Материалдар / Баяндама.Сыни тұрғыдан ойлау негізінде математика пәні мұғалімінің зияткерлігін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама.Сыни тұрғыдан ойлау негізінде математика пәні мұғалімінің зияткерлігін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңғыртудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін мәдениетті тұлға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
440
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыни тұрғыдан ойлау негізінде

математика пәні мұғалімінің зияткерлігін

дамыту

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы туралы жалпы ұғым

Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңғыртудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін мәдениетті тұлға.

Сыни ойлау - ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген - әр жеке тұлғаның кез - келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп, қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік жеке ойлау болып табылады. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ - ол әрқашан диалог, іздене, дайындала,үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады.

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.

Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны есте сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар ойып, шешімін табуды қажет ететінммәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қызығушылықты ояту.

Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту ,ми қыртысына тітіркеніш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау», т.б деген аттары бар әдістер (стратегиялар ) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезенінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені,үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінің еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT ол бойынша оқушыға оқу тақырыпен танысу барысында V - «білемін» ,- -« мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаңа ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдірге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау ,мәнін жете түсіну- күрделі жұмыс. Сондықтан да,оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау,өмірімен ұштастыра алмау жиі кездеседі.Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден - бір кепілі.

Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жананы түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Тақырып туралы ой толғаныс бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне басқаға сын көзбен қарап баға еруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір - бірімен әсерлі түрде ой алмастыру,ой түйістіру,өз уйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді . Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйеп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып таблады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақты қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр және жеңілдігіне қарай қолданылады.

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмауы керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып,іске асыруына жол көрсетеді.

Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 жылы қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.

Жаңа технологиялар ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына тарату,одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.

RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда « Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу » дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады.Мақсаты - шығармашылық ойлауды,сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, математика сабағын оқыту


Математика сабағында сыни тұрғыда ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс – әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу – танымдық іс – әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу. Белгілі бір дәрежеде оқу – танымдық іс – әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға бірден – бір әсер етеді. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы, оқушылардың ынта – ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы. Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады. «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын тек білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының тәрбиеленуіне, жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтенуіне, қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Оқушыларды оқытуда «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасын қолдану барысында төмендегідей міндеттерді шешуге болады:

оқушылардың өзара бірлескен іс - әрекетін ұйымдастыру, соның нәтижесінде олардың бойында өзара көмек көрсету,

еркін түрде өз ойларын көпшілік алдында қорғау,

басқалармен өзін салыстырып түзеу,

өз - өзіне сыни көзқараспен қарау,

сыни ойлауды дамыту,

еркін қарым - қатынас жасау,

өзін - өзі жетілдіру

Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Математика сабағында сын тұрғыдан әр түрлі стратегияларды, жаңа акпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың кұзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт – бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс – шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

Мен өз математика сабағымды тереңдете оқытуға, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізуге көп көңіл бөлемін.

Мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу;

Сабақты белсене өткізіп, әр баланың еркін жауап алуға жағдай жасау;

Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;

Ойын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;

Оқушыны дұрыс емес деп жазқамау, жауаптарға бірдей қарау;

Тілін дамыту мақсатында оқушының сөзін, ойын бөлмей аяғына дейін тыңдау;

Дүниетанымын кеңейтуге жағдай жасау;

Жеке тұлға ретіндегі рөлін көтеру, тең дәрежеде қарым – қатынас ұйымдастыру;

Топтың табысқа жетуі және жаңа ойлау жолдарын дамыту үшін топтарға топ ережелерін құру ұсынылды. Топтар мұғалімге бағыну, тыныштық сақтау, уақытқа бағыну, бір – бірін мадақтау деген топтық ережелерді құрды. Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша Александердің диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда диалогтің бес үлгісін басшылыққа ала отырып мен сабақтарымда Александер тәжірибесінде зерттелген диалогтің бес үлгісінің механикалық есте сақтау үлгісі арқылы үнемі сабағымда анықтамаларды қайталап отыру арқылы есептердің шығару жолдарын есте сақтауды анықтадым. Мысалы оң сандар, теріс сандар, қарама - қарсы сандар, рационал сандар, бүтін сандар, координаталық түзудің анықтамаларын үш топ қайталайды, диалогтік оқытудың механикалық есте сақтау үлгісін жүргізді. Сонымен бірге берілген сұрақтар бойынша бұрын өткендерді еске түсіру үшін декламация үлгісін және оқушыларға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу арқылы диалогтің нұсқаулық үлгісін, есептерді шешу мақсатында ой бөлісу арқылы диалогтің талқылау үлгісін қолдандым.

Сабақтың тақырыбын ребустар, ой қозғау, эссе жазу, есептер шығару, көшбасшыны тағайындау мақсатында оқушыларға тапқырлық есептер беру арқылы, үш тақырып бойынша мысалдар келтіру арқылы, өз ойларын дәлелдеу арқылы сыни тұрғыдан ойландыруды мен аштырдым. Сабақтың тақырыбын ребустар, ой қозғау, эссе жазу, есептер шығару, көшбасшыны тағайындау мақсатында оқушыларға тапқырлық есептер беру арқылы, үш тақырып бойынша мысалдар келтіру арқылы, өз ойларын дәлелдеу арқылы сыни тұрғыдан ойландыруды мен аштырдым. Көрсету, түзету, оқытуды бағалау сияқты әдіс - тәсілдердің көмегімен оқушыларға білім беруде жаңаша идеяларды ұсынады. Сабақ өтікізу барысында тапсырмаларды топтық жұмыстар арқылы ұйымдастыру оң нәтижесін берді: оқушылардың өзара ынтымақтасуы, өзара әрекеттесуі арқылы тақырыпты түсінуі, оқушылартақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырылды, оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдері анықталды, білімге құштарлықты дамыдыжәне зерттеуге ынталандырылды, өз жауаптарына деген сеніділігі байқалып отырылды. Есептер шығару кезінде топпен жұмыс жасағанда білетін оқушылар есепті ортаға салып бірлесіп, пікірлесіп шығарып отырғанын байқадым. Есептердің критерийлерін жаза отырып шығарғанда алғашқыда көп ойланып уақыттарын алды, пікірлерін ортаға салу арқылы критерийдің не екенің түсінді. Есептің критерийін жазудағы мақсат есептің шешуде нені білу керектігін алдымен еске түсіру, керек анықтаманы көз жүгіртіп ойына салуда механикалық есте сақтау диалогі мен критерий жазу есеп шығару барысында бірге жүріп отырды. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес ойды шыңдау. Бұл жоба арқылы оқушылар берілген тақырып мазмұнына сын тұрғысынан қарап, өзіне қажеттісін, сапалы шешім қабылдауды, сұрақ қоя білуді, кез – келген сұраққа жауап іздеуді үйренеді, ойы дамиды. Бұл жобаның ерекшклігі сол, онда оқушының қызығушылығын арттыра отырып, қиялын дамыту үшін, «менің ойымша» деген жауапқа дағдыланады, оқушы өзінің ойын ашық әрі еркін айту арқылы ғана белгілі бір жетістіктерге жетеді. СТО жобасында жұмыс жеке, жұппен, топпен жүргізіледі. Сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы да білімге құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. СТО – оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір – бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздеуге, қиындықты женуге баулитын жоба.

Сабақты бірлесе жоспарлау оқу процесін жетілдіруге , оқушыларға сындарлы оқыту теориясына негізделген білімді беруге үлкен септігін тигізеді. Оқушылар тақырыпты өздігінен меңгеруіне, сыни ойлауына, теоремаларды дәлелдеуді топтық жұмыстар арқылы, «Джигсо», «Аялдамалар» әдістері арқылы мақсаттарға жетуіне бағыттау қажет. Белсенді оқу әдістері оқушылардың ынтымақтастық ортасын құруға мүмкіндік береді. Топтық, жұптық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың бірін-бірі оқытуына ықпал жасайды. Берілген тапсырманы топта талқылау арқылы оқушылар өздерін еркін сезініп, сыныптастарымен ой-пікірлерімен бөлісіп, зерттеушілік әңгіме құрайды. Оқушылардың білім алу үдерісінде құрдастар тобындағы қарым-қатынас маңызды. Мұғалім мен оқушы емес, оқушы мен оқушы арасындағы диалог құрып, бір-біріне сұрақтар қою және дәлелді пікірлерін келтіру арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға, берілген проблеманы бірлесіп шешуге қалыптасады.

Теоремаларды дәлелдеуде топтық, жұптық жұмыс жасау барысында оқушылар суреттер арқылы зерттеу тиімді. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамытып, алған білімін мнемоникалық әдіс есте сақтауына ықпал жасайды.

Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек. Сондықтан оқушылардың мақсаттарға жетуінде кері байланыс беру арқылы олардың өз білімдерін қадағалауы мен бағалауына дағдыландыру оқу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мұғалімнің оқушыға беретін тиімді кері байланысы оқушының өзінің қай сатыда тұрғанын, осал тұстарын жетілдіруіне мүмкіндік береді.

«Іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының үшбұрыш ауданымен байланысы» тақырыбын меңгертуде оқушыларға тиімді әдіс-тәсілдер қарастырып, сындарлы оқыту теориясының сыни ойлау және диалогтік оқыту модульдерін енгізу арқылы оқу мақсатына табысты жетуге болады.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Демек оқушыларға сұрақ қою, түрлі тапсырмалар беру, белгілі бір теорияға талқылаулар мен талдау жасату арқылы олардың сыни тұрғыдан ойлануын дамытуға ықпал жасауға болады.

 формуласын қорытып шығару үшін оқушылардың жұпта практикалық тапсырманы орындағаны тиімді. Зерттеушілік әңгімеге қатысып, ойларын ұсынумен қатар, бір-бірімен талқылайды. Жұптық жұмыста оқушылар арасында өзара оқыту және зерттеушілік әңгіме жүреді. Оқушыларға дайын білімді бергеннен гөрі, өздігінен ізденіп, өз оқуын бақылай алуы мен оны жүргізуге, оқу үдерісінде табысты болуы үшін өз бетінше жұмыс жасап, дамуына мүмкіндік беру қажет. Жұптарға кез келген үшбұрыш суреттерін беріп, оқушылардың формуланы қорытуына бағыт-бағдар беру қажет. Жұпта оқушы мен оқушы арасындағы диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды жүзеге асыру жүреді

1) Үшбұрышты оған іштей сызылған шеңбердің радиустары арқылы өтетін сызықтар бойымен кесіңіз, содан соң әр бөлігін пунктир сызықтар бойынша кесіңіз.

2) бірдей түспен боялған үшбұрыштардан тіктөртбұрыштар құрастыру, олардың бір қабырғасы іштей сызылған шеңбердің радиусына тең.

3) шыққан тіктөртбұрыштың ауданын табу. Тіктөртбұрыштардың ауданы мен берілген үшбұрыштың ауданын салыстыру.

Осы тапсырманы орындау барысында әр жұп кез келген үшбұрыштың ауданы жарты периметрдің іштей сызылған шеңбердің радиусының көбейтіндісіне тең болатынын дәлелдейді   . Бұл тапсырманы орындау барысында Блум таксономиясының ойлау дағдылары арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамиды.


Сабақтың тақырыбы:

Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері

 

Жалпы мақсат:

  • Бұрыштың радиандық өлшемін табуды, бұрыштың градустық және радиандық өлшемдерінің арасындағы қатынастарды есеп шығаруда қолдануын үйрету
  • Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
  • Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, ептілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

 

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

  - Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері таба алады.
  - Берілген бұрышты радиан арқылы жаза алады.
  - Радиандық өлшемі берілген доғаның бұрыштық өлшемін градустық өлшеммен жаза алады.

Сілтеме:

     А.Әбілқасымова, В.Корчевский, З.Жұмағұлова, 9-сынып
     Математика және физика, № 4/2015ж

Әдіс-тәсілдер

тәсілі: жеке, жұптық,

әдісі: АКТ, СТО, диалог, Блум таксономиясы

Көрнекілігі:

интербелсенді тақта, смайликтер, стикер, бағалау парағы, бағдаршам бағаны

Түйінді идеялар

Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау

Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру

Есептерлді шығарту барысында уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру

 

Сабақ барысы:

Ойлау деңгейі

Мақсат

Күтілетін нәтиже

Түрткі (сұрақ, тапсырма, жағдаят)

Бағалау

Кіріспе

Білу

1. Оқушыларды түгендеймін

2. Бағалаушыларға бағалау критерийлері жазылған парақшаларды таратамын

3. Жаңа сабақты түсіндіремін

1. Сандар тізбегі тарауын еске түсіру

2. Оқулықтағы 1,2-мысалды  оқушылармен талдау

 

 

Прогрессияға қатысты формулаларды түрін айтып береді

1. Сан тізбегі деген не?
2. Тізбек мүшелері деген не?
3.  Арифметикалық прогрессия деген не?
4. Геометриялық прогрессия деген не?
5. Шексіз геометриялық прогрессия деген не?

Критерийлер

дискрептор

Ұпай

Прогрессияға қатысты формулаларын айта алады

Айта алды

Жартылай айтты

Айта алмады

2

1

 

0

Түсіну

Есептер шығарту

1. Оқушыларға есеп беремін

2. Есептерді шығару тәсілін түсіндіруді талап етемін

Есепті шығарту арқылы, сабақтың тақырыбын аштыру

Есепті шығарып, оның шығару тәсілін түсіндіре алады

 

 

 

260

261

әр оқушы есепті өз

бетімен шығарады.  Алғашқы шығарған  оқушы  шығып оны тақтада шығару жолын көрсетеді

1.Есепті шығара алуы

2.Есепті шығара отырып жұптық жұмыс жүргізу

Шығара алды

Жартылай шығарды

Шығара алмады.

 

2

1

 

0

 

 

 

Түсіндіре алды

Жартылай түсіндіре алды

Түсіндіре алмады

2

1

0

Қолдану

Ой қозғау тапсырмасы

Есептерді шығару барысында, шығару жолын түсіндіреді, тақтадағы жауаптардың дұрыстығын тексереді

Есептің формула-сын құру арқылы оның дұрыс жауабын табуға үйрету

1. Есепті шығарып, дұрыс жауабын анықтай алады

262

264

 

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!