Материалдар / Бейнелеу өнері пәні үйден оқыту календарлық- тақырыптық жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бейнелеу өнері пәні үйден оқыту календарлық- тақырыптық жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнері пәнінен календарлық- тақырыптық жоспар.6 сынып. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Бейнелеу» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2021
1305
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогикалық кеңес шешімімен

«Бекітілді»

«Қабылданды»

Директор

Жамбыл мектеп-гимназиясы

______________ ТАӘ

(білім беру ұйымының атауы)

(қолы)

Хаттама № _1__ ____________ _______________

( күні)










«Келісілді» _________ Ата-ананың ТАӘ


(қолы) немесе заңды өкілдің

_____ ___

( күні)





Жамбыл мектеп-гимназиясы_

(білім беру ұйымының атауы)


6«Б» сынып оқушысы

_________________________

(оқушының ТАӘ)

Бейнелеу өнері пәні

Пән мұғалімі:_____________________

2021-2022 оқу жылына

(оқу кезеңі)


Жеке

оқу жұмыс жоспары










Түсінік жазба


Жеке оқу жұмыс жоспары келесідей нормативтік құжаттардың негізінде әзірленген:


  1. ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

  2. Бағдарлама


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі

352 бұйрығына 157- қосымша


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі

115 бұйрығына 375-қосымша



Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Бейнелеу»

пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы


1 - тарау. Түсінік хат


1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.

2. Оқу пәнінің мақсаты - білім алушылардың эстетикалық сезімдерін дамытуға және сезімдік аймағын дамытуға ықпал ету, танымдық қызығушылықтарын, сөйлеу және қозғалыс қабілеттерін қалыптастыру.

3. Оқу пәнінің міндеттері:

1) білім алушылардың бейнелеу әрекетіне жағымды сезімдік көзқарасын қалыптастыру;

2) бейнелеу әрекеті және оның нәтижелеріне қызығушылығын дамыту;

3) қолжетімді бейнелеу құралдарының көмегімен шынайы болмысты бейнелеу қажеттіліктерін қалыптастыру (сурет, аппликация);

4) салынған бейнені нақты нысандармен, құбылыстармен, оқиғалармен салыстыра білуді қалыптастыру;

5) сурет салудың түрлі әдіс тәсілдерін үйрету;

6) бейнеленген нысандардың негізгі қасиеттері мен қатынастарын қабылдауды дамыту;

7) қоршаған ортадағы заттармен құбылыстар туралы түсінігін кеңейту, нақтылау, бекіту;

8) ұсақ қимылдарын, көру-қозғалыс теңестігін, қолдарының қозғалыс тепе-теңдігін жетілдіру;

9) өзінің және басқалардың әрекеттену нәтижелерін дұрыс қабылдауды тәрбиелеу.

4. Бейнелеу сабағы орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың даму кемшіліктерін еңсеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Оқу процесінің басты шарты - сабақтың түзету бағыты.

5. Бағдарламада сабақтың үш түрі қарастырылған: қоршаған шынайы болмыстағы заттардың суретін бейнелеу, сәндік бейнелеу, тақырып бойынша бейнелеу.

6. Қоршаған шынайы болмыстағы заттарды бейнелеу көлденең, тік, қиғаш сызықтарды сыза білуді қалыптастыру, жақсы таныс заттарды бейнелеуді үйрету, заттардың кеңістікте бір-біріне өзара орналасуын анықтау, заттардың түстерін көрсете білуді қалыптастыруға бағытталған. Сурет салуда білім алушыларға жақсы таныс заттар қолданылады. Білім алушылардан әр түрлі деңгейде дербес сурет салу күтіледі: бұйымға қарап сурет салу, үлгіге қарап салу, тірек нүктелері бойынша, дайын сұлбаны жиектеу.

7. Сәндік бейнелеу сабақтарында білім алушылар оқытушының басқаруымен шеңберде, текшеде, жолақта қарапайым өрнектерді құрастырады. Түстерді ажырата білуді, оларды әдемілеп сәйкестендіруді, берілген тәртіпте ою-өрнектерді салуды үйренеді. Алғашқыда білім алушылар ою-өрнектерді геометриялық пішіндерден құрастырып бояуды үйренеді, кейіннен оларды өсімдік және жануарлар түрлерінен салады, содан кейін қазақтың ұлттық ою өрнектерімен танысады. Өрнектерді құрастырғанда пішіндерді бірдей бөлшектерге бөлу үшін білім алушылар трафарет пайдаланады.

8. Тақырып бойынша бейнелеу қоршаған өмірдегі құбылыстарды және ертегілерді, шағын әңгімелерді бейнелеуді ұйғарады. Тақырып бойынша бейнелеу пәнінде балалар атақты суретшілердің жыл мезгілдерін, мейрамдарды, ертегілерді бейнелеген картиналарды қарастырып, мүмкіндігінше сурақтарға жауап беру арқылы мазмұнын айтады.

9. Мұғалім білім алушыға сурет салуға жайлы орынды, білім алушының орындыққа отырумен ғана шектемейтін, ыңғайлы қалыпты таңдауға көмектеседі. Мысалы: арнайы кресло, жұмсақ модуль, кілем. Қағаз еденде немесе тағанда болуы мүмкін. Бұл мәселені әр білім алушы үшін дербес қарастырады. Білім алушылар бір-біріне жақын орналасуы абзал.

10. Білім алушылардың мүмкіндігіне қарай оқытушының таңдауы бойынша сурет сабағында дәстүрлі оқу әдістемесімен қатар балама әдістер қолданылады (саусақ кескіндемесі, жемістің табы, бояғыштың табы, тіс пастасымен сурет салу, инемен кескіндеу).

11. Бейнелеудің тақырыбы білім алушының күнделікті өмірімен, күнделікті оқиғалармен, мерекелермен байланыстырылады.

12. Оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

2) 6 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

3) 7 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

4) 8 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

5) 9 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

13. Оқу жылдары бойынша сағат саны төменгідей бөлінеді:

1-кесте

Сабақтың түрі

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

Қоршаған шынайы болмысты суреттеу

12

12

12

12

12

Сәндік сурет салу

12

12

12

12

12

Тақырыпқа сурет салу.

10

10

10

10

10

Барлығы 170 сағат

34

34

34

34

34


14. Бейнелеу сабағы «Айналадағы әлем», «Адам және әлем» «Оқу, жазу және тіл дамыту», «Санау» сабақтарымен тығыз байланысты.

15. Бағдарлама орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған жеке оқыту бағдарламасын анықтауға негіз болатын, ұсынымды сипатқа ие. Сынып білім алушыларының білім алу қажеттілігіне сәйкес оқытушы оқу сабағының мазмұнына кез келген өзгертулер енгізе алады.

16. Білім алушылардың жетістігін бағалауда сипаттап бағалау қолданылады.







ЖЕКЕ САБАҚ КЕСТЕСІ

1-ауысым


Күні .

Дүйсенбі

Сейсенбі


Сәрсенбі


Бейсенбі


Жұма












сабақ уақыты











3-сабақ

Бейнелеу өнері

6 б









































Бейнелеу өнері пәнінен календарлық-тақырыптық жоспар

6 сынып , аптасына 1 сағ


Ауыспалы тақырыптар


Сабақ тақырыбы

Оқыту мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1 тоқсан (9 сағат):

1.1 Қоршаған шынайы болмысты суреттеу-3 сағ

1

Ағаш жапырақтары

бейнеленетін затты немесе құбылысты сараптай білу (мысалы, табиғи құбылыс) (түрін, түсін және бөлшектерінің көлемін анықтау);

1

01-03.09



2

Ойыншықтар

әр түрлі формадағы заттардың бейнесін жеңіл кеңістікте орналасуын үлгіден, сұлбадан, тірек нүктелерінен, дербес суретін салу;

1

06-10.09


3

Жеміс-жидек


Парақ қағазда суреттің үлгісінен, сұлбасынан, тірек нүктесінен дербес орналасқан жерін анықтау;

1

13-17.09



Сәндік бейнелеу (3 сағат).

4

Жолақта геометриялық пішіндерден өрнек салу

түрлі формадағы ою өрнектерді көрсету бойынша, үлгіге сәйкес, дербес ойлап кезегімен салу;

1


20-24.09



5

Жолақта өсімдік элементтерінен өрнек салу.

бейнеленген нысандағы сәндеу элементтерін: қатарға, бір бірінің астына, ортасына, шеттеріне, үлгі бойынша және өздігінен орналастыру;

1

27-01.10



6

Шаршыда өрнек салу;

4)қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің элементтерін құрастыру кезектілігіне сәйкес бейнелеу.

1

04-08.10




Тақырып бойынша сурет салу (3сағат).

7

Жаңбыр жауып тұр.

қоршаған өмірдегі құбылыстар (мысалы: жаңбыр жауғанда);

1

11-15.10



770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!