400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бауыржан Момышұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Б.Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде жазушы қаламынан туған «Офицер жазбалары», «Артымызда Мәскеу», «Үшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап», т.б. туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

КІРІСПЕ:

Бауыржан кеңес одағының батыры, патриот, ұлт жанашыры , көптеген өзінің кітаптарын жазған.Ұлттық рухты көтеру мақсатында өзінің әгңгімелері мен шығармалары мен еңбектер жазған.Сөзімен де ісі менде халықын , елін нақ сүйетін азамат екенінін дәлелдегенбіртуар азамат.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ :

Бауыржан Момышұлы - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Лақап аты: Шаң тимес.

Туған күні: 24 желтоқсан; 1910 жылы.

Туған жері: Көлбастау, Жуалы ауданы, Жамбыл облысы.

Қайтыс болған күні: 10 маусым , 1982 ( 71 жас).

Қайтыс болған жері: Алматы, ҚазКСР.

Мемлекет: КСРО.

Әскер түрі: атты әскер.

Атағы: Гварция полковнигі.

Шайқасы: Ұлы Отан соғысы.

Балалық шағы:

Бауыржан Момышұлы 1910 ж. 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан .

Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі- Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс «сары кемпір» деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алды. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істеді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод,рота,командирі болады. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында болды.

Найзадан қол босаса қалам алдым,
Толғанып оқиғаны көп ойландым.
Тырмысып әл келгенше көргенімді,
Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.

Отырсам көп ойланып күнім жақын,
Әр адам біле бермейд сөздің парқын.
Ұрпаққа арнап істелген адал еңбек,
Ақ ниетпен ұсындым саған, халқым.

Жазушы болмаған соң менің затым,
Көркемді, жұмыр емес жазған хатым.
Салмақтайтын саналы ер табылса,
Атаусыз неге қалсын менің атым

Бауыржан Момышұлының өз еліне ұлтына деген адалдығы оның әрбір сөзінен байқалады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.10.2021
661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі