Материалдар / Бауырсақ ертегісі!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бауырсақ ертегісі!

Материал туралы қысқаша түсінік
хайуанаттар туралы түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2021
451
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Хайуанаттар бағына саяхат

Жарияланды 26-11-2015, 19:22 Категориясы: Бала-бақша 

Ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Тараулары: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы:«Хайуанаттар бағына саяхат» (кеңістікті бағдарлау)
Мақсаттары:
1. Білімділік: Балалардың ұғымдарына кеңістікті бағдарлауды, оң мен сол ұғымдарын, алыс - жақын түсініктерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қолданылған көрнекіліктер арқылы балалардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік: Білімділікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу, салыстыра білуге, дәлелдей білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті.
Сөздік жұмыс: Хайуанаттар бағы - зоопарк
Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай суреттер, дидактикалық ойын

Тәрбиешінің іс - әрекеті
– Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар! Қанеки барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерімізді білдірейік:
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта бiз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз!
Жыл мезгілі туралы қайталау.
- Балалар қазір қай мезгіл? (күз)
- Бір аптада неше күн бар? (7 жеті)
- Бүгін аптаның қай күні? (11 қараша)
- Өте жақсы балалар. Бүгінгі біздің оқу іс - әрекетіміз саяхат ретінде өтеді, тақырыбы кеңістікті бағдарлау. Бұл оқу іс - әрекетімізде біз түстер, пішіндер, көлемдерді, оңымызбен, солымызды, яғни кеңістікті бағдарлауды үйренеміз.
(тақтаға балабақша, аурухана, орталық алаң, хайуанаттар бағының суреттерін картадағы көрсеткіш ретінде орналастыру)
- Балалар, барлығымыз тақтаға назар салайық. Нені көріп тұрмыз?
- Дұрыс, бұл - карта. Біздің қаламыздың көрінісі. Олай болса саяхатымызды бастайық.
Мына суретте балабақшамыздың пішіні қандай екен?(үшбұрыш, төртбұрыш)
Көрсеткіш бойынша ары қарай жүрсек алдымыздан аурухана көрінді. Балалар ауруханаға адамдар не үшін барады?
- Дұрыс айтасыңдар. Қараңдаршы балабақша аурухананың қай жағында орналасқан? Оң ба, сол ма?
- Жақсы, оң жағы. Ары қарай жүріп, орталық алаңға да келдік. Балалар орталық алаңда айтулы, маңызы бар мерекелер аталып өтеді. Аға - әпкелеріміз ән салып, би билейді. Жаңа жылда шырша құрылып, от шашу болады. Ал Наурызда киіз үйлер құрылып, ұлттық ойындар ойналады екен. Сендер орталық алаңға кіммен бардыңдар?
- Ал енді кім айтады, орталық алаң балабақшаның қай жағында?
- Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Сонымен көптен күткен хайуанаттар бағына да жеттік.
- Хайуанаттар бағы деген не?
- Қандай аңдар кезігеді?
- Олар неге торда отырады?
- Хайуанаттар бағы балабақшамыздан алыс па, жақын ба?
- Ал орталық алаңға алыс па, жақын ба?
- Көп рахмет балалар сонымен біз картадағы көрсеткіш бойынша хайуанаттар бағына саяхаттап келдік. Саяхат сендерге ұнады ма?

Сергіту сәті:
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Дидактикалық ойын: "Үй және орман жануарларын ажырат"
Шарты: Балалар берілген суреттерді реттеп, үй және орман жануарларын ажыратады.

Қортынды:
Балалар сонымен біз қайда саяхат жасадық?
Хайуанаттар бағы деген не?
Балаларды мақтап, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер пішіндері туралы ұғымы
Болу керек: Хайуанаттар бағы туралы мағлұматы болуы керек.
Істей білу керек: Кеңістікті дұрыс бағдарлай білуі керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!