Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама тарих
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді»
Н.Ә.Назарбаев
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында келешек ұрпақты бүгіннен бастап бәсекеге қабілетті, болашағын жоспарлай алатын, ұлттық салт-дәстүр мен өнерді бағалай білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу ұстаздардан басталады деген түсінікті негізге ала отырып, оқушылардың бойынан түрлі таланттары мен дарындарын, ынта жігерлері мен танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін, оқыту мен оқу үдерісін жақсарту жолдарын іздестіре бастадым.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін білім беру саласына тиімді реформалар жүргізу аса маңызды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» -дегені бекер емес. Адам өзгергісі келмесе оны ешкімде өзгерте алмайды. Ал өзгеру үшін оған мотив болу керек. Сол мотивті беретін мына біз ұстаздар қауымы. Яғни, баланы өзгерту үшін бізде өзгеріп, санамызды жаңартып, жаңалаққа бет бұрып, ізденуден шаршамауымыз керек деп ұғынамын.
Әлемде дамыған мемлекеттер өздерінің даму барысында білім реформасына көп еңбек етіп, нәтижесін көруде.
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда жеткілікті.
Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту үшін әлемдік жоғары деңгейдегі тәжірибелерді негізге алу бүгінгі заман талабы деп түсінемін. Қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесіндегі маңызы зор.
Әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген оқыту әдістемелерін өз тәжірибемде пайдаланудағы мақсатым, оқушылардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа түрлі дереккөздерден, оқулықтан, мұғалімнен алған білімдерімен байланыстыра алуға үйрету. Зерттеушілер дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгерту мен терең түсінік қалыптастырып, жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек еткен. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» оқыту арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайтынын, сол себепті механикалық есте сақтау, кейін оның қиындық тудырып, терең меңгерілмей, жаттанды болғандықтан оқу аяқталғаннан кейін керексіз болып, оқушы өмірде тиімді пайдалана алмай жататыны анық. Осы мақсатта, әлемдік теорияларды пайдаланып, оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін кез-келген жерде, кез-келген уақытта тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуді көздедім.
Оқытудың әлемдік сындарлы теориялары оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Яғни, мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым –түсініктерін өрістетуге ойластырылып, құрылады.
Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту үшін тарих пәнін оқытуда түрлі жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру маңызды.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі – оқушының өз бетінше білім алуы. Оның мақсаты шыңдалған ойға үйрету. Бұл тәсілдердің тиімділігі, оқушылар болжам жасауға, сұрақтар қоюға, тақырып бойынша мақсаттарды өздері құрастыруға, сыни тұрғыдан талдау жасауға жетелейді. Оқушыға дайын білім берілмейді. Алдын ала берілген тақырыпқа зерттеу жасап, мәтіндерді талдап, қорытынды жасауға үйренеді.
Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында өткен сабақта берілген жаңа ақпаратты қайта сұрайтын болсақ, мысалға:
«Керей хан қай жылы хан болды?»
«Керей қай жылдары билік етті?»
« Керейдің ұлының есімі кім?»
«Керей туралы қандай жазба деректерде кездеседі?» -деген сұрақтар оқушылардың ойлау қабілетін арттыра алмайтыны анық. Оны еске түсіру үшін дерек көздеріне сүйеніп жауап беретіндері тәжірибиелерді жиі кездесіп жатады. Яғни, оқушылардың шығармашылық не зерттеу қабілеттерін арттыру үшін: «Керей ханның шығу тегі туралы шежіре-пазл құрастырып(сурет), кластер түзу арқылы қызығушылықтарын оятуға болады.
Оқушылардың қазақ хандарының шежіресін «Пазл» әдісі арқылы құрастыру сәті
Оқушылардың өз бетінше іздену қабілетін арттыру үшін жәй ғана тапсырма беру жеткіліксіз. Оларды баға қою арқылы қызықтыра алмайсың, себебі үнемі үздік оқушылар төмендеп қалмас үшін ізденеді да, төмен деңгейдегі оқушылар ізденуге бас қатырмайды да. Қызығушылық танытпайтын оқушылар дерек көздерін іздеп бас ауыртпайтынын тәжірбиемде кездестіргем. Сол үшін бәріне ортақ, оларды ойланатындай, қызықтыра алатындай сұрақтарды алдын ала дайындап келдім:
«Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібектің есімдері қатар аталады, не себепті Керей бірінші хан болып сайланды?»
«Тарихи дерек көздерінде не үшін Керей хан мен Жәнібек деп кездеседі?»
«Керей мен Жәнібектің туыстық байланысы бар ма? Бар болса қандай?» -деген сияқты сұрақтар арқылы ой тастап, ізденуге итермелеуге болады.
Нәтижесінде байқағаным, сабақта үндемей отыратын оқушыларда ізденіп, ізденбегендері «Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібектің есімдері қатар аталады, не себепті Керей бірінші хан болып сайланды?» -деген сұраққа: Қазақ хандығы туралы фильмді көрген оқушыларда жамырласа өз ойларын еркін білдіріп отырды. Сабақта үндемей отыратын оқушының бірі Құдасбек Диас деген бала: «Апай, мен киносын көрдім, Керейдің жасы Жәнібектен әлде қайда үлкен, мүмкін жасы үлкен болғандықтан шығар»-деп жауап берсе, Есенбек Сәния деген үнемі үндемей отыратын ұяң оқушы қыз: «Апай, мен интернеттен іздедім, ол жерде жасы үлкен болғандықтан Керей бірінші хан болған және Керей де Жәнібек те Шыңғыс ханның ұрпағы, Орыс ханның шөбересі, Анике-Буладтың баласы екен» - деген ақпаратымен бөлісті.
Бұл жерде мен бір ғана емес, бірнеше оқушының қызығушылығын ояту арқылы ізденуге итермелегенім, оқушылардың ізденіп келіп, түрлі ақпарат әкелгендерімен бөлісіп, интернет пен әдебиет дерек көздеріндегі материалдарды фильмнен көргендерімен салыстыра талқылағандары қатты қуантты.
Ал, Құлмаханбет Зейнеп деген үздік оқитын оқушы Керейдің шығу тегі мен Жәнібектің туыстық қатынасын анықтау үшін әдебиеттерді ақтара отырып, шежіре жасап келгенін көрсетті. Ол жерде ол Керей мен Жәнібектің туыстық қатынасын анықтап көрсеткен:
Құлмаханбет Зейнеп есімді оқушының Керей мен Жәнібектің туыстық қатынасын зерттеген шежіресі
Мұғалім оқушыға өз мақсаттарын қоюға үйрету керек. Нәтижесінде оқушылар жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету үдерісінде қуанышқа бөленеді. Сабақтар оқушылардың мәселенің бүге-шүгесіне дейін назар аудару қабілеті дамитындай және тізбектелген сабақтар топтамасының материалын жүйелі игеріп, ізденіп, ұзақ уақыт назарда ұстайтындай қызығушылықтары артып, құрылуы керек.
Оқу мен оқыту үдерісін жақсарту үшін Жаңа түрлі тәсілдерді пайдалану тиімді. Бұл оқушыларды түрлі қырларынан көру ғана емес, оларды өздерін танытып, қызығушылықтарын арттыру. Түрлі әдістерді пайдалану арқылы мен тек қызығушылықтарын оятып, белсенділіктерін арттырып қана қоймайды, олар өздерін –өздері тани бастайды. Яғни, іздену барысында, олар көптеген әдеби кітаптармен танысады, ондағы өлең жолдарымен, сахналық көріністер дайындайды, постер жасайды, оны мектепке әкеліп қорғайды, көрініс көрсетеді. Сонымен қатар, мамандық таңдауға да септігін тигізері анық. Мұндағы мақсат оқушыларды ізденіске түсіріп, мұғалім бақылаушы, бағалаушы ретінде, сыныпты қызығушылығы мен мінез –құрылымдарына қарай, тұрақты үш қатарға (топқа):
«Тарихшылар»
«Заңгерлер»
«Журналистер» - деп бөлдім. Әр топқа іздену қабілетіне қарай міндеттерде бөлініп берілді. Мысалы:
«Тарихшылар» тобының міндеті –тақырыптың тарихи маңыздылығы мен нақты деректерге сүйеніп баяндайды.
«Заңгерлер» –сол тақырыптың ішінен заңға қатысты сілтемелерімен, деректерін бүгінгі заңмен салыстырады, байланысын анықтайды.
«Журналистер» –журналистік зерттеу жасайды, жаңа ақпарат іздейді.
Оқушылардың жеке және топтық жұмыстары
Қасым хан, Есім хан мен Тәуке хандардың заңдар жинағы туралы өткен сабақтарда постер жасап, реферат жазумен ғана шектелмей, Заңдар жинақтарына байланысты ұрлық, кісі өлімі мен адам ұрлау, мал ұрлау секілді қылмыс түрлеріне оқушылар сот отырысын ұйымдастырып, сыныпта кішігірім көрініс көрсетуге өз беттерімен дайындалып келген. Онда мал ұрлығы болғаны, оны көрген куәгерлердің бар екендігі және ол үшін жауапқа тарту үшін Тәуке ханнан төрелік сұрағандары өте қызықты әрі әсерлі болды (бейне жазба).
Абылай хан туралы көрініс
Оқушылардың постер жасап, қорғап тұрған сәті.
Қожамұрат Қарақат деген оқушының жасап келген «Мозайка» ойын әдісі мен оқушылардың шығаршашылық жұмыстары
Қазақ қоғамының заңдар жинағын шығарған хандарды өтіп біткен соң, үшінші топ яғни, «Заңгерлер» тобының атын «Әдебиетішілер» тобы етіп алмастырдық. Ондағы мақсат, Абылай ханға арналған ақын жыраулардың толғауларымен танысып, ізденістерін арттырып, әдебиет пәнімен байланыстыру болды.
*Абылайхан бейнесінің Бұқар
жырларында жырлануы
* Үмбетей жыраудың Абылайхан бейнесін сомдауы
* Тәтіқара жыраудың Абылайхан туралы
жырлары
*XIX ғасыр өлең жырларындағы Абылайхан –туралы оқушылар ізденіп келген. Атап айтатын болсақ: Сейілбек Мөлдір, Елемес Нұрсая, Қожамұрат Қарақат, Сембек Асылбек, Аманша Бекарыс, Бұқар жыраулар мен Махамбеттің толғаулары мен өлеңдерін жатқа айтып, қалған оқушылар жазып келгендерін айтты.
Әбілқайыр хан туралы тақырыбында оқушылардың ерекше ізденістері мені таң қалдырып, ерекше қуантты. Журналистер тобының мүшелері:
Құлмаханбет Зейнеп –жүргізуші ,
Өміртай Аружан -журналист,
Болат Адина -журналист,
Өтеубай Әкім –Мырзан Кенжебай, жазушы, ақын,
Сембек Асылбек –Талас Омарбеков- тарих ғылымының докторы,
Жақып Ерсайын –Қабдеш Жұмаділов-жазушы ,
Серікбай Назерке –журналист-сарапты,
Құлмаханбет Фатима –журналист –сыншы, аталған оқушылар интернет көздерінен Әбілқайыр хан туралы ізденіп, Әбілқайыр туралы ғалымдар мен журналистердің жағымды және жағымсыз пікірлерін тауып, барлық ақпаратты жазып алып, сыныпта сол жазған адамдар ретінде студия қонақтары болып, «Өз ойым» конференциясына шақырылған қонақтар ретінде көрініс көрсетті.
Көрініс. «Өз-ойым» -жазушы, сарапшы, сыншы-журналисттермен кездесу конференциясы
Әбілқайыр хан туралы ізденіс нәтижелері
Бөкейұлы Жәңгір хан тақырыбында Махамбеттің Жәңгірге арнаған («Хан емессің, қасқырсың, қара албасты басқырсың!) - арнауын жаттадық, оқушылармен бірге Махамббеттің не себепті олай айтқаны туралы қызыға талқыладық. Әр қайсысы іздеген ақпараттары бойынша бөліне бастады. Бірі Жәңгірді қолдаса, бірі қолдамай жатқандары да болды.
Бөкей Ордасының ханы Жәңгір тұңғыш қазақтарға балаларына арнап мектеп салдырған. Ол туралы оқушылар ізденіп, Жәңгір мектебінің суреттерін тауып әкелген.
Интернет көздерінен алынған, оқушылардың шығармашылық жұмыстары. Жәңгір мектептері
Жалпы жыл бойы оқушылар түрлі тәсілдерді пайдаланып, іздеу жұмыстарын жүргізді. Солардың қорытынды нәтижесі ретінде үш топтың, яғни, «Тарихшылар», «Әдебиетшілер», «Журналистер» топтарының іздеу нәтижелері төмендегідей:
Қазақ хандығының соңғы ханы –Кенесары ханды өткенде, «Журналистер» тобының оқушылары журналистік зерттеудегі қызығушылықтарын сұхбат ретінде бейне жазбаға түсіріп дайындап келді(бейнежазба).
Журналисттік зерттеу. Көшедегілерден сұхбат
Сонымен қоса, «Әдебиетшілер» тобының оқушылары Кенесары хан туралы «Хан кене» әдебиетінен Өміртай Аружан «Кенесарының Жоламанмен кездесуі» тақырыбында қысқаша көрініс іздеп келіп, оны
Кенесары –Нұрланов Нышанәлі,
Жоламан –Аманша Бекарыс,
Мұса –Досжан Рамазан есімді оқушылар сомдап, әдеби көрініс көрсетті(бейне жазба).
Көрініс. «Кенесарының Жоламанмен кездесуі»
«Тарихшылар» тобының зерттеу жұмыстары да әр сабақ сайын орындалып отырады. Соның бірі, І .Есенберлиннің «Көшпенділер» романы желісімен түсірілген «Қазақ хандығы» фильмі. Оқушылар осы фильмді сабақ үстінде көру үшін ізденіп-тауып әкелді. оны оқушылар қызыға тамашалады.
Жылдың қорытынды қайталау сабағында оқушылардың жыл бойы алған білімдерінен кері байланыс алынып, бағалау ретінде жыл бойындағы ізденістеріне байланысты:
Журналисттер тобына: «Жас журналист»,
«Талантты журналист»,
«Белсенді журналист»;
Тарихшылар тобына: «Жас тарихшы»,
«Талантты тарихшы»,
«Белсенді тарихшы»;
Әдебиетшілер тобына: «Жас әдебиетші»,
«Талантты әдебиетші»,
«Белсенді әдебиеті» -деген наминациялары бойынша оқушыларға мақтау қағаздары берілді.
Қорыта келгенде, Білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білім бүгінгі таңда аздық етеді. Мысалы үшін, Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдаған жастар, оқушылар сияқты сандық сауаты бар, технологияның бар мүмкіндігін пайдалана отырып, сандық технологиямен үнемі әрекеттесетін ұрпақ өкілдеріне жатады. Демек, қазіргі қоғамда оқушыларға ұстаздық ету үшін теориялық білім мен қоса технологияны да меңгеру керек.
2006 жылы Мишра және Кëлер: «Жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімнің оқушылардың осы білімді қалай игеретінін түсінуімен бірге жүруін көздеу керек. Барлық білім саласын (технологиялық, педагогикалық және теориялық) өзара байланыстыра алған мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады»-деген.
Ақпараттық сауаттылық –бұл сандық технологияны пайдалана отырып, ақпараттың орналасқан жерін анықтау, ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті. Сондықтан, жаңаша тәсілдермен оқыту барысында мұғалімге теориялық біліммен қатар жан-жақтылық маңызды роль атқарады.
Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу арқылы білім мен ғылымды көтеріп, еліміздің абыройын асқақтатып, дүниеге танытатын жеке тұлғалар, бүгінгі біз тәрбиелеп жатқан ұрпақтан шығары анық.
А.Владимиров «Бізге туғаннан берілген дарын өңделмеген алмазға ұқсайды. Жаңа ғана «Сібір кентінен алынған мөлдір, қатты тас тәріздес (алмаз қаншалықты тамаша болса да, маржан тас екеуінің айырмашылығы жер мен көктей). Маржан тас деп –ерен еңбекті қажет ететін тегістелген алмазды айтамыз» -деп жазған.
Мен, жаңа оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында жақсы нәтижеге жете алдым. Тиімді жақтары: оқушылардың ізденуі, белсенділігі, жауапкершілігі, қызығушылығы арта бастағанын байқадым. Өздіктерін алдынғы тақырыпты сұрап, алдын ала дайындалып, ізденіп келетін болды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, сұрақ қоюдың түрлерін үйрене бастады. Ең бастысы өмірмен байланыстыра алады, тарихи оқиғаларды көрініс ретінде көрсете алады, оқулықтан тыс қосымша ресурстармен жұмыс жасап, өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады, оқу үдерісіне белсене қатыса алады.
Жетістігім ретінде айтарым, мен үшін оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы маңызды болатын. Жыл соңында оқушылардың ойларын білу мақсатында кері байланыс алғанда, қуантарлық жағдайлар көптеп орын алып жатты. Соның ішінде, Азат Назерке есімді 7-сынып оқушысы «Мен үшін мұғалімнің ұйымдастырған сабақтары өте қатты ұнады... Мен алдыңғы жылдары Қазақстан тарих пәнін ұнатпайтынмын. Ал бұл жылы маған бұл пән ұнап келеді. Мен оған өте қатты қуаныштымын. Мүмкін алдыңғы жылдары өзімнің оқымағаным қателік болған шығар. Ал қазір мен өте жақсы көремін» -деген сөздері мені қатты қуантып, шабыттандырды.
Абай атамыздың: «Тегінде адам баласы –адам баласынан ақыл,
білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» -деген сөзімен қорытындылағым келеді. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қашанда қосары анық. Ұрпақ тәрбиелеу қашанда ізденімпаздылықты қажет етеді. «Ұстаздық етуден жалықпай, жаңаны танудан қорықпай, қашанда ұрпағым деп ұрандап жүрейік Ұлағатты Ұстаздар!»
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
-
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІ КОНТЕКСТІНДЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ.
Институттың 70 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылған облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 1-бөлім -Шымкент:ФАО «НЦПК «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ, 2016ж.
-
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ., педагогикалық шеберлік орталығы, 2016жыл. 10-26 беттер
-
1. Б. Қадірова. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың кейбір ғылыми-педагогикалық проблемалары. – Алматы, 2005.
-
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Астана хабары, 2004, 6 қаңтар
-
3. А. Құсайынов. Білім және реформа. //Егемен Қазақстан, 2002, 24 сәуір.
-
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңынан. //Бастауыш мектеп, 2000, №6-7
Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сі