Материалдар / Баяндама"Жаңартылған білім мазмұнының ерекшелігі " Бастауыш сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама"Жаңартылған білім мазмұнының ерекшелігі " Бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ХХІ ғасыр білім ғасыры болғандықтан жаңартылған білім мазмұны қазіргі таңда ең өзекті мәселердің бірі болып табыладыЕлбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар — соның дәлелі..
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2018
1819
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Есенова Шарипа Ахмедьяровна

Бұлақ негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парагдимасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беру жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар - соның дәлелі.

2016-2017 оқу жылы 1-сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылды. Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқып бастады.

Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік берді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.

Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы – таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады.

Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында.

Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді. Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс.

Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады.

Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш мектепте:

энциклопедиялық сипаттағы фактологиялық материалды беруге бағытталған оқытудан, акцентті ақпарат алу тәсілдерін үйретуге ауыстыру;

ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру;

ақпаратты өздігінен алу, талдау және тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру;

оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұны анықталатын және білім салалары бойынша әрі қызмет аспектілерін көрсететін күтілетін нәтижелерге көңіл аударатын оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту көзделеді, яғни оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды».

Бастауыш білім беру деңгейінің ең күрделі және жауапты кезеңі – бірінші сыныпта оқу процесін ұйымдастыру.

1-сыныптан бастап қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін оқыту сөйлеу қызметінің төрт коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

1-сынып сауат ашу сабағымда оқушылардың оқыту мақсаты - 6-7 жастағы бүлдіршіндерде буынмен оқу, тұтас сөздерді оқу, мәнерлі мазмұндау, жатқа айту қабілеттерін қалыптастыру, сауатты жазу қабілеттеріне дағдыландыру, байланысты сөйлеуін дамыту және т.б. болып табылды. Сондықтан, бірінші сыныптықтарымның танымдық қызметінің оң мотивациясын қалыптастыру ерекше маңызды болып саналды және оқу процесі қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту қағидасы бойынша құрылды.

Басты жаңалығымыз бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану» пәнінің енгізілуі. Оқушылардың қарапайым ғылыми білім деңгейін қалыптастыруға бағытталған. Зерттеуді жоспарлау, теорияны іс-тәжірибе арқылы оқып-үйреніп, оқушылардың фунцияналдық сауаттылығын дамытуға ықпал етеді. Жаратылыстану,дүниетану сабақтарында оқушылардың өз бетінше ізденіп, алған білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстарын байланыстырып зерттей білуге үйретуге негізделген.

Жаңа бағдарламада оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі де өзгерді. Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процдесс.

Осы бағдарлама аясында оқушыларымызға заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттігі бүгінгі күн талабы. Жаңартылған бағдарлама баланы сыни тұрғыдан ойлантып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді дей келе, мен, Орал қаласының №12 жалпы орта білім беретін мектебінде  жаңартылған оқу бағдарламасымен жаңа  оқу  жылын 24 оқушымен бастадым. Басшылыққа әдістемелік материалдардың толық ресурсы: оқу бағдарламалары, оқулықтар, күнделікті сабақ жоспарлары, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар, бағалау жөніндегі ұсынымдардың бәрі де болды.

1-сынып оқушыларына арналған оқулықтарды «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Алматы кітап», «Атамұра», «Мектеп», «Бөбек», «EXPRESS PUBLISHING»  баспалары әзірлеген оқулықтары жеткілікті болды.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.

«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», - деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай: «Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білу» үшін мектеп оқушыларының терең білім алып, саналы да саламатты болып шығуына педагог мамандардың шығармашылықпен атқарған жұмыстарының қосар үлесі мол.

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 31 қаңтар  2017 ж. http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1700002017

2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://adilet.zan.kz/rus

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші  (негізгі) деңгей. 2012 ж.

4. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016 ж.

5. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған нұсқаулық. 2016 ж.

6. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения, 2012 ж.

 












































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!