Материалдар / Баяндама:Тарих сабағында ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама:Тарих сабағында ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада орта мектеп мұғалімдеріне оқып танысуға болатындай сабақта қолданылатын жаңа технологиялар мен әдіс - тәсілдер қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2018
397
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тарих сабағында ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану Бисекенова Гулжан МендигалиевнаБҚО,Бөкей Орда ауданы, Жәңгір хан атындағы ЖОББМ тарих пәні мұғалімі

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»                                                                                                                              Н.Ә.Назарбаев Бәсекеге қабілетті ұрпақты биікке алып шығатын нәрсе тек білім ғана.Сондықтан бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда.Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауы,жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды,мұғалім іс- әрекетін жаңаша тұрғыдан ұйымдастыруды талап етеді. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми –технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызыметіне қол жеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар біздің елімізде де жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Білім беруде жаңа технологиялық әдістермен қатар жаңа ақпараттық технологияларды да қолданудың мүмкіндігі жасалып отыр» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтып өтті. Бұл жас буынды жаңашылдыққа жетелеу деген сөз. Ал жаңашылдық – бұл білім жүйесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, оқушыларды заман талабына сай етіп дайындап шығару.  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп ордалары компьютермен қамтамасыз етілді, әлі де жалғасуда. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады.Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданатынымыз рас. Оқу-тәрбие процесінде ақпараттық технологияны пайдалану мұғалімдердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды білім беруде үйлесімді пайдалану өзекті мәселеге айналып отырғаны даусыз. Сондықтан, бүгінгі таңда тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы оқытудың ақпараттық -коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық –коммуникативтік  технологияларын тиімді пайдалану  және қолдану айтарлықтай оң нәтиже беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамыту, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыру, дербес жұмыстарын ұйымдастыру тағы басқа сияқты оқушы белсенділігін арттыруда маңызы зор. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видео көріністер көрсетуге болады. Бұл,әрине  мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады. Оқу-тәрбие үрдісінде  «Activstudio» бағдарламасымен қамтамасыз етілген Activord интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін барынша  қолдану өз нәтижесін береді.Тарих пәні сабақтарын оқытуда қолданылатын тиімді әдістерінің тағы бірі – компьютерге енгізілген тест жүйелерін сабақта қолдану. Тест жүйесі мұғалімнің уақытын үнемдеуге бір уақытта бірнеше топтарға бақылау жасауға пайдасы зор.Оқушылар өз бетімен оқу арқылы ақпараттың 10%, тыңдау, көрнекі құралдар арқылы 20% ұштастырылса, 40-50% оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса, білімнің 70% есте сақталады екен. Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың бала ойында қалу дәрежесі 90%. Олай болса мәліметті есте сақтау қолданылатын әдіс–тәсілге байланысты. Оқытудағы жаңа әдістер оқушылардың тапсырмаларды қызығушылықпен орындауына көмегін тигізді. «Стикердегі диалог», «өкіл жіберу», «постер қорғау», «ойлан жұптас бөліс» сияқты әдістер арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өздігінен меңгерді. Үй тапсырмасын жаңа әдістермен сұрағанда қалай құлшыныс көрсетсе, мұнда да сондай белсенділік көрсетті. Бұлардың ішінен «галереяға сахат», «прес талдау », «Fila картаcы» сияқты әдістердің, бір жағынан, білімді жинақтап қорытуына, екінші жағынан, бір-бірін түзетуге берер пайдасы мол болды. Интербелсенді тақтаны әр сабақ сайын пайдаланамыз. «Сәйкестігін тап», «иә, жоқ», «тұлғаны таны», «топтастыру», «тарихи сынақ хат» тәрізді тапсырмаларды топ болып орындайтын кезде негізінен интербелсенді тақтаны қолданамын. Ал, мұндай тапсырмаларды топшама түрінде бергенімде, оқушылар уақытты тиімді пайдалана алмай жүрді. Себебі, тақтадағы тапсырманы бір мезетте бірнеше оқушы көріп, білетін жауаптарын іштей әзірлеп тұрады. Қысқасы, біріншіден, интербелсенді тақта уақытты үнемдесе, екіншіден, оқушылар интербелсенді тақтамен берілген тапсырмаға ынталанып тұрады.Қорыта айтқанда ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс әрекетін,жұмысын түрлендіруге көмектеседі,зейінін арттырады, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарлатады.Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалары уақытты үнемдеуге көмектесе отырып оқушылардың өз білімдерін бағалауға үйретеді.Ең бастысы,оқушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу,тауып алу дағдыларын дамытады.Сондықтан ақпараттық технологияны сабақта үнемі және жүйелі түрде қолдану оұушылардың пәнге қызығушылығын оятып,сабақтың сапасын арттыруға кең жол ашады.Біздің басты мақсатымыз – оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру.Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір мұғалім аянбай,жаңа бағытта шығармашылықпен еңбек етуге тиісті деп ойлаймын. Пайдаланылған әдебиеттер:1. Қазақстан тарихы;әдістемелік журнал2.Қазақстан мектебі журналы. 3.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы4.   “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл5.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.     

              





























Өтініш


Аты - жөні
Бисекенова Гулжан Мендигалиевна
Жұмыс орныЖәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Қызметі,ғылыми дәрежесі, атағыТарих пәнінің мұғалімі І санатты
Мақаланың тақырыбыТарих сабағында ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану
Секция атауы

Ауыл мектебі жағдайында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану
e-mailgulzhan-1979@ inbox.ru
Байланыс телефоныСот:87714835679


















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!