Оқушылардың білім
жетістіктерін бағалау
Оқушылардың оқу – танымдық
жұмыстарының нәтижесі әділ бағалаудан көрінеді. Бағалау – білім,
ептілік және дағдылардың игерілу дәрежесін анықтау. Ол сандық
көрсеткіш, яғни шартты сан немесе балмен белгіленеді. Бұл ретте
шынайылықтың маңызы зор. Өйткені, әділ баға оқушының ынтасын
арттырады. Көтермелеп қойған баға шәкіртті қуантып,
қанаттандыруымен қатар, оның сабаққа деген немқұрайлығын тудырады.
Әділетсіз қойылған бағаның әсері мол: баланың оқуға ынтасын
арттыруы да, жігерін мұқалтуы да мүмкін.
Қазіргі кезде
оқушылардың білімін бағалаудағы мына қателіктер сапаға кері әсерін
тигізуде:
-
кеңпейілділік, орынсыз
жомарттық, яғни бағаның ретсіз көтермеленіп
қойылуы;
-
тұрақты да қатаң өлшем –
шектердің болмауы, яғни деңгейі төмен жауап үшін мұғалімнің жоғары
баға қоя салуы немесе керісінше;
-
орташа бағалау ұстанымын
сақтау, «екілік» немесе «бестік» бағаларды
қоймау;
-
өткен сабақта алған бағаны сәл
ғана көтеру, мысалы, оқушының «екілігінен» кейін «бестік» баға қою
мұғалім үшін қиын сияқты көрінуі; әсіресе, қателік (оқытушының жеке
пайымдауы бойынша ұнатқан оқушысына төмен, ұнатпаған шәкіртіне
жоғары баға қоймайды) және тағы басқа.
Әлеуметтендірудің жетекші
және анықтаушы бастауы – тәрбиелеу. Тұлғаны
әлеуметтендірудің педагогикалық негіздері бала жасының
психологиялық ерекшеліктері мен тығыз байланысты болуға тиіс.
Оқушылардың дербестігі мен белсенділігін олардың еңбекке, өздеріне,
қоршаған ортаға деген құндылық қатынастарын дамыту, оқыту мен
тәрбиелеу процесінде жүзеге асыру арқылы қалыптастыруға
болады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал
жасайтын әлеуметтік қатынас, оның көп қырлы іс-әрекеттері.
Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың
дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды
қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардың қалыптасуына ортаның
қатысы шамалы болса, онда орта адамдардың талабын
қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті
материалдарды осы әлеуметтік ортадан
жинайды.
«Отбасында адам
бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады».
Н.Ә.Назарбаев.
Бүгінгі күнгі педагогтардың, отбасы мен жұртшылықтың күш-жігерін
үйлестіріп отыру – сынып жетекшісінің міндеті. Баланың алғашқы
тәрбиешісі ата-ана десек, баланың көзқарасы және нанымы,
мінез-құлық дағдылары мен әдеттері отбасында қалыптасады. Ал бала
тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Мемлекет
балаларды тәрбиелеуде отбасыға мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық
тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп отырады. Яғни
мектеп мемлекеттік мекеме есебінде жасөспірімдер мен жастарды дұрыс
тәрбиелеуде отбасына жәрдемдесуге, ата-аналар арасында
педагогикалық насихатты белсене жүргізуге міндетті.
Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсамай отырып, жеткіншек
ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысулары тиіс. Кемелденген ел
жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы
бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз
ету үшін керек. Ендеше білім ордасының отбасымен және жұртшылықпен
байланысы, негізінен, сынып жетекшілері арқылы жүзеге асады.
Төменгі сыныптарда мұғалімдер ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен
үнемі байланыста болады. Ата-аналармен кездескенді оларды мектептің
талабымен таныстырып, оқушыларға әсер етудің формалары мен әдістері
жөнінде келісіп алады. Олар көпшілікке педагогикалық білім таратып,
ата-аналарға олардың жаңа адам тәрбиелеу жөніндегі өздерінің ізгі
міндеттерін жақсы орындауына көмектеседі, барлық ата-аналардың өз
балаларының қамқоршы ұстазы болуы үшін тырысады. Егер ата-аналар
мұғалімдердің талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырса, балаларының
дұрыс тәрбиеленуіне ықпал етіп, сондай-ақ мектепке зор көмек
көрсетеді. Бірақ кейбір ата-аналар өз отбасыларының аясынан шыға
алмай, қоғамдық тәрбие талаптарына өзінің жеке бір ерекше бағытын,
балалармен қарым-қатынастығы дара әдісін қарама-қарсы қояды.
Кейбірі балаларын еркелетіп, шолжыңдандырып жібереді, барлық
тілектерін орындауға тырысады, еңбектен қол үздіреді. Мұндай
отбасыларда балалар тіпті жеңіл үй жұмысына да араласпайды. Бұл
бірте-бірте оқу еңбегіне де теріс әсерін тигізеді. Нәтижесінде
балалар нашар оқып, үйге берілген тапсырмаларды орындамайтын
болады. Мұндай кемшіліктерді көрісімен сынып жетекшісі
педагогикалық сипаттағы шаралар қолдану керек. Яғни балаларға
сезімталдықпен қарау, олардың бастамаларын және дербестігін
тұншықтырмау керек екенін ата-аналарға ескертіп отырған жөн. Кейде
отбасы мен мектептің арасында келіспеушіліктер болып қалады. Бұл
балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру үрдісін
қиындатады. Ал мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастығы талап пен
тәрбиелік ықпалдың бірлігін қамтамасыз етеді. Бірақ отбасы
бұрынғысынша тәрбиенің маңызды ұясы болып қала береді.
Ал мектептің отбасымен ынтымақтастығы оқушыға беретін тәрбие жұмысы
ең алдымен оқушыны, оның отбасы жағдайын зерттеуден басталады. Ол
сынып жетекшісі тарапынан төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады.
Зерттеу жұмысын жүргізе отырып сынып жетекшісі балалар тәрбиесін
тиімді ұйымдастыруда ата-аналармен байланысады. Олар әр түрлі
формада ұйымдастырылады.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтасқан бірліктегі
еңбектерінің бағыттары іс жүзінде іске асырылса, онда тәрбиелеу
тиімді болады, тәрбие сағаттары, кәсіптік бағдар, экскурсиялар,
сайыстар, олимпиадалар мақсатымызға жете түсуге негіздеме бола
алады.