Материалдар / Бейіналды курс. 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бейіналды курс. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
480
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

149 «Қызылту» орта мектебі



«Бекітемін» «Келісілді»

149 «Қызылту» орта мектебінің Мектеп директорының бағдарлы

директоры оқу жөніндегі орынбасары:



____________ Ж. Рыспембетова ____________ А. Жарқымбекова


« » тамыз 2017 жыл « » тамыз 2017 жыл








« Ұлы Дала мемлекеттері»

бейіналды курсының бағдарламасы




Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 1 жыл



Бағдарламаға арналған балалардың жасы: 7 сынып оқушылары




Бағдарламаны жасақтаған: тарих пәнінің мұғалімі

Тілемісова Мөлдір




Жақаев ауылы. 2017 жыл

Түсінік хат


Мектептің жоғарғы сатысында бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптік білімділігіне, қызығушылығына, таңдауына қарай саралап оқыта отырып, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастықты қалыптастыру. Білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту, бұл мақсаттарды жүзеге асыру мектеп педагогикалық ұжымның алданда үлкен жауапкершілік жүктейді. Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың негізгі міндеті оқушылардың күнделікті өмірде және еңбек жолында қоғамның әрбір мүшесіне қажетті басқа пәндерді оқытуда және білім жетілдіруде жеткілікті білім мен біліктілік жүйесін түпкілікті жетік меңгеруін толық қамтамасыз ету. Негізгі міндетті шешумен қатар Қазақстан тарихын бейіналды курсында оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, Қазақстан тарихына деген бейімділігін анықтауға және Қазақстан тарихымен байланысы бар мамандықтарға бағыттауға және жоғарғы оқу орнына оқуға дайындауды көздейді. Ұсынып отырған бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  1. Бейіналды оқыту курсының мазмұны.

  2. Бейіналды оқыту курсының тақырыптық жоспары.

  3. Бейіналды оқыту курсының күнтізбелік жоспары.

  4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Қазақ халқы-бірнеше мың жылдық тарихы мен мен мәдениеті бар халық. «Қазақ» деген атауымыз XV ғасырда қалыптасқанымен , ол тарихта мыңдаған жылдар бойы бүгінгі Қазақстан және Орта Азия аумағында болған мемлекеттер құрамында өмір сүріп келген еді. Ал, енді қазақ халқының мемлекеттілігінің тарихы қай кезеңнен бастау алады деген мәселеге келсек, оны Ұлы Далада өмір сүрген ежелгі мемлекеттерден іздейміз. Тарихымызға үңілсек Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттер қазақ халқының тарихында терең іздері бар. Сондықтан бейіналды оқыту курсты «Ұлы Дала мемлекеттері» деп атадым. Бейіналды оқыту курсының мазмұны 7-ші сыныпта оқытылатын оқу материалының тізімін кең көлемде түсіндірілу ұсынылып отыр. Бейіналды оқыту курсының тақырыптық жоспары сынып бойынша бөлінген курс материалының тізбегінен тұрады және оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны көрсетілген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі бөлімінде курсты өткізуге қажетті әдебиеттер тізімі берілген.











Қазақстан тарихынан курсты оқыту нәтижесінде оқушылар:

  1. Орта ғасыр тарихын іргелі ұғым ретінде меңгереді..

  2. Орта ғасыр тарихы курсында 200 жылға жуық уақытты қамтыған түркі тілдес ру-тайпалардың тілдік және саяси, әлеуметтік-экономикалық жағынан бірігуі нәтижесінде ұлттың қалыптасуы, Моңғол империясының қысымының нәтижесінде Қазақ хандығының бірігуі және саяси шекарасының бекітілуі және өздерінің тарихи өшпес- өлмес іс-әрекеттерімен із қалдырған атақты хандардың саясатымен танысады.

  3. Орта ғасырда іргесі қаланған Қазақ хандығының әкімшілік құрылымы мен басқару жүйесін қазіргі Қазақстан Республикасының әкімшілік құрылымы мен президенттік басқару жүйесімен салыстыра отырып түсінеді.

  4. Қазақстан тарихы пәнініен алған білімдерін болашақта үлкен өмірде қолдана білуді үйренеді.



Мақсаты:


    • Оқушылардың дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру.

    • Оқушылардың тарихи процес желісін түсінуіне, тарихтың мәдени идеологиялық плюралистік идеясын, бұралаң жолын сезінуіне негізін жасау.

    • Оқшыларды рухани, интелектуалды жағынан дамытып, тәрбиелеу.

    • Өз туған тарихын қастерлеуге және саяси түсінік қалыптастыру.


Міндеттері:

    • Оқушылардың адамзаттың орта ғасырлық дамуынан бүгінгі күнге дейінгі дамуының тарихи жолын, оның әлеуметтік-саяси дамуын түсінру.

    • Оқушыларда тарихты оқып үйренудің көп өлшемділігі және тарихи үдерістің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру.

    • Гуманизммен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

    • Оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру.





8 сынып «Ұлы Дала мемлекеттері» 34 сағат


Сабақтың тақырыбы

Негізгі ұғымдар мен мәселелер

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе сабағы

Факультативтің жоспарымен таныстыру, тарихи әдебиеттермен таныстыру

1


2

Сақтар (б.з.б. 7ғ.- 2ғ.)

Савроматтар (б.з.б. 3ғ. –б.з. 4ғ. )

Оқушылардың ізденіс жұмыстары. Топтық тапсырма

1


3

Кушан патшалығы

Ғұн империясы

«Дөңгелек стол» отырысы.

1


4

Үйсін мемлекеті

Қаңлы мемлекеті

Ізденіс жұмыстары. Пікірсайыс сабағы

1


5

Батыс Ғұн империясы

Шығыс ғұн империясы

Еуропада Ғұндар құрған мемлекет

Картамен жұмыс. Реферат қорғау

1


6

Авар қағандығы

Ақ ғұндар

Жужан қағандығы

Картамен жұмыс. Реферат қорғау

1


7

Түрік қағанаты

Батыс Түрік қағандығы

Шығыс Түрік қағандығы

Екінші Шығыс Түрік қағандығы

Картамен жұмыс. Реферат қорғау

1


8

Түркеш қағандығы

Ұлы Бұлғария

Хазар қағандығы

Картамен жұмыс. Реферат қорғау

1


9

Қарлұқ қағандығы

Оғыз мемлекеті

Еділ бұлғарлары

Картамен жұмыс. Реферат қорғау

1


10

Селжұқ сұлтандығы

Ұйғыр қағандығы

Қарахан мемлекеті

Тірек сызбамен жұмыс. Семантикалық карта толтыру.

1


11

Хорезм мемлекеті

Қидан патшалығы

Қимақ қағандығы

Тарихи ұғымдарды пайдалану, оқушыларды сөйлету (талдау жасауды жетілдіру)

1


12

Қыпшақ қандығы

Найман мемлекеті

Керейт хандығы

Картамен жұмыс. Реферат қорғау

1


13

Шыңғыс хан империясы

Шағатай ұлысы

Картамен жұмыс. Реферат қорғау. Тірек сызбамен жұмыс.

1


14

Алтын Орда

Картамен жұмыс. Реферат қорғау

1


15

Хулагу мемлекеті

Юань патшалығы

Тарихи ұғымдарды пайдалану, оқушыларды сөйлету (талдау жасауды жетілдіру)

1


16

Ақ Орда

Көшпелі өзбектер мемлекеті

Картамен жұмыс. Реферат қорғау. Тірек сызбамен жұмыс.

1


17

Қарақойлы және Ақойлы мемлекеттері

Ноғай ордасы

Ізденіс жұмыстары.

Картамен жұмыс. Реферат қорғау. Тірек сызбамен жұмыс.

1


18

Темір әулетінің империясы

Тарихи ұғымдарды пайдалану, оқушыларды сөйлету (талдау жасауды жетілдіру)

1


19

Осман сұлтандығы

Ізденіс жұмыстары.

1


20

Үлкен Орда

Тарихи ұғымдарды пайдалану, оқушыларды сөйлету (талдау жасауды жетілдіру)

1


21

Қырым хандығы

Картамен жұмыс. Реферат қорғау. Тірек сызбамен жұмыс.

1


22

Астрахан хандығы

Ізденіс жұмыстары.

1


23

Қасым хандығы

Картамен жұмыс. Реферат қорғау. Тірек сызбамен жұмыс.

1


24

Қазан хандығы

Тарихи ұғымдарды пайдалану, оқушыларды сөйлету (талдау жасауды жетілдіру)

1


25

Сібір хандығы

Ізденіс жұмыстары.

1


26

Қазақ хандығы

Тарихи ұғымдарды пайдалану, оқушыларды сөйлету (талдау жасауды жетілдіру)

1


27

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаты

«Дөңгелек стол» отырысы

1


28

Жоңғар хандығы

Тарихи ұғымдарды пайдалану, оқушыларды сөйлету (талдау жасауды жетілдіру)

1


29

Шайбани мемлекеті

Картамен жұмыс. Реферат қорғау. Тірек сызбамен жұмыс.

1


30

Қалмақ хандығы

Тарихи ұғымдарды пайдалану, оқушыларды сөйлету (талдау жасауды жетілдіру)

1


31

Хиуа хандығы

Тарихи ұғымдарды пайдалану, оқушыларды сөйлету (талдау жасауды жетілдіру)

1


32

Бөкей хандығы

Картамен жұмыс. Реферат қорғау. Тірек сызбамен жұмыс.

1


33

Қоқан хандығы

Тарихи ұғымдарды пайдалану, оқушыларды сөйлету (талдау жасауды жетілдіру)

1


34

Қорытынды қайталау

«Дөңгелек стол» отырысы

1




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!