Үш тұғырлы тіл жаңартылған
білім жүйесінде.
Қай кезеңде болмасын, көп
тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына
кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп
отырғаны тарихтан белгілі. Қазіргі таңда әлемнің алпауыт
мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді
маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың
қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз
қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі,
бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге
қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз
Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс
және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға
шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде
ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы
Жолдауында.
Қазіргі заманғы Қазақстандық
үшін үш тілді білу – әр адамның шартты міндеті. 2020 жылға қарай
ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 95 пайызды құрауы
тиіс. Ертеңгі тұрғын, ол бүгінгі ұрпақ. Ал бүгінгі ұрпақ біз білім
нәрімен сусындатып жатқан мектеп
оқушылары.
Мен Сермаханова Мауе 2010
жылдан бастап №75 орта мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі болып
жұмыс жасаймын. 2012 ж. «Шет тілі сабағындағы диалогтық қатынас –
оқушылардың қатысымдық құзырлығын қалыптастыру негізі.» Арал
қаласы
2012 ж. «Пиза – 2009 қорытындысы және тану процесіне ментальдық
деңгейінің қатысы.» Арал қаласы
2013ж. « Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың ғылыми
әдістемелік негізі.» №0081717 Арал қаласы
2014ж. «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық
технологиясын қолданудың ерекшеліктері » №0042657 Қызылорда қаласы
2017ж. “Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде “Ағылшын тілі” пәні
” бойынша біліктілікті арттыру. Қызылорда қаласы, №
008953
Қазіргі таңда 5-11 сыныптар
аралығына сабақ берудемін. Соның ішінде 5-7 сыныптарға жаңартылған
бағдарлама бойынша білім беруді 2017 жылдың қыркүйек айынан
бастадым. Жаңартылған бағдарлама бойынша білім беру үшін арнайы
курстан өту міндетті.
2017 жылдың қыркүйек айында
жаңартылған бағдарлама бойынша ұзақ мерзімді жоспар жасалынып
бекітілді. 5 сыныпқа жоспарда бекітілген 1 тоқсанда Home and away
and living things бөлімдері, 2 тоқсан бойынша Values бөлімі бойынша
оқушылар үй туралы және тіршілік иелері туралы және отбасы және
достық қарым-қатынас құндылықтары туралы көріп және тыңдап түсіну,
оқып түсіну мәтіндерімен, диалогтарымен, өлеңдерімен және суретті
мәтіндерімен жұмыс жасап ағылшын тілінде жазылым, тыңдалым,
айтылым, оқылым, грамматиканы қолдану дағдыларын дамыту мақсатында
жұмыс жасап жатырмын.
7 сыныпқа 1 тоқсанда Hobbies
and leisure, Communication and technology 2 тоқсанда Holidays and
travel бөлімі бойынша көріп және тыңдап түсіну, оқып түсіну
мәтіндерімен, диалогтарымен, өлеңдерімен және суретті мәтіндерімен
жұмыс жасап ағылшын тілінде жазылым, тыңдалым, айтылым, оқылым,
грамматиканы қолдану дағдыларын дамыту мақсатында жұмыс жасап
жатырмын. Осы мақсаттардың нәтижеге жетуі үшін топтық, жұптық, жеке
тапсырмалар орындайды. Көбіне жеке және жұптық жұмысқа
қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын қолданамын. 5-7 сыныптарға
өткізілген әр бөлім соңында және тоқсандық жиынтық бағалау
тапсырмалары алынады. Кемшілік тұстарым уақыттың жетіспеуі және
оқушылар өз ойларын жеткізу кезінде қиналады, 5 сыныпта Қарағұлов
Ерасыл, Балапанов Нұрдәулет, Бірлікова Таңнұр, Байнияз Нұрдәулет 7
сыныпта Қарағұлова Назира сөздерді айтуда және жаттығуларды орындау
кезінде қиналады. Бұл оқушыларға диференсация тапсырмалары ішінде
by support және by task түрін пайдаланамын. Яғни бала өзінің
бәрімен бірдей тапсырма орындап отырғанына сенімді болады және
қалаған тапсырмасын орындайды.
Жалпы осы оқу жылының 1
тоқсандағы қорытындысы бойынша 5а сыныбында беске үш оқушы, төртке
үш оқушы, үшке төрт оқушы бағаланып үлгерім сапасы 60% құрайды. 5б
сыныбы беске 2 оқушы, төртке төрт оқушы, үшке төрт оқушы бағаланып
60 пайызды құрайды. 7 сынып бойынша беске үш оқушы, төртке төрт
оқушы, үшке он оқушы бағаланып үлгерім көрсеткіші 41 пайызды
құрайды.
Осы оқу жылының қазан айында
арал ауданы бойынша «Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі -2017»
байқауына қатысып алғыс хатпен марапатталдым. Және осы сайыс шарты
бойынша жаңартылған бағдарлама жүйесінде панарама сабақ
таныстырдым. Қараша айында 5 сыныпқа Homes тақырыбы бойынша үлгілі
сабақ өткіздім.