Баяндама: "Тәрбиеші тұлғасының күші"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: "Тәрбиеші тұлғасының күші"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі балаларға тәрбие беру және оларды мектепте оқытуға дайындау ісін жүзеге асырады. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі көп қырлы. Ол мамандық дайындап, теориялық білімін үнемі тереңдетіп отырудан, жұмыс тәжірибесінен, баланы сүюден басталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындау білім, тәрбие және дамыту қатар жүргізілгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады. Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсіп, сонымен қатар тәрбиеші мен бала арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың тиімді, оңтайлы ұйымдастыруда жетілдіру қажеттігі туындайды. Тәрбиешінің педагогикалық қарым-қатынасының моральдық, этикалық нормаларын, психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын шебер білуі маңызды.

Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала өз отбасынан алса, жалғасы балабақшамен байланысады. Бала тәрбиесіндегі екінші жауапты адам – тәрбиеші. Қазақтың ғұлама ақыны, ғалымы А. Байтұрсынұлы: «Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық, дәрігер адамның денесін сауықтырса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» - деген. Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі балаларға тәрбие беру және оларды мектепте оқытуға дайындау ісін жүзеге асырады. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі көп қырлы. Ол мамандық дайындап, теориялық білімін үнемі тереңдетіп отырудан, жұмыс тәжірибесінен, баланы сүюден басталады.

Балалардың психологиясын, олармен жұмыс істеу методикасын жақсы білетін, беделі жоғары, педагогикалық әдептілікті меңгерген мәдениетті адам ғана тәрбиелеу мен оқыту шеберлігіне ие болады. Тәрбиешінің шеберлігі бірте-бірте қалыптасады.

Н.К. Крупская тәрбиешінің өз басының балаларға тигізер зор ықпалын атап көрсете келіп, былай деп жазды: «Балаларды ұстамды болуға үйретіп, өзі ұстамсыздық жасайтын, балаларды жолдастыққа үйретіп, өзін олармен жолдас ретінде емес, бастық ретінде ұстайтын тәрбиеші жаман тәрбиеші... Тәрбиеші балалардың жақын досы болуға тиіс».

Тәрбиешінің балаға ықпалы күнделікті өмірде, ойындарда, оқу сабақтарында, бірлескен еңбек іс-әрекетінде, қарым-қатынаста жүзеге асады. Ол әрбір баланы мұқият зерттеп, оның өзіндік ерекшеліктерін білуге, балалардың бәріне бірдей қарауға, педагогикалық әдептілік көрсетуге, балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекет нәтижелерін әділ бағалауға, дер кезінде көмек көрсетуге, олардың жанұядағы өміріне зер салып отыруға тиіс. Сонда ғана тәрбиеші баланың жеке басының дамуына мақсатты түрде ықпал жасай алады. Тәрбиеші қызметінің ойдағыдай болуының сөзсіз шарты оның балаларға деген ақылға қонымды талапкершілікпен ұштасқан сүйіспеншілігі болып табылады. Оның шынайылығы, кішіпейілділігі, мейірімділігі, қайырымдылығы, балалардың оған деген жүрек жылуын, ыстық ықыласын туғызады.

Балалар барлық жағынан да өзінің тәрбиешісіне еліктейді, оның әділеттілігіне сенеді, оның сендіруіне иланады. Тәрбиешінің моральдық тұлғасы олар үшін айналадағыларға, табиғатқа, Отанға, өзінің міндеттеріне деген қарым-қатынас үлгісі болып қалады. Тәрбиеші өзінің идеялық-теориялық және кәсіби дәрежесін үнемі көтеріп жүруі тиіс.

Бала болашақ, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егеменді еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі азамат, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса жауапты басты мәселелердің бірі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2019
1251
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі