400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама "Тәрбие - тал бесіктен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Тәрбие - тал бесіктен" Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәрбие – тал бесіктен»

(баяндама)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде: «Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық қатынасқа көшіру кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құруы іскер, өмірге икемделгіш, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» – деп атап көрсеткендей, педагогика ғылымында тәрбиенің мақсаты жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу.

Тәрбие - мақсатты жүйеде тұлға қалыптастыруга бағытталған үдеріс, яғни арнайы ұйымдастырылған, тәрбие мақсатын іске асыруға бағышталған тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы басқарымды әрі бақылаулы өзара ықпалды іс-әрекет қатынастары.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Баланың тәрбиесіне ықпал ететін негізгі төрт нәрсе бар: отбасы мен өскен ортасы, балабақша, мектебі мен достары. Міне, бұлар үйлесім тауып, адам тәрбиесіне сергек қараса, ұлтқа қауіп төнбес еді. Кез келген ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы болуы керек. Сондықтан ұрпағымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, ел қамын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық тәрбиені бойына дарытуда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына бір ұлағатты сөзі бағдаршам болмақ: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намыс болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа».

  Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.

Халықтық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу болса,  міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-иннова­циялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. 

Ресей педагогы К.Д.Ушинский: «Тәрбиенің мақсаты – қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу» – деп, адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек-тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырса, «Человек как предмет воспитания» еңбегінде: «Жақсы әдет – адамның нерв жүйесіне жиған адамгершілік капиталы: бұл капитал үздіксіз өсе береді және оның проценттерімен адам өмір бойы пайдаланады.

Ұлы ұстаз әл-Фараби: «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» – деп тәрбиенің мәніне ерекше тоқталды.

Тәрбиенің түп тамыры – ұлтты қадірлеу, ұлттық әдет–ғұрыпты дамыту, ұлттық дәстүрді жандандыру, ұлтаралық достық қарым–қатынасты нығайтуға үйрету. Сабақ та, тәрбие де осы бағытта болса ғана баланы ортаға қарап тәрбиелеген боламыз, сонда ғана оның адамгершілігі қалыптасады. Адамды құрметтеуге тәрбиелеуіміз қажет.


Дайындаған: Бахытжан Байдулдаев

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.12.2021
1303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12