Материалдар / Баяндауыш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндауыш

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндауыш туралы түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2017
758
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы

Баяндауыш

Сілтеме

Алматы «Атамұра» 2014 ж

Авторы: Г. И. Уайсова, Ә.Е. Жұмабаева

Жалпы мақсаттары

Баяндауышты сөйлем ішінен ажыратып айта алу.


Міндеттері

Баяндауышты туралы біліп түсіну, баяндауышты сөйлем ішінен ажыратып айта алу, сөйлемнің баяндауышын анықтай отырып, оның қызметін біліп түсіну.

Оқыту нәтижесі

Баяндауыш туралы біліп түсінеді. Баяндауышты сөйлем ішінен ажыратып айта алады. Сөйлемнің баяндауышын анықтай отырып, оның қызметін біліп түсінеді.


Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі





Шаттық шеңбері

Бақыт деген-

Осы шаттық шеңбері

Қол ұстасып

Тұрайықшы , кел бері.

Бақыт деген-

Көрмей қалса сағынып,

Мені іздейтін

Адал жүрек сендегі.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғалім-мен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын сұрау

34-жаттығу

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Оқушылар берілген тапсырманы айтады.

Үй тапсырмасын пысықтау

Сұрақ-жауап арқылы пысықтау.

-Бастауыш дегеніміз не?

-Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

-Мысал келтір.


Берілген сұрақтарға жауап береді.


Білу, түсіну

Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді. Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады: Әсем биледі. Найзағай жарқылдады.



Мұқият тыңдайды.



Сергіту сәті


Видеоролик бойынша жаттығу жасау.



Оқушылар сергіту сәтін орындайды.

Қолдану



Оқулықпен жұмыс

35-жаттығу

Өлеңді түсініп оқы.

Баяндауыш: береді, себеді, өсірсе, жинап-тереді.

36-жаттығу

Өлеңді оқы, көшіріп жаз.

Тырс-тырс!

Жаңбыр кеп жауады,

Тамшылар тамады.

Тырс-тырс!

Жапырақ жылайды,

Жардан су құлайды.

37-жаттығу

Оқушы оқиды, жазады, сөйлейді.

38-жаттығу

Баяндауыш: тарады, барады, қарады.

Оқушылар оқулықтан тапсырманы орындайды.

Талдау




Тақырып бойынша қателерін түзетеді, жинақтайды, толықтырады.



Дәлелдейді, жинақтайды, қателерін түзетеді.Бір-бірлеріне сұрақтар қояды.

Жинақтау

Шығармашылық жұмыс 
Мақалдарды жалғастыр. 
1. Білімдіге дүние ... (жарық) 
Білімсіздің күні .... (кәріп) 
3. Еңбекқордың ерні .... (майлы) 
4. Ақыл – тозбайтын ..... (тон) 
Білім – таусылмайтын ....(кен) 
1) Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сыз. 
2) Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалғанын анықта. 


Үйге тапсырма:

39-жаттығу 69 бет.

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Оқушыларды бағалау.

Бір-бірлерін ,өзін -өзі бағалайды.

Кері байланыс




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!