Материалдар / Баяндама: Ыбырай Алтынсариннің тәжірибесі мен идеялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Ыбырай Алтынсариннің тәжірибесі мен идеялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбрай Алтынсариннің тәжірибесі мен идеялары туралы өзімнің ойым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2023
247
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өндіріс орта мектебі» КММ











«Ыбырай Алтынсарин ізбасарлары» атты

аудандық педагогикалық форум







Баяндаманың тақырыбы:

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ИДЕЯЛАРЫ







Сеилханова Жанат Сейтжановна

Мекен-жайы: Өндіріс ауылы

Мектеп атауы: «Өндіріс орта мектебі»КММ

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі



ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ИДЕЯЛАРЫ

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер!

Мен, Сеилханова Жанат Сейтжановна, Өндіріс орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, сіздерге «Ыбырай Алтынсариннің тәжірибесі мен идеялары» тақырыбымдағы баяндамамды ұсынамын.

Педагогикалық мұрасы осы күнге дейін өрістеп келген:

«Бастасаңыз Аллалап,
Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап...» деген бастамасымен әлемге атағы шыққан Тобыл өлкесінің тумасы, осы күнгі ұстаздардың атасы - Ыбырай Алтынсариннің еңбегі ел аузында қалыптасып келеді. Оқуға ынталандыра және білімге құштарландыра бағыттаған ірі педагог, білімнің қайнар көзі болып жүрген осы мектептептердің алғашқыларын ашқан ағартушы жерлесім болғаны қандай мақтаныш десеңізші!
Қазақ халқының ұлы перзенті, XIX ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушы-демократы, қоғамда тың өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсеткен Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алады. [3]

Алтынсарин мектепте берілетін білім мен дағдыларды формальді тұрғысынан емес, оның өмірінің өтпелі кезеңіндегі халық үшін нақты пайдасын ескере отырып бағалады. Сол мақсатта мектепке қажетті оқу пәндерін іріктеп, педагогикалық талдауды қалай оқу керектігін және нені оқу керектігін анықтады.

Алтынсариннің демократиялық- ағартушылық бағыты, оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты.

Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнады.

Екіншіден, ұстаз тәлімгерлер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми- әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.

Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. [2]

Ұлы қазақ ағартушысы отандық білім туралы идеяларын қортындылай келе кәзіргі білім беруде маңыздылығын жоғалтпаған келесі идеяларды белгілеуге болады:

- жалпыға бірдей білім беру идеясы;

- демократиялық білім беру жүйесін құру идеясы;

-өскелең ұрпақты тәрбиелеудің тұтас тұжырымдамасын жасау идеясы.

Тарихта орыны бөлек Әл-Фараби ғұламамыз айтып кеткендей, «Балаға ең бірінші білім емес тәртіп керек» деп, Алтынсаринде тәртіпке өте зор көңіл бөлген. «Тәртіптің шындыққа айналауы тәртіптілік сезімін тудырады» - деген ұлы ұстаз. Сондықтан да оқу-білімнің төріне ұйытқы болған, педагогикалық ғылымның негізін қалаған қазақ елінің балаларын алаламай бай мен кедейдің балаларын бірге оқытатын заманды әкелді. Ыбырай Алтынсариннің тәрбиелік мәнге толы шығармалары бастауыш сынып оқушылары үшін өте түсінікті, және де балаларға қабылдауға оңай болып келеді. Өзімнің педагогикалық тәжірибемде ұлы-ағартушының тәжірибесі мен идеяларын ұстана отырып, сабақ барысында әдістер арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра, алған білімдерін өмірде қолдана алуына үлес қосытым деп ойлаймын.

Ұлы ұстаздың «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесін өткен кезде балаларды еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, ұйымшылдыққа, қанағатшыл болуға тәрбиелеу мақсатында сабағымда «Үш шеңбер» әдісін қолдандым. Әңгімедегі кейіпкерлердің қасиеттерін жазу арқылы балалар негізгі ойды түсініп, әңгіменің мазмұны мен идеясын аша білді. «Оқиға картасы» әдісін ұсынғанда, оқушылар шығармадағы проблеманы тауып, ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, дұрыс шешім қабылдай алды.

Ыбырай әңгімелерінің ішіндегі ең бір шоқтығы биік шығармасы - «Бай баласы мен жарлы баласы». Бұл шығармасында, қазақ халқының басынан кешкен бір ауыр кезеңді көрсете отырып, тағдыр тауқыметін көрген кедей баласының еңбекқорлығын баяндайды. Бұл сабақта «Сұрақтар шеңбері» әдісі, концептуалды кесте арқылы оқушылар Асан мен Үсенге салыстырмалы мінездеме бере отырып, кедей баласының сабырлығы мен көргендігін, еңбекқорлыққа, өмірге икемділігін; ал бай баласының шыдамсыздығын жинақтай отырып, жазушының айтайын деген ойын, шығарманың идеялық мазмұнын айқын түсіне алды. «Ойлар кілемі» әдісін қолдана отырып әңгімедегі мәселені анықтап, «проблеманы шешу үшін не істей аламын?» деген сұраққа жауап беруге ізденіп, осындай жағдайға тап болмайтындай әр істің байыбын білу керек екендігін түсіне білді.

Ақынның тағы да бір керемет, «Салақтық» әңгімесіне тоқтала кететін болсам, осы әңгімені талқылау барасында балаларға «Торлы диаграмма» әдісін қолдандым. Сұрақтарға жауап беріп, сөйлеу, талқылау, мақал-мәтелдермен жұмыс арқылы- танымдық, «Синквейн» әдісі мен каллиграмма сурет салу арқылы -шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік желіден ақпараттар ала отырып, жадынама мен нұсқаулық жасау арқылы - балалардың бойында зерттеушілік қабілеттерін ашылып, сонымен қатар экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында постер құрып, кестемен жұмыс жасады.

Ағартушылықтың керемет дүлдүлі десек, білімнің адамгершілік принциптері мен мұраттарын қорғап, ағартушылық идеялары туған халқының экономикалық және мәдени артта қалуын жеңуге бағыт берді. Білім беруді мақсат ретінде емес, әлеуметтік ортаны өзгертудің негізгі құралы ретінде қарастырды.

Ия, құрметті әріптестер, «Өнер, білім бар жұрттар» деген Ыбырайдың аманатын абыройлы іспен жалғастырып, келешекке деген кемел жолдың бастауын осы ұстаздан алып келеміз. "Әрқайсымыздың парызымыз - өз Отанымыздың пайдасына қолымыздан келгенше үлес қосу"дегендей, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасы және заманауи кәсіби білім беру үрдісін толыққанды жақсартуда қосар үлесіміз мол болсын! Кәсіби шеберлігіміз шыңдалып, еңбегіміздің жемісін көрейік!

Тындағандарыңызға рахмет!




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы – Алматы: 2004 жыл, №4 , 109-112 б

  2. Әлемдік педагогикалық ой-сана, 10 том, “Таймас” баспа үйі, 2010ж.

  3. Дербісәлин Ә. «Ы.Алтынсариннің жазушылық қызметі туралы». Алматы 1958ж.

  4. Ыбырай Алтынсарин. Қазақ энциклопедиясы- Т. 1, [2], [3], 67-беттер

  5. Қазақ хрестоматиясы, 2007ж. «Білім» баспасы.




3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!