың жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің негізгі мақсаты қашықтан оқыту кезінде тапсырмаларды құрастыру жолдары. Жалпы, сабақтың тиімді жоспарын құру қажетті уақытты, білім алушылардың қабілеттері мен мақсатты түсінуді талап етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Заречный мектеп-лицейі" ММ

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Майконова Райхан Ержанқызы.

Баяндама тақырыбы: «Қашықтан оқытудың жолдары»

Қазіргі уақытта қашықтан оқыту жағдайында мұғалімдер тарапынан көптеген сұрақтар туындап жатқаны бәрімізге аян. Осы қиындықтарды жою мақсатында тақырыпқа сай көптеген вебинарлар, курстар ұйымдастырылады. Мұғалімнің негізгі мақсаты қашықтан оқыту кезінде тапсырмаларды құрастыру жолдары. Жалпы, сабақтың тиімді жоспарын құру қажетті уақытты, білім алушылардың қабілеттері мен мақсатты түсінуді талап етеді. Мақсат барлық оқуда – оқушылардың есте білімі сақталып қалуында қашықтықта отырып нені, қалай үйретемін, өздіктерінен білім, білік дағдыларын қалыптастырамын.

Сабақ – мақсат қою мен мақсатты жүзеге асыру үдерістерін орындау барысы екені мәлім. Ал, мақсат – адам болашақта белгілі бір іс-әрекет негізінде қол жеткізетін алдын–ала жоспарланған нәтиже. Ендеше, қашықтан оқытуда сабақты қалай іске асыруда деген сұрақтар туындайды. Бұл жерде айта кететін ойым, қатып қалған платформа жоқ. Мұғалім оқу үдерісінде өзіне де, оқушы мен ата-анаға ыңғайлы желіні таңдайды. Атап кететін болсақ, тапсырманы мұғалім алады (интернет жоқ болған жағдайда),бейнеконференциялар, аудиоконференциялар, бейнедәрістер, ортақ чаттар, радио телекоммуникациялар ұйымдастыруға болады. Электрондық пошта, Онлайн мектеп, WhatsApp, Bilimland, ZOOM т.б платформаларды қолданады. 2 айда қашықтан оқытуда балалардан кері байланыс барысында көпшілігі өздеріне ыңғайлы WhatsApp, Онлайн мектеп желісін таңдадым. Осы платформалар арқылы тапсырмаларды беремін, кері байланыстарды аламын.

Қашықтан оқытуда тапсырма жоспарлауда нені ескерілу керек.

Тақырыбы..

Күрделі, жоғары деңгейдегі оқу мақсаттарының маңыздылығын сұрыптау;

Төменгі ойлау деңгейдегі оқу мақсаттарында қарастыруға болады, бірақ оған аса көп көңіл аудармай, уақытынды тиімді басқару мақсатында оқушыға өздігінен ізденуіне, үй тапсырмасы ретінде, кіріктіріп жіберуге де болады.

Оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін құрастыру;

Критерийлерге сай тапсырмалар, дескрипторлар құрастыру;

Қосымша ресурстарды дұрыс таңдау

Функционалдық сауаттылығы қолдануға болады;

Тапсырманы құрастыруда қосымша ресурстарды қолдану(сурет, видео, мәтін және т.б.)



Қашықтан оқытуда тапсырмаға қойылатын талаптар:

Оқушылардың қажеттіліктеріне орай тапсырманың деңгейлік сипаты;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тапсырманы ескеру;

Оқу материалының жеткілікті көлемін қамтылуы;

Тапсырмаға нақты мақсат қойылады, ал нәтижесінде ол орындалады;

Шығармашылық сипатта болуы;

Оқушыға түсінікті және қызықты болуы тиіс;

Өздігінен ізденуге бағытталған.

Қорыта келгенде, қашықтан оқытуда сабақты жоспарлау оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды оқу мақсатына сай нақты, жүйелі, қолжетімді етіп құрастыру, оқушыға да, ата-анаға да орындауға жеңіл тиіп, кері байланыс орнатуға да тиімді болары сөзсіз. Сабақты жоспарлауға шығармашылықпен қарап, уақытша болып жатқан өмір талабына сай оқушылардың бойында кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған оқу ортасын құруға басты назар аударуы қажет деп ойлаймын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2021
514
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі