Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Баяндама Тəрбиеден бастау алған бар арман
Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық адамдарға, ата- аналарға тəрбиенің маңызы туралы айтады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
12 Қаңтар 2019
398
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбиеден бастау алған бар арманАдамның адамшылдығы – ақыл,ғылым, жақсы ата, жақсы ана жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады. АбайОтбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:Отбасы – шағын мемлекет,Мен – президент, сен – премьер,дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», — деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», — деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке — өз үйі» – деген тамаша нақыл бар.Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі — әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала – шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «… Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік.Тәрбиеленушілердің бойына осы қасиеттерді тәрбие сағаттары арқылы дарытамын. Тәрбие сағаттарын өткізудегі басты мақсат тек ақыл айту, баланың қателігін бетіне басу емес, ынтымақтастық қатынастарды, бір-біріне деген жылы сезімдерді ұйымдастыра білуге ықпал ету.қызметі болмаған жерде тәрбие де болмайды. Біздің мектебімізде дәстүрлік тәрбие сағаттары - «Жігіт Сұлтаны», «Нағыз Қазақ!» жыл сайын өткізіліп отырады. Мақсаты оқушылар арасындағы қабілетті, яғни сегіз қырлы, бір сырлы жігіттерді анықтау, олардың бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат, адамгершілік қасиеттерді сіңіре білуге бағыттау. Оқушылардың туған жерге, елге деген патриоттық сезімдерін нығайту мақсатындағы «Гүлдене бер, Қазақстан», «Арманға бірге барайық», «Қызы батыр ел- ұлы ел», «Отан үшін от кешкендер» және т.б, сондай-ақ рухани – адамгершілікке тәрбиелеу мақсатындағы «Ертеңгі мінез-құлық – бүгінгі әрекетіңде», «Сыртқы пішін мәдениеті», «Мәдениетті адам» және т. б. тақырыпта өткізілген тәрбие сағаттары жас спортшылардың эстетикалық талғамдарын арттыра отырып, жаттықтырушыларға, өз қарсыластарына әрқашан әдептілік таныту, өз – мінез құлқын үнемі бақылап отыра мейірімділікке, ізгілікке, сұлулық қағидаларын берік ұстана білуге баулыса, ал салауатты өмір сүруге бағытталған тәрбие сағаттары, өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезіне білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеуге ықпал ететін «Ғасыр індеті СПИД – ажал аралы», «Ағзаға насыбайдың зианы» және т. б. «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында, жаттығу орнында, үйде және басқада орындарда үсті – басын таза ұстап, ұқыпты, таза жүруге ұмтылдыру мақсатында мектеп дәрігерінің қатысуымен үнемі әңгімелер өткізіліп тұрады. Сондай –ақ тәрбиеленушілерді үлгілі іс- әрекеттеріне сүйеніп, өзіне - өзі есеп беруге машақтандыру үшін өнер адамдарымен, спорт ардагерлерімен кездесулер мен пікір алмасулар ұйымдастырып отырамыз. Тәрбиеленушінің қалыптасуына үлкен ықпалы бар өріс – оның бос уақыты. Бос уақытты тиімді пайдалана білу үшін тәрбиелік мәні бар тақырыптық кинофильмдер және театрлық қойылымдар көруге, мұражайға, бассейнге, мұз айдынына барып, әртүрлі жарыстар ұйымдастырамыз. Онда бала ағзасы демалып, күш – қуаты жөнге келіп, өмірге қызығушылығы арта түседі. Аталған іс – шаралар жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен атқарылуының нәтижесінде жан – жақты жарасымды дамыған, көркіне ақылы сай, адамгершілігі мол Қазақстан туын көкке көтеріп, ел намысын қорғап, ел мақтанышы бола алатын спортшылар шығарына күмәнім жоқ. Әрине, айта берсе атқарылған жұмыстар аз емес, осы орайда «Қимылдаған қыр асар» деген ұлағатты сөздің бекер айтылмағандығын ескере отырып, мектеп – интернатындағы тәрбие жұмыстарын біліммен ұштастыра біліп, спорт пен білімді қатар алып жүретін, мәдениетті, өнерлі, ұлттық тәрбиемен сусындаған Отансүйгіш шәкірт тәрбиелеу жолында қажымай – талмай еңбек ете беремін. «Ұстаз болу өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған» мәрт Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек! .
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)