Материалдар / Баяндама "Туған жерім-тұнған шежіре"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Туған жерім-тұнған шежіре"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмекші құрал ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2019
400
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туған жерім-тұнған шежіре

Пай ! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өкен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын ,

Тағзым жасамай өтпеңдер!


- деп кеше ғана 85 жасын атап өткен халқымыздың дүл-дүл ақыны

М. Мақатаев жырлап өткендей, қазақ халқының тарих тұңғиығында жатқан қаншама сырлары бар десеңізші . Солардың бірі тарихын түртсең тасы көрінетін киелі Құлан өңірі.


Жаңатұрмыс ауылы аудан орталығынан шығысқа қарай 26 шақырым жерде орналасқан, 80% қожай елін құрайтын 3000 дай халық саны бар үлкен ауыл.

1994 жылы Жаңатұрмыс ауылдық кеңесінің негізінде құрылған әкімдік. 1997 жылы мамыр айында Қарақыстақ әкімдігіне қосылды. Орталығы Каменка ауылы болып белгіленді. 2001 жылы қыркүйек айынан Қарақыстақ ауыл әкімдігінен бөлініп , өз алдына бөлек болып құрылды.

Ауылдың іргетасы 1929 ж ақпан айында қой өсіретін « Жаңатұрмыс» ұжымшарының негізінде қаланды.

Тарихты әріден тарқатып айтатын болсақ, « Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасын айтпай кету мүмкін емес. Тарихы сыр шерткен Жаңатұрмыс ауылында суы дертке шипа болған атақты «Әулиебұлақ», шөбі шүйгін, суы тұщы, малға құт болған атақты «Ақсарай» жайлауы, қойыны боранға ық болған «Сарманқұл» қыстаулары бар. Бұл аталған қоныстардың әр қайсысының қойынында бір-бір тарих. Соның ішінде мен «Қалмаққия» асуы мен «Мыңжылқы» сайының тарихы жайында айтып кеткім келіп тұр. Жаңатұрмыс ауылының төр жағында «Ойранды» деген жер бар. Аты айтып тұрғандай көнекөз қариялардың айтуы бойынша осы жерде сойқан соғыс болған екен. Аңыз бойынша: шатқалға кіреберіс жерде осы күнге дейін тізбек етіп қойылған бірнеше қатар қой тастар бар. Бұл шауып келе жатқан ат нөпірін құлату үшін жасалған тоспа болса керек. Шамасы қалмақтар осы тұста жеңіліс тауып, тауды бетке ұстап қашқан. Қашқан жаудың алдынан да қазіргі»Ақсарай» деген жерде тосқауыл қойылды. Өзек екіге айырылар тұста жауды тосып алып екінші рет соққы берсе керек. Асуға барар жол қазақтардың қолында болғандықтан қалмақтар Қарақыстақ жағындағы тұйық шатқалмен қашуға мәжбүр болған.

Жау асуға жеткенде аңтарылып тұрып қалады. Өйткені асудың арғы жағы құлама құз, жар тас болатын.

Ел ішіндегі аңыз былай дейді:» Асуға кліп артынан қуған қазақтардан қорыққан қалың қалмақты хан бәйбішесі құтқарады. Ол: Мына барымта жылқы анау боз биеден тараған. Биені шыңғыртып, шыңырауға айдап салыңдар!»,- деп бұйырады. Осы кезде бүкіл жылқы бие соңынан түсіп ала жөнеледі. Құздан құлағаны құлап, құламағаны қия-қиямен жол тауып, сай табанына дейін түсіп, Қарақыстақ даласына бүкіл қалмақ шығып кетеді.асу содан бері «Қалмаққия» деп аталады.

Ал, Қарақыстақ даласында қалмақ ханы қалмақ ханы – қоңтайшы жерленген жер бар.

Бұл Батыр қоңтайшы ма әлде Қалдан Церен бе? Бұл жағы бізге әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде асқан ерлік көрсеткен батырлардың ішінде Ботбайдың Қожай руынан шыққан Таңабайдың шоқтығы биік. Ол ел басына күн туған заманда бес қаруын беліне асынып, күн демей, түн демей ат үстінде жүрген кісі. Оның жасаған ерліктері арқылы есімі ұрпақтан ұрпаққа ұран болып қала беретіні даусы.

Құрметті әріптестер, құрметті тыңдармандар мен келін болып түскен Жаңатұрмыс ауылы яғни Қожай елінің тарих тұңғиығында жатқан таңбалы сырларының бір кішкене бөлігі осы.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!