Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама:Балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының ролі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Бекітемін»
МКҚК «Қошақан»
балабақшасының
меңгерушісі У.А.Утегулова
Психолог: Бегалиева Ұ.М
Қажымұқан ауылы 2018ж
Балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының ролі
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, асқақ адамгершілік қадір-қасиетін, танымдық көзқарастарын, рухани-адамгершілік құндылқтар арқылы қалыптастыру – үлкен қажеттілік. Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық құрылымының негізгі құндылығы болып саналатын оқушыны жеке тұлға ретінде қарау және оның ішкі жан дүниесінің ерекшелігін дамыту – жалпы білім беретін оқу орындарының басты мақсаты. Оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу қаншалықты қиын болса, ол соншалықты маңызды да. Рухани-адамгершілік тәрбие оқушының тәртібін және рухани дағдысын қалыптастырады. Яғни ол адамның ішкі жан дүниесінің ерекшелігін көрсететін адамгершілік деңгейін анықтайтын, сипаттайтын, оның тұрақтылығы мен үздіксіздігін, дамуын, қоғамдық мәнін айқындайтын жеке тұлғаның ең маңызды ішкі жан дүниесінің элементі.
Бүгінгі таңдағы сұраныс қоғамды ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу-тәрбие жұмыстарын рухани-адамгершілік негізінде ұйымдастырып, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру қажеттігін айқындап отыр. «Тәрбие деген не?» деген сұраққа М.Жұмабаевтың анықтамасымен жауап берсек, ол – «қандай да бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету» деген сөз.
Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі және халық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие дұрыс берілсе, оның тәрбиесі толық болғаны. Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі болса, ұлы Абайдың айтуынша: «Адамгершілік – махаббат пен әділдік, олар барлық нәрседе болады және бәрін шешеді», яғни рухани тәрбие адамдарды адамгершілікке, білімге, еңбек пен имандылыққа, бір сөзбен айтқанда жан дүниесінің сұлулығына тәрбиелеу деген сөз. Шындығында, адамгершілік мінез негіздерінің астарында жалпы адамдық пен ұлттық құндылықтар бірігіп, адамдардың рухани мәдениетін жүзеге асыратыны белгілі.
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан отбасы және ана мен баланы қолдау, өскелең ұрпаққа патриоттық, рухани және адамгершілік тәрбие беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр.
Дегенмен қалыптасқан жағдайдың талдауы көрсеткендей, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс жасау көбейіп, балалар мен жасөспірімдер, жастар арасында өзіне өзі қол салу, ішімдікпен және басқа жағымсыз қылықтармен әуестенушілер артуда. Рухани тоқырау, себепсіз қатыгездік, өмірге деген тек тұтынушылық көзқарас байқалуда.
Тәрбие мәселесін ұстаздар қауымының мойнына арта салумен іс бітпейді. Оның нәтижелі болуы отбасы мен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, бала тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе жасауына тікелей байланысты. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң жобасының 35-бабында : «Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті» делінген. Мұндай жағдайда отбасылық тәрбиенің балаға тигізер ықпалы өте зор.
Бұл проблемаларды нәтижелі шешудің кепілі – ең алдымен мектеп пен отбасының тығыз байланысы, өзара ықпалдастығы. Алайда қазіргі қоғамда осы екі әлеуметтік институттың өзара ықпалдастықта біріге іс-әрекет жасауы жеткіліксіз болып отыр. Отбасы мен түрлі үлгідегі оқу-тәрбие ұйымдарының арасын жақындастыру үшін қоғамда қандай да бір күш жұмылдыру керек болды.
Осы мақсатта аудандық қоғамдық ата-аналар кеңесі 2005 жылы құрылды. Кеңестің жұмыс жоспары жасалынып, ережесі бекітілген.
Тәрбие жұмысының бір бағыты – ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасау болғандықтан, қоғамдық ата-аналар кеңесінің ролі зор.
Ата-аналардың, мектептің алдында тұрған үлкен бір міндет жеке тұлғаны қалыптастыру. Ал тәрбиенің отбасынан бастау алатыны белгілі десек те, мектеп пен ата-ананың өзара тығыз байланыста жұмыс істеуі ерекше маңызды. Өйткені қазіргі ақпараттың талғамсыз көптігі балаға ерекше әсер етіп, тәрбие ісінде мұқият болуды қажет етеді. Міне осы қажеттілікке байланысты мектептің оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне сүйене отырып, мектептерде ата-аналар кеңесінің жұмыс жүйесі жасалды.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыты – ата-ананы рухани азықпен қамтамасыз ету.
Аудандағы білім мекемелерінде ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін жетілдіру мақсатында ата-аналар лекторийлері, ата-аналар университеті, аналар мектебі құрылды.
Ата-аналарды мектеп қызметін жоспарлау және ұйымдастыру ісіне белсенді түрде атсалысып, түрлі іс-шараларға балаларымен бірлесе қатысады.
Оқушылар мен ата-аналардың рухани-адамгершілік тәрбиесі, отбасын нығайту, оның бала тәрбиесіндегі ролі мен жауапкершілігін арттыру бойынша педагогикалық ұжымдардың жұмысын жалпы адами құндылықтар және халықтық дәстүрлер негізінде құру мақсатында ата-аналармен бірлескен семинар-кеңестер, педагогигалық оқулар, конференциялар, форум және т.б. іс-шаралар өткізіледі.
«Болашақ» тәрбие орталығы барлық деңгейдегі әдістемелік қызметтерді отбасымен жағымды ықпалдастық қалыптастыру үшін отбасы тәрбиесінің озық тәжірибелерін түрлі байқаулар, сайыстар, жарыстар өткізу арқылы таратып отыр.
«Болашақ» тәрбие орталығы ата-аналарды рухани-адамгершілік тәрбие жұмысына тарту, құқық бұзушылық пен қылмыстың, ішімдік пен темекі шегумен әуестенушіліктің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру; отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігін арттыру бойынша басқа ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізеді.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Себебі, адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, сонда ер жетеді. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де өзі отбасын құрып бөлек шықпайынша, туған ата-анасының қол астында, қамқорлығында болмақ.
Мектептің, мұғалімдердің, ата-аналардың арасында тәрбиеленетін бала тек саналы қоғам мүшесі, денсаулығы мықты азамат қана болып қоймай, шығармашыл, жаңаша ойлай білетін, өмірдің жақсы жақтарына бетбұрыс жасай отырып, өз үлесін қосатын азамат болуы тиіс. Осы тұрғыда отбасы тәрбиесі баланың рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне зор ықпал етеді.
Демек, отбасы – негізгі қамқорлық мектебі.
Бүгінгі күні балаға адамгершілік-рухани тәрбие беруде отбасының ролі төмендеп кеткен.
Осыған орай, соңғы жылдары балалардың мінезінде қатыгездік, бойкүйездік, рухани құндылықтарға деген немқұрайлылық, енжарлық орын алуда.
Сондықтан, бүкіл әлем адамгершілік құндылықтарға негізделген жаңа білім беру бағдарламаларын іздестіруде.
Алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасатыны бәрімізге белгілі. Онда туған үйдің жылуын сезбеген, көрмеген бала қатыгез болмағанда қайтеді.
Рухани адамгершілік қадір-қасиеттер мен сапаларды оқушының бойына дарыту үшін ең алдымен, олардың санлылығын көтеру; екіншіден, адамгершілік тұрғыдан сезімталдығын тәрбиелеу және дамыту; үшіншіден, баланың бойына жағымды мінез-құлықтың дағдыларын мен қылықтарын үнемі сіңдіріп отыру қажеттілігі талап етіледі.
Бала бойындағы шынайы рухани-адамгершілік тәрбиесі оны қоршаған ортада, отбасында, мектепте, жұртшылық қауыммен қарым-қатынаста, жолдастар арасында, көшеде, еңбекте көрініп, нәтиже береді. Рухани адамгершілік тәрбие – баланың шынайы тәрбиесінің нығаюына игілікті әсер ететін, оның тұлғалық дамуына өзек болатын, өз еркіндігін жасампаздықпен, шығармашылықпен паш етуге мүмкіндіктер ашатын түрткі деуге болады.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі құнсызданса, қоғамның дағдарыста болғаны. Алайда, ол тәрбиенің негізгі субъектісі отбасы болып қала бермек.