Материалдар / Баяндама «Заманауи талабына сай балаларды тәрбиелеу».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Заманауи талабына сай балаларды тәрбиелеу».

Материал туралы қысқаша түсінік
Заман талабына сай тәрбиелеу – бұл баланы адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру педагогтын білім беру мен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және баланың қабілетімен бейіміне негізделген таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2022
1113
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







«Заманауи талабына сай балаларды тәрбиелеу».







Дайындаған : Аймульдина Кунслу Буркутовна

Павлодар ауданың әкімдігі. Павлодар білім беру бөлімінің «Балапан» сәбилер бақшасы. Қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Новочерноярка ауылы sairan_0712@mail.ru Тәрбиеші

































Кіріспе

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді».

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген. Қазіргі мектепке дейінгі білім беру педагогтардын алдында тұрған басты міндет- мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сəйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа жəне толеранттылыққа тəрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға əлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық жəне зияткерлік даярлығы. Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бақыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.



Заман талабына сай тәрбиелеу – бұл баланы адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру педагогтын білім беру мен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және баланың қабілетімен бейіміне негізделген таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.

Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші-педагогтардың алдында жаңа заманның мақсаттары мен сұраныстарына жауап беретін,баланың жан-жақты дамуына жоғары деңгейде әсер ететін технологияны таңдау міндеті тұр. Дарындылық қабілетті дамыту үшін педагог белсенділігін,шығармашылық ізденісін талап етеді.Сондай-ақ,тәрбиеленушінің жас және жеке ерекшеліктерін білуі де маңызды болмақ.

Технологиялардың әрқайсысын қолдану балалардың білімге деген құштарлығын дамытудың бірден-бір жолы болып табылады. Оқытудың түрлі технологияларын қолдану балалардың қызығушылықтарын тудырып, олардың шығармашылық қабілетін арттырады. Балабақшада қолдануға тиымды технологиялар:

1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы

2.Тәй-тәй технологиясы

3. Монтессори технологиясы

4. Зайцев технологиясы

5. Дамыта оқыту технологиясы

1) ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын Г. С. Альтшулер ойлап тапқан.

Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.

2) Тәй - тәй технологиясы. Негізін қалаған: Джорж Сорос

Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

3) Монтессори технологиясы. Негізін қалаған: М. Монтессори.

Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу.

4) Зайцев технологиясы. Негізін қалаған: Н. А. Зайцев

Мақсаты: Оқыту мен санауды қатар үйрете отырып, балалардың дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз ету.

Жаңа технологиялар тәрбиеші педагогтын жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интрактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қәзіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады.

Заманауи білім беру технологияларының бірі-жеке бағдарлы оқыту технологиясы.

Жеке бағдарлы білім беруде іс –әрекетімізге И.С.Якоманскийдің тұжырымдамасы ықпал етеді. Технологияның мақсаты-баланың жеке тұлғалық ерекшелігін ескеру негізінде оны жан-жақты ашып, қажетті жағдайларды туғызуға және оны әрі қарай дамытуға бағытталуы.Осы тұста баланың жеке ерекшеліктері олардың даму аймағын есепке алу негізінде ескеріледі.

Дамыта оқыту технологиясы.

Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін, және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Дамыта оқыту дегеніміз: балалардың ақыл-ойының дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы .Дамыта оқыту технологиясының негізінде баланың шығармашылық пен ойлау қабілетін дамыту мақсатында дивергенттік тапсырмаларды жүйелі түрде қолдану тиімді.Соның бірі суретпен жұмыс.Бір ғана суретпен жұмыс барысында қойылған бір сұрақтың өзіне әртүрлі қызықты жауаптар алуға болады.Яғни диверегенттік бағыттағы тапсырмалар баланың өз бетінше ізденуіне,терең ойлануына,жеке тұлғалық қасиеттерін ескеруіне ықпалын тигізеді.

Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиымды әдістері

1.Ой толғаныс

2.Ассоциация
3.Салыстыру
4.Раунд-Робин
5.Топтау әдісі





1) Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады. Бұл әдіс көбіне ұйымдластырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады.

2) Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан - жағына жазылады.
3) Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды

4) Раунд - Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс.

5) Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.
Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым - қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Денсаулық сақтау технологиясы: педагогтың бала денсаулығын зиян тигізбеу ниетінен туындайтын оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі атқаратын жұмыстар кешені. Технология баланың денсаулығын ғана емес,сонымен қатар психологиялық тұрғыдан дұрыс дамып қалыптасуына жағдай туғызады.
Заманауи педагогикалық технологиялардың үздіксіз қолданылуы іс-тәжірибемізде төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Заманауи технологиялар ойын сабақтың мәнін аша түсті. Бүлдіршіндердің ойын сабаққа жаппай қатысуына мүмкіндік берді. Балалардың өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Шығармашылық, жеке тұлғалық сипатты дамытып,баланың өзіне деген сенімін арттырды. Рефлексті түрде баланың өзін-өзі бағалауын, педагогтың өз іс-әрекетін талдап жаңа міндеттер қабылдауын қамтамасыз етті. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану, бағыт-бағдар беруші – педагогтармыз. Осы үдеріспен бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем!



































Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Отбасы және балабақша журналы №12014ж.К.У.Алимбетова.

2.Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы-Астана2003 ж.

3.Б.Баймұратова.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы Алматы,1991ж.

4. Қазақстан республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. Астана, 2004-46 б.5.Болашақ мамандарды даярлау. Ұлт тағылымы -№4. 2005, 32б.



4


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!