Тақырыбы: «Техдизайн
үйірмесінің оқу тәрбие бағытындағы іс тәжірбие»
Мектептен тыс орталығында 2009 жылдан бастап Желаев селолық округіндегі Мектептен тыс
жұмыс орталығында қазіргі таңда техникалық дизайн үйірмесінің
жетекшісі болып жұмыс жасап келемін. . МТЖО ішіндегі қоғамдық
жұмыстарға, мерекелік және спорттық шараларға белсене қатысып,
қазіргі заманғы жоғары технологияны, интерактивті тақтаны
оқушыларға тиімді түрде жеткізуге тырысамын. Қалалық семинарларға,
сайыстарға үнемі қатысып өз тәжірбем мен бөлісіп отырамын. Сонымен
қатар оқушыларды қалалық, облыстық сайыстарға қатыстырып жүлделі
орындарды иеленіп, мақтау грамоталарымен марапатталды. 2015 жылдың
Құрмет грамотасы Білім саласындағы педагогикалық шеберлігі және
өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін
марапатталдым. 2015 жылдың 4 желтоқсанында Облыстық техникалық
модельдер көрмесінде Радиоэлектроникалық үлгілер оминациясы бойынша
Муканов Жансерик ІІ орынға ие болды. 2016 жылдың 27 қаңтарында
Облыстық «Таңғажайып сәт» атты балалар фото-сурет байқауында
«Тәуелсіздік мерейтойына тартуым» номинациясы бойынша Төлеуғали
Расул І орын,а ие болса, 2016 жылдың «Ғылыми – техникалық
шығармашылық қызметінде белсенді формалар мен әдістерді қолдану»
тақырыбындағы облыстық семинарға қатыстым. Әр түрлі ашық сабақтар
және тәрбиелік шаралар өткізіп тұрамын .
Біздің мектептен тыс
орталығында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында
әр түрлі көрмелер ұйымдастыруда жұмыстар жасау шығармашылық
қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі көрмелер
ұйымдастыруда жұмыстар жасауға көп көңіл
бөлінген. Бұл оқушылар өз бетінше
ізденуіне,білімін Ол адамның ақыл- ой парасатын өсіреді, танымын
кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз
құбылыстармен ымырасыз күресуге баулиды. Өнер қашан да қамқорлықты,
оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды қажет етеді.
Әсіресе осы бейнелеуөнерін жүйелі оқыту жайы, оған жастай баулып
тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер тартады.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің мақсаты – жас
ұрпақты ұлттық игіліктермен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын
сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау, оның
жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау болып отыр. Осыған сай
менің проблемам
«Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, өмірдегі әсемдік
пен әдемілікке сүйіспеншілігін арттыру, және жаңа техналогияларды
енгізе отырып шығармашылық қабілеттерін
дамыту» бойынша алдыма мынадай мақсат қойдым « Әрбір
баланың бойында жалпы және арнайы дарын көзін тауып оны дамыту,
оқушылардың жас ерекшеліктеріне, даму кезеңдеріне сәйкес оқытудың
және тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін құру».
Техдизайн үйірмесі іс-әрекеті ойлау, байқау, талдау, есте сақтауға
негізделген көру байқағыштығын, сезім мүшелерін дамытады, жан-жақты
дамыған тұлғаны қалыптастыруға, қоршаған ортаны тануға септігін
тигізеді, еріктік сапаларды, шығармашылық қабілеттерді,
көркемөнерлік талғамды тәрбиелеп, өнерді түсінуге қажетті
эстетикалық сезімді (пішіндердің, қозғалыстың, пропорцияның,
түстің, түс сәйкестігінің сұлулығын көребілу) дамытады.
Техдизайн үйірмесінде таным жорықтар, өнер туралы әңгімелер,
жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, поэзиялық минуттер, көрмелер,
көптеген иллюстрациялық материалдар мен ұлттық және классикалық
музыка туындыларын пайдалану осы пәнді тереңірек ұғындыруға,
игеріп, меңгертуге көмектеседі. Техдизайн үйірмесі, негізінен,
оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге бағытталады. . Әр сабақ сайын
өтілетін тақырыпқа байланысты, сабақтың мақсатына көп көңіл
бөлінген жөн. Техдизайн оқушыларға әрдайым әртүрлі қызықты
тапсырмаларды бергенде, олар оны орындағанда үйірмеге деген
қызығушылықтары
артады.
Дарынды оқушыларды тану турасында айта кетсек,
дарынды балаларды әр түрлді ойындарды ойнағанда танып білуге
болады. Мысалы, төменде берілген ойында дарынды баланың салған
суреті мағыналы болады. Ойын шарты: бірінші ойыншы бір парақ
қағазға қарындашпен шағын шимай жасайды, сонан соң ол қағазды
келесі оқушыға береді. Келесі оқушы ол шимайға қарап оны әрі қарай
мағыналы сурет шығатындай етіп толықтырады. Толықтырғаннан кейін
осы оқушы келесі балаға шимай салады, ойынның аяғында жеңімпаздар
табылады.
Техдизайн үйірмесі басталар алдында
оқушылардың көңіл-күйлерін білу әп түрлі бағытта ойын жүргіземін.
Бұл ойынға техникалық әртүрлі әдіс-тәсілдер болуы
қажет.
Қазіргі таңда электрондық оқулықтардың да
мүмкіндіктері мен тиімділіктері бар екені баршамызға аян. Осы
бағытта өз пәндерімізге қатысты бағдарламаларды менгеріп, іс
жүзінде сабақтарымызда қодану әр мұғалімнің міндеті және заман
талабы.
Қорыта айтқанда, сабақты жоспарға негіздеп,
жаңашыл әдістермен жүргізу тиімді,яғни сабақты бір тип бойынша
қалыптастыруға болмайды, оған заман талабына байланысты
технологиялық әдістерді пайдаланып қызықты және жан-жақты тәсілімен
өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді болатынына
сенімдімін.
Түрлі техникалық құрылғылар
мен ұшу аппараттары үлгілерін қалыптау қазіргі уақытта ғылым мен
техниканы дамытудың ең негізгі бағыттарының бірі болып
саналады.
Бастапқы техникалық үлгілеу
үйірмесі сабақтарында оқушылар ғарыштық-зымыран техникасы мен
ұшақтарды, ауылшарушылығы машиналары мен тұрмыстық көліктерді
дамытудың қазіргі замандағы ең кең ауқымды мәселелерімен таныса
отырып, ауылшаруашылығы мен еліміздің қорғаныс күшін
қуаттандырудағы алып отырған орыны туралы түсінік
алады.
Техдизайн үйірмеге V-VI сынып
оқушылары қамтылады. Оқыту бағдарламасында оқушылар зымыранды ұшыру
түсініктерін ала отырып, ұшақтар мен планерлер, түрлі тұрмыстық
көліктер мен техникалардың құрылғыларды моделдеу туралы түсініктер
алады.
Бұл үйірме мүшелерін
қалыптастырғанда негізінен жас шамалары мен білім деңгейлері
шамалас балаларды бір топқа қабылдаған дұрыс. Егер үйірме жұмысына
жас шамалары мен әзірліктері әр түрлі оқушыларды қабылдаған
жағдайда, үйірме сабақтарын оқушыларды топқа бөле отырып өткізген
тиімді. Әр топ оқушылары деңгейінің әзірлігі мен ынтасын ескере
отырып тапсырмалар беру керектігі
ескеріледі.
Шығармашылық жолымдағы іс-тәжірибемді қорыта
келе, «Баға құнды емес,бала құнды» деген қағиданы негізге ала
отырып,өзіме берілген баға үшін емес,болшақтың негізі-бала үшін
қызыметтеніп келемін, әлі осы жолда еңбектене беремін деп
есептей. Әрбір жас жеткіншек буын іс-әрекет ету үшін
адамзаттың тәжірибесімен жинақталған,қалыптасқан ғылымды игеріп
алады,соған сүйенеді.Қазіргі кезде жас ұрпақты оқытып,алған білімін
кеңейтіп, көркемдік талғамдарын арттыруда,өмірге көзқарастарын
дұрыс қалыптастырып халықтық тәрбие беруде,ізгі мінез-құлық, биік
адамгершілік ,ұлттық қасиеттерін қалыптастыруда бейнелеу өнері
пәнінің атқарар міндеті мол, орны
ерекше.
Бейнелеу өнері сабағы оқушылардың ой-өрісін
кеңейтіп,өмірдегі әсемдік пен әдемілікке сүйіспеншіліктерін
арттырады,өз өлкесінің сұлу табиғатын,халқымыздың
әдет-ғұрпын,ұлттық өнері мен кеңірек танысуына жол
ашады.Проблемалық тақырыбым: Оқушының ой-өрісін кеңейтіп,өмірдегі
әсемдік пен әдемілікке сүйіспеншілігін арттыру,және жаңа
техналогиаларды енгізе отырып шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Мақсатым:Жас ұрпақты өздігінен ізденіп жұмыс
жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайтуға,
әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйретіп, бейнелеу өнері
пәніне өнеріне деген қызығушылығын
ояту.
Жалпы «техдизайн» үйірмесіне оннан астам
оқушы қатысады. Оқушылар қала және обылыстық жарыстарға белсене
қатысуда..
Сонымен
қатар техдизайн
үйірмесінен
ашық сабақтар өткізудемін..Үйірмеде оқушылармен көптеген жұмыстар
жасалды. Сабақты заман талабына
сай өт. әр түрлі бағытта түрлендіріп, оқушылардың қызығушылығын
арттыра білуді көздеймін. Сабақтың құрылымына көп көңіл
бөлемін.