"Бауырсақ" ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бауырсақ" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Бауырсақ»

Мақсаты: Тұзды қамырды алақан арасына салып домалақтау тәсілін үйрету. Пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілік: тақтайша, тұзды қамыр, сүрткіш, үлгі мүсін, бейнетаспа.

Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Тәрбиеші балалармен бірге:

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен ақ пейілмен,

«Қайырлы таң!» деймін мен.

-Балалар, сендер Бауырсақ ертегісін білесіңдер ме?
- Бауырсақ ертегісіндегі әжейдің бізге айтары бар екен. Қане, бірге тамашалайық. Бауырсақ ертегісін үзінділеу.

-Балалар, әжейге көмектесеміз бе? (Балалардың жауабы)

- Балалар, бауырсақ деген не?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар.
- Міне, біздің алдымызда дастархан жаюлы тұр. Оның үстінде нандарды көріп тұрсыңдар. Енді біз осы дастарханға нан қалай келетінін білеміз бе?

- Көктемде жерді жыртып, жерге бидай дәнін себеді. (балаларға бидайды көрсетеміз)
- Диханшылар жаз бойы егілген дәндерді суарып, күтіп - баптайды. (дихан сөзіне түсінік беріп кетеміз)
- Күз болғанда жайқалып, бидай өсіп шығады. Өсіп шыққан бидайды комбайншылар орып, машиналарға салып береді. (комбайн сөзіне тоқталып кету)
- Бидайды диірменге апарып, одан ұн жасап шығарады. (диірмен сөзіне тоқталу) Балаларға ұнды көрсетеміз.
- Дайын болған ұннан наубайханаларда түрлі нан өнімдерін шығарады.
- Міне, балалар, біздің дастарханымызға нан осындай көп еңбектің арқасында келеді екен.
-Ой, балалар, бауырсақты неден жасаймыз? (Тәрбиеші ойланып тұрғанда, аспазшы апай келеді)

Аспазшы апай: Мен сендердің әжейге көмектесетіндеріңді сездім, бауырсақ жасайтындарыңды да білдім, сендерге қамыр дайындап әкелдім.
Балаларға қамырды қалай дайындағанын айтып, таратып береді.
Тәрбиеші: Рахмет, сізге аспазшы апай. Ендеше балалар бауырсақ жасаудан бұрын қолымызды шынықтырып, сергіп алайық. Қанекей аспазшы апаймен бірге айтайық.


Сергіту сәті:

Қаптың түбін қырнадым
Екі уыс ұн жинадым,
Балқаймаққа шыладым
Пісірсін деп бауырсақ
Мен қамыр дайындадым.
- Балалар, сендер бауырсақты жақсылап жасаңдар.
Балаларға бауырсақтың жасалу жолдары көрсету.
- Бауырсақтың пішіні қандай? (Дөңгелек)
- Түсі қандай? (Сары)
- Балалар, қолымызды жаттықтырып бауырсақты ауада жасап көрейік.
Бауырсақты жасау үшін қамырды алақанға салып, арлы - берлі есіп домалақтаймыз, яғни алақанға салып айналдыра отырып домалақ пішінге келтіреміз.

Балалардың жасаған жұмыстарын бағалау, мадақтау. Балалардың бауырсақтарын аспазшы апай әжейге алып кетеді.
- Балалар, бүгін біз не жасадық?
- Жарайсыңдар, балалар экранға назар аударайық. Балалар әжей сендерге риза екен.
- Қанекей, енді бір - біріміздің қолымыздан ұстап үлкен шеңбер жасайық.
Қараңдаршы, үлкен шеңбер жасадық. Ол біздің бауырсағымызға ұқсайды екен, енді «Көңілді саты» ойынын ойнайық.

Балалар тәрбиешінің көмегімен нанның дастарханға келгенше жасалатын еңбектерді еске түсіріп, әр сатыға орналастырады.



Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Тәрбиешінің нұсқауы бойынша алақан арасына салып домалақтауды.

Түсінеді: жұмыс жасау барысында пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындау керектігін.

Қолданады: күнделікті қарым-қатынас барысында қарапайым сөздерді қолданады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.05.2021
521
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі