Материалдар / Баяндама «Тұрмыстағы бұйымдарға жібек таспаны қолдану әдістері»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама «Тұрмыстағы бұйымдарға жібек таспаны қолдану әдістері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жібек таспа бұйымды әсемдеп өңдеуде кеңінен қолданылған. Онымен қалыңдықтың көйлегін, сәукелесін сәндейді, қымбат жібек жіптермен өрнектейді. Сыйлықтарды түрлі таспамен безендіру сыйлыққа ерекше түр береді.Таспамен қалпақтарды, сөмке мен көйлекті, шаш үлгілерін сәндеу көзге ерекше көрінеді, сән береді. Той көліктерін түрлі-түсті таспамен көмкеріп безендіру бүгінгі күнде кеңінен қолданылады, жаңа туған нәрестенің көрпесін әдемі жылтыр көк немесе қызғылт түсті таспамен байлау да дәстүрге айналды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2019
456
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп





















Тақырыбы: «Тұрмыстағы бұйымдарға жібек таспаны қолдану әдістері»







Тақырыбы: «Тұрмыстағы бұйымдарға жібек таспаны қолдану әдістері»Мазмұны

Кіріспе Жібек таспамен кестелеу тарихы

Негізгі бөлімЖібек таспамен жұмысқа қажетті материалдар.Жібек таспамен жұмыс жасаудың ретіТұрмыстағы бұйымдарға жібек таспаны қолдану әдістері

ҚорытындыЖібек таспаны қолданып, әр түрлі бұйымдар жасау.































Кіріспе Жібек таспамен кестелеу тарихы Жібек таспа бұйымды әсемдеп өңдеуде кеңінен қолданылған. Онымен қалыңдықтың көйлегін, сәукелесін сәндейді, қымбат жібек жіптермен өрнектейді. Сыйлықтарды түрлі таспамен безендіру сыйлыққа ерекше түр береді.Таспамен қалпақтарды, сөмке мен көйлекті, шаш үлгілерін сәндеу көзге ерекше көрінеді, сән береді. Той көліктерін түрлі-түсті таспамен көмкеріп безендіру бүгінгі күнде кеңінен қолданылады, жаңа туған нәрестенің көрпесін әдемі жылтыр көк немесе қызғылт түсті таспамен байлау да дәстүрге айналды. Жібек таспамен кестелеу тарихы ертедегі ағылшын дәстүрімен байланысты. Ежелгі Грецияда әйелдер ұзынша қиылған матаны шаштарына қосып өрген. Ертедегі Римде тұрғындар түрлі-түсті таспамен киімдерін сәндеу арқылы ерекшеленген, әркімнің әлеуметтік жағдайына қарай өздеріне ғана тән түсі және материалы болған. Италияда орта ғасырда орындықтардың арқалықтарын әшекейлеген және де қыстың күні суықтан қорғау үшін терезеге ілінетін ауыр перделерді байлап қоятын болған. Тек қана XIV ғасырда жібек таспалар тұрмыста кеңінен пайдалана бастады. Европаның оңтүстігінің табиғаты және Лионда тоқу ісінің дамуы қымбат жібек жібін шығаруға жағдай жасады. Француз корольдігінде мырзалар алтынмен парша таспалармен әшекейленген, жайнаған киімдермен сәнденді. Ол киімдер иесінің тегіне және алатын орнына сәйкес болып отырады. 1446 жылы Людовик XIV Лионның тұрғындарын өз ісіне үйрету үшін Италия тоқымашыларын шақырды. Бұл ойдан ештеңе шықпады, бірақ қалаға жібекті өңдейтін жібек таспалар дайындайтын станоктар әкелінді. Таспаға сұраныс арта түсті, Лион ірі текстиль орталығына айналды. 1560 жылы мұнда жібек таспа және әр түрлі нәрсе дайындайтын елу мың тоқымашы болды, ал оңтүстікке қарай 45000-ға жуық тоқымашы болды. Франция королі Людовик XIV қымбат тастар тағылған жібек таспалармен өз киімін ғана емес, аяқкиімін де әшекейледі және сарай адамдарын ерекше талғаммен киінуге шақырды. Француз королі Людовик XIV тігуді өте қатты ұнататын, соған байланысты ол әйелдерге өз қолымен жасаған әдемі заттарды сыйлайтын болған. Ол кезде көйлектер бос және кең болды және олар қымбат таспалармен әшекейледі. Дәл осы кезде Францияда жібек таспамен кестелеу пайда болды. Алдымен танымал ханымдар көйлектерінің кеуде жағын раушан гүлдермен, көптеген інжу және хрусталь шашылған гүлдермен безендірді. Патша сарайына арнап тігетін сән үйлерінде жай ғана иненің және таспаның көмегімен нағыз өнер туындыларын жасап отырды. Қазір олар Лондоннан Преторийге дейінгі бар әлемнің мұражайларында тұр. Франциядан кестенің бұл түрі Англияға көшті. Ол жақтан бұрынғы Британ империясының елдеріне таратылды. Ескі әлемнен Америкаға тез танымал болды. Бұл өнердің дамуы XIXғасырдың 70 жылдарына дейін келді. Ол кезде кестені тек қана көйлектен ғана емес, қолшатырлардан, көрпелерден, қалпақтардан, т.б. майда-шүйде заттардан көруге болады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықтың қолөнеріне қызығушылығы төмендеді. Бірақ соңғы екі онжылдықта бұл өнер қайта өрлей бастады. Қызығушылық пайда болып, содан кейін бұл өнер өзінің барлық жан-жақтылығымен жарқырай бастады. Себебі жібек таспамен тігу өте қызықты және көп шығынды қажет етпейді және де мұнда кестенің баршаға белгілі әдістері қолданылады. Негізгі бөлім Жібек таспамен жұмысқа қажетті материалдар: Жібек таспамен кестелеуге әр түрлі мақта мата, жібек, зығыр, жүн маталары пайдаланылады. Матаның кез келген қабатына кесте тігуге болады, тек мата мықты және ине оңай өтетіндей болуы басты шарт. Кестеленетін суретті немесе үлгіні матаға көшірген дұрыс, сонда кестелеу жеңілдейді және мата ластанып кетпес үшін суреттің негізгі элементтерін ғана көшіру керек. Кесте тігуге әр түрлі ине қолданылады: жеңіл жұқа матаға жіңішке ине, тығыз матаға жуан ине ыңғайлы. Иненің көзі үлкен сопақша, таспа оңай кіретіндей және ширатылмайтындай ұзынша болғаны қажет. Таспаның ені 2-ден 12 мм-ге дейін, кесте тігуге органза таспа, кесте бау, кесте жіптері, моншақ, маржан бүгінде кеңінен қолданылады. Жібек таспамен жұмыс жасаудың реті Кесте тігудің алдында жұмыс орнын дұрыс дайындап алу қажет, мысалы: мата түрін таңдау, оған лайық жіп, таспа дайындау, қолдануға ыңғайлы құралдар, кестеленетін суретті матаға дұрыстап көшіру сияқты жұмыстарды алдын ала дайындаса жұмыс өнімді болады. Қайшымен, түйреуішпен, ине, үтікпен жұмыс істеуде техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау өте қажет шаруа. Жұмыс столына жарық сол жақтан түскені дұрыс. Егер де столда керекті материалдарды сақтайтын қорап жоқ болса, таспамен инелерді арнайы шағын қапта, құралдарды қорапшада, өрнектелген кальканы, суреттерді папкада сақтау жұмыс барысын жеңілдетеді. Кесте тіккенде денені дұрыс ұстауды естен шығармаған жөн, басты тым төмен ұстамай, бүкшиіп еңкеймей денені тік ұстап шамалы ғана еңкею қажет. Кесте тігетін мата иен көздің ара қашықтығы 25-30 см-ден жақын болмағаны дұрыс. Орындықтың арқалығына сүйеніп столға жақын отырып жұмыс істеу тез шаршатпайды. Тұрмыстағы бұйымдарға жібек таспаны қолдану әдістері Инені таспамен сабақтау кезінде ерекше әдіс қолданылады. Таспаның шетінен ұзындығы 6 мм-дей бұрышын кесіп алу керек. Сол бұрышын инеден өткізіп алғаннан кейін, таспаның қалған бөлігі инеден оңай өтеді. Таспа матаның бет жағына шығып кетпеу үшін инені сабақтап алған соң, таспаның бекітілетін шетін ұстап 6 мм қашықтықта 2 рет таспадан өткізіп алады. Нәтижесінде жұмсақ түйін пайда болады және де матаның астарынан таспаны түйіндеп қоюға немесе шеттерін бір-екі шаншып бекітіп қоюға болады. Кесте тігістері:
  • Жалпақ түйін. Кестелеу жұмысын бастау үшін 50 см таспа алып, оны инеге сабақтап келесі ұшын бірнеше мм бүктеп ортасынан ине қадаймыз. Таспаны бір қолмен ұстап, екінші қолмен тартамыз.
  • «Шығып тұрған тігіс», бұл тігіспен әр түрлі гүлдерді, жапырақтарды орындайды. Бұл тігіс ең ертеден дәстүрге айналған кесте тігісі. Матаның беткі жағына инені шығарып, таспа шатасып кетпес үшін бір қолымызбен ұстап матаға жақындатып астына өткіземіз.
  • Бұл тігіспен де гүлдердің көптеген элементтерін кестелейміз. Шығып тұрған тігісті жасап алып, инені матаның беткі жағына шығарып таспаны бармағымызбен матаға жапсырып тұрып, өзімізге керекті өлшемді алып, инені ортасына кіргізіп астарынан жаймен тартамыз, осылай жапырақшалар пайда болады.
  • «Түйіндер» бұл тігіспен майда роза, шоқ гүлдерді кестелейміз. Таспа өткізілген инені түйіндеп матаның бетіне шығарамыз. Таспаны инеге 2 рет орап, инені шыққан жеріне қайтадан қадап ақырын астынан тартамыз, сонда матаның бетіне гүлге ұқсас кішкентай шоқ гүл пайда болады, әрбір гүлдің астын жеке түйіндеп бекітіп отырамыз.
  • Бұл тігіспен гүлдердің күлтелерін жасаймыз. Инені матаның бетіне шығарып қажетті өлшемді қалдырып қайтадан инені шыққан жеріне қадаймыз, осылай ілмекше пайда болады. Гүлдің күлтесін жасау үшін таспамен айналдыра кесте тігеміз.
  • Ілмек тігіспен гүлдердің сабағын, үлкен композициядағы гүлдердің контурларын кестелейді. Бір ілмек жасап инені қайта астарына шығарып, оны тура сол ілмектің ортасына қадап матаның бетіне шығарамыз, келесі ілмек осылай жалғаса береді.
  • «Көзді ілмек» тігісімен гүлдердің ішін толтырады. Таспа сабақталған инені матаның бетіне шығарып, таспа айналып кетпей жазық жату үшін саусақпен тігісті басып тұрып инені астарына қайта өткіземіз, осылай кесте жалғаса береді.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!