Материалдар / Баяндама "Түзете - дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Түзете - дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру "

Материал туралы қысқаша түсінік
Түзете - дамыта оқыту сыныптарында жұмыс жасайтын мұғалімдерге көмек ретінде. Оқушыларға сабақта ойын түрлерін көбірек қолдануға мүмкіншілік береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
977
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жанкелді ауданы

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Абдрахманова Светлана Жакишевна





Түзете - дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру


«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін емес».

(В. А. Сухомлинский)


Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс.

Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен.

Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс.

Түзете - дамыта оқыту сыныптарына әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептердің салдарынан (орталық жүйке жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік,, педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар оқиды.

Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзете - дамыту жұмыстарының принциптері:

Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi - сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; өз күшiне деген сенiмсiздiгi.

Қазіргі кездегі ТДО сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне көптеген жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тәсіл – ойын арқылы баланың психикасы мен ойлау қабілетін дамыту. Сондай - ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына әсерін тигізетін тиімді әдістердің бірі - ойын. Ойын - баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден - бір жолы. Сабаққа ойын мен ойын тәсілдерін енгізу оқуды қызықты етіп, балалардың сергек болуына, оқу материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді.

Ойын – оқушыға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар, ТДО сынып оқушыларына қолданылатын ойындарға олардың дене бітімінің қалыптасуына арналған ойындар, қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін, тілін дамыту ойындарды жатқызуға болады.
Ойын терапиясы – күрделі жұмыс. Бала психикасын дәрісіз емдеу, көңіл - күйіне, өзіне, қоршаған ортаға қарым - қатынасын өзгерту, пәнге қызығушылығын арттыру, іскерлік, белсенділік және сөздік қоры мен тіл байлығын дамытудың жолы, тиімді әдісі. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деуге болады. Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта - ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді.
Педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес ойын түрлері:
1. Білім беретін ойындар
2. Тәрбиелейтін ойындар
3. Дамытатын ойындар
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар
5. Диагностикалық ойындар
Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын нығайту үшін күнделікті сабақ алдында ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізген жөн.
Психологиялық ойын - жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай - күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Адамдардың бiр бiрiмен қарым - қатынасы өте күрделi процесс. Қоршаған адамдармен қарым - қатынас жасауда қиындық көретiн балалар, бiрiншiден ұжымға бейiмделуiнде, бiлiмдi меңгеруiне кедергi болады. Сондықтан, баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында танымдық іс - әрекетін қалыптастыру мақсатында сабақ алдында, ашықтық, сенiмдiлiк деңгейiн, эмоционалдық еркiндiктi, топта бiрауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткiзу керек.

Психологиялық ойындар:
«Менің көңіл - күйім» жаттығуы
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл - күйлеріңді суреттеп салыңдар.
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін...» өйткені сен жақсы адамсың.

«Сиқырлы сөздер» ойыны
Мұғалім кез - келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші»
Дамыту ойындары – баланың танымдық және ерік - эмоциялар сферасын дамытуға бағытталған іс - әрекет.
Дамыту ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта - ьқыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамыту ойындарға қойылатын бipiншi талап - оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!