«Рухани адамгершілік тәрбие-жаһандану кезеңінде ұрпақ
тәрбиелеудің басты мәселесі»
«Біз әрбір азаматтың
абыройы мен атағы бағаланатын, жоғары моральға, этникалық
стандарттар мен рухани құндылықтарға орын бар қоғам құруымыз
керек»
Н.Ә.Назарбаев
Мақсаты: Рухани-адамгершілік
құндылықтар мен білім жүйесін тәрбиелеу. Өзіндік ой-санасын дамытуға
жағдай жасау.және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді
дамытып қалыптастыру; оқушыларды кәсіптік оқуға, оларды өндірістік
және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыруға
Міндеті— қоғамның қажетті талаптарын
әрбір баланың бойында борыш, намыс, ар- ождан, қадір- қасиет сынды
биік адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Қазіргі
жаһандану процесінде рухани жаңғыру негізінде инновациялық білімді
қалыптастыру мен қатар, ұлттық тәрбиені болашақ ұрпақтың бойына
сіңіру де аса қажет. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» екендігі атап
көрсетілген.
Қазір
барлық мемлекеттер жаһандану жағдайына бейімделіп күн кешуде. Бұл
дегеніміз батыстық өркениетті меңгеру жолында ұлттың төл тарихы мен
мәдениетін жоғалту қаупі бар деген сөз. Батыстың білімі, ғылымы,
технологиясы біздерге қажет-ақ, бірақ шамадан тыс еліктеу дәстүрлі
тәрбиелік, адамгершілік құндылықтардан айырады. Сондықтан
жаһандануды әрбір ұлт немесе мемлекет өз болмысына қарай бейімдеп
сіңіре алса қауіпсіз болары анық. Біз осы уақытқа дейін ұлттық
мәдениет пен тіл, дін мен діл және басқа да мәселелер түбегейлі
шешілді деп айта алмаймыз.
Бүгінгі таңда ХХІ ғасырдың
білім беру саласы негізгі үш ерекшеліктен тұратынын байқауға
болады. Олар: біріншіден, адамдар өмір бойы алған білімдерін
жаңғыртып, дамытып отырады; екіншіден, оқушының жас, ой, мүмкіндік
ерекшеліктеріне қарай білім беріледі; үшіншіден, бүкіл білім беру
жұмысы халықаралық деңгейде басқалармен қатар, қат-қабат іске
асырылады. Білім бәсекеге сәйкес, қазіргі кезеңнің талабына сай
жұмыс істеуге бағытталады. Бұл ерекшеліктер қазірдің өзінде бізге
байқалып келеді.
Мысалы, ақпараттық технология
саласындағы жаңалық күн сайын емес, сағат сайын жаңару үстінде. Бұл
салада бір сәт кеш қалу дегеніміз ізбеіз өкшелеп келе жатқан
бәсекелесімізге орын беріп, жолдан ығысып, шығып қалу деген сөз.
Ал, сол жаңарған технологияны өз уақытында тілін тауып, жұмыстың
мүддесінен шығудың өзі тыным таппай ізденуді, білмегенімізді
күні-түні үйренуді талап етеді. Жоғарғы технология саласын
айтпағанның өзінде, қарапайым өмірде осыдан оншақты жыл бұрын
компьютерді игеру дәл бүгінгідей жалпыхалықтық сипатқа ие болуы
мүмкін еместей көрінуші еді. Өзіміз куә болып отырғандай, жағдай
жылдам өзгерді. Бүгін кез келген жұмысты компьютерсіз елестете
алмаймыз. Бұған итермелеп отырған да заман талабы. Бұдан былай
білім берудің өзінің жаңа технологиясын игеру керектігін аңғартады.
Яғни, білім беруді де жаңа әлемдік стандарттар мен жаңа нормаларға,
тың қалыпқа негіздеу керек. Бүгінгі дүниежүзілік білім бәсекесі
бізден осыны талап етіп отыр. Білім бәсекесі демекші, алған
біліміміз басқалардың білімімен бәсекеге түсе алмаса, онда уақыттың
босқа шығын болғаны. Сондықтан алған білімнің бәсекелестікке
қабілетті болуы білім алушының бейіміне тікелей байланысты. Оның
маңыздылығы да осында жатыр. Өйткені, білімді игеру – айтуға оңай
болғанмен, жай шаруа емес, аса күрделі құбылыс. Білімді игеру үшін
тынбай іздену, үйрену жеткіліксіз, сонымен бірге білім алушының
бейім-қабілетін білу керек, сонда ғана белгілі бір нәтиже
шығатынына сенуге болады. Әйтпесе, төгілген тер де, кеткен шығын
да, бәрі бекер. Бейімнің тасасында табандылық пен құштарлық,
батылдық пен өз құнын білетін алғырлықтың жасырынып тұратыны
белгілі. Ойымыз жұртшылыққа түсінікті болу үшін, оны үлкен
кеңістікке алып шығып дамытуымыз қажет.
Қазіргі кезеңде адамзат
дамуында жаһандық мәселелер тіршіліктің барлық деңгейлерінде түрлі
дағдарысқа тірелді. Осының бәрі адамзатқа дамудың жаңа жолын
іздестіруді талап етеді. Бұл мәселелердің шешімі –
рухани-адамгершілік білім.
Білім - ғылымның іргетасы және
мемлекет дамуының алтын арқауы екеніне ешкім де күмән келтірмейді.
Бүгінгі білім алушы балалар уақыт өте келе елдің және жаңа заман
тағдырының жасампаздары болатынын нық сеніммен айтуға болады.
Бірақ, осы тұста «жауабы тек біреу ғана болатын сұрақтай» сұрақтар
туындайды. Олар қандай білім? Сол білімді алып ұшқан жасөспірім
қандай болмақ?...
Білім тек адамның өмір сүруі
үшін ғана емес, ол тіршілік үшін, өмірді толық, мәнді және терең
түсініп сүру үшін қажет. Жаһандық мәселелердің шешімі бар ма?
Өмірді білім арқылы толық, мәнді, мағыналы етуге бола ма? Болады.
Жолы – жеткіншектерге тұтастай білім беру. Тұтастай білім беру –
білім берудің екі аспектісі: зияткерлік білім (сыртқы білім, ақыл
үшін) және рухани-адамгершілік білімнің (ішкі білім, жүрек үшін)
әдемі бір үйлесімде бірге жүзеге асырылуы. Зияткерлік білім керек
оқушының ақылы үшін, ал сол білімді өмірде тиімді қолдана білуде
жүрек үшін де керек білім қажет.
Қазіргі жаһандану процесінде
рухани жаңғыру негізінде инновациялық білімді қалыптастыру мен
қатар, рухани тәрбиені болашақ ұрпақтың бойына сіңіру де аса
қажет.
Тәуелсіз Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің
міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағыдайлар
жасау» екендігі атап көрсетілген.
Рухани
тәрбие мәселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене отырып,
тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді
Н.Ә.Назарбаевтың «Қанымызға
сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды
өзгертпейінше біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес» деп
айтқанындай әрине мұндай сыңар жақты мәселелерді шешу оңайға
соқпасы анық. Десек те осыған тосқауыл боларлық рухани-адамгершілік
қағидаттар мен құндылықтарды ескеріп, отбасылық тәрбие мен
педагогикалық тәрбие функцияларын жетілдірумен қатар оны іс жүзінде
қолдану игілікті болатыны сөзсіз. Мұны еселей кетер болсақ,
тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде көрсетілгендей, тәрбие
мақсаты: «Жалпыадамзаттық және
ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға
тәрбиелеу» болып
табылады.
Рухани
– адамгершілік тәрбие – белгілі бір мақсатқа
қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді,
парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны
қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі.
Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы,
рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне
бағытталған.
Осы
заманның жаһандық мәселелері – экономикалық, саяси немесе ғылыми
мәселелер емес, ең алдымен рухани-адамгершілік мәселелері. Бұл
мәселелердің шешімі адамзаттың ішкі жан дүниесіндегі өзгерісте,
адамдардың материалдық игіліктен, рухани-адамгершілік құндылықтарға
қайта бағдарлану, рухани өзін-өзі кемелдендіруге қайта бағдарлау
болып табылады. Бұл жағдайлардың негізінде қазіргі таңда білім
берудің мақсаты мен басым бағыттарына ерекше назар аудару
қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осы тұста
біз зияткерлік біліммен қатар руханиадамгершілік білімнің өзара
әдемі үйлесімінің маңыздылығын, орнын анық байқауға болады. Білім
беру үдерісінде бала тұлғасының физикалық және зияткерлік
аспектілерін дамытып қана қоймай, баланың жоғары руханиадамгершілік
табиғатын ашу керек.
Рухани-адамгершілік білімнің маңыздылығы жайында ұлы қазақ
классиктері де айтқан болатын. Шәкәрім Құдайбердіұлы ғалымдарға
«Адамды тәрбиелеу үдерісіне Ар-ұждан ілімін енгізу қажет. Бұл
туралы ғалымдар ойлануы тиіс. Олар бұл ілімді баршаға міндетті пән
ретінде әзірлеулері керек» деп, оның барлық білім беру ұйымдарына
міндетті пән ретінде енгізу жөнінде айтқан екен.
Қорытынды.Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға
байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы
бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында
ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани
және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып
табылады», — деп атап көрсетті.Бүкіл жалпыадамзаттық құндылықтарды
меңгерген кез келген адам жаһандану кезеңіндегі барлық жаңа
өзгерістерге дайын болады.
№1
АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГТІК
КОЛЛЕДЖІНІҢ
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ:
Мышан
Жұлдыз Бақытбекқызы