Материалдар / Бейнелеу өнерінің жанрлары 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бейнелеу өнерінің жанрлары 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларына бейнелеу өнерінен мәліметтер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
357
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бейнелеу өнерінің жанрлары

Бейнелеу өнерінің тарихы сонау өте ерте замандардан, адамзаттың даму тарихынан басталады.

Ежелгі адамдар үңгірлердің қабырғасына жабайы аңдардың, аңшылардың суретін салған. Осылайша үңгір қабырғалары мен тастарға салынған суреттер-петроглифтер пайда болды. Адам ежелгі аңшылардың тіршілік көзіне айналған аңдардың бейнесін зерттеп, кейінірек шағын мүсіндер жасай бастады.

Ою түріндегі айқын сызықтар бейнелеу өнерінің бастапқы кезеңінде-ақ көрініс тапқан.

Қазіргі кезде бейнелеу өнері негізінен 5 түрге бөлінеді.

Олар : кескіндеме,графика,мүсін,сәндік қолданбалы өнер және сәулет өнері.

Кескіндеме-бейнелеу өнерінің ең кең тараған түрі. Суретшілер алуан түсті бояулар арқылы қоршаған ортаның өмір шындығын әсем әрі жарқын етіп бейнелейді. Кескіндеме шығармалары өмірдің таңғажайып сырларын, өзімізді қошаған әлемге дұрыс қарап,оның мәнін түсінуге көмектеседі. Қолданылатын орнына, орындалу түрлеіне қарай кескіндеме монументтік, сәндік, қондырғылы,декорация,миниатюра болып бөлінеді.

Келесі бейнелеу өнерінің түрі-графика.

Графикаға қарындаш,көмір,тушьты пайдаланып,қолмен салынған суреттер,баспа графиканың әр алуан түрлері-ағашқа жасалған гравюра, металға жасалған гравюра,литография,линогравюра жатады.

Мүсіндеу-көркемөнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы форманың барлық көлемін анық көрсетеді. Мүсіншілер өз шығармаларын тастан қашап (әсіресе мәрмәр мен граниттен), ағаштан жонады,саз балшықтан немесе ермексаздан көлемін ұлғайта отырып сомдайды. Жаңа заман мүсінге қажетті материалдардың санын көбейтті: болаттан,бетоннан,пластмассадан және басқа материалдардан шығармалар жасау пайда болды.

Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес,эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады. Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі.

Адам өмірі мен іс-әрекеті үшін кеңістікте үй құрылыстары мен ғимараттар тұрғызушы саланы сәулет өнері деп атаймыз. Әрбір құрылыс адамның өмір сүруі, еңбек етуі, демалуы, дене шынықтыруы мен оқуы үшін, сауда және т.б. ( тұрғын үй, стадион, дүкен, театр, т.б.) арнап салынады.

Жанр дегеніміз өнер туындыларын бір-бірінен ажырататын ерекше белгілер. Картинада бейнеленген суретке қарап оның қай жанр түріне жататынын анықтауға болады.

Кескіндеме өнерінде бірнеше жанр түрлері бар. Олар: тарихи,тұрмыстық, соғыс тақырыбы, жануарларды бейнелеу (анималистік), адам келбетін бейнелеу ( портрет ), натюрморт, теңіз пейзажы ( марина ) және табиғатты бейнелеу (пейзаж).

Натюрморт-күнделікті тұрмыс заттарын, жеміс-жидектер, гүлдер, түз құстары мен теңіз байлығын бейнелейтін кескіндеме өнері жанрларының бірі. Суретші натюрморттық жұмыс жасағанда басты назарын бұйымдарды және олардың көркем формаларын бейнелеуге жұмылдыра алады. Суретшіні бір жағдайда бәрінен бұрын материалды,заттардың фактурасын беру толғандырса, екінші жағдайда пластика формасын беру қатты ойланырады.

Пейзаж-қоршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету. Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны, шындық өмірді әсерлі, нақты береді. Алғашқы табиғатты бейнелеуші суретшілер де табиғатты ғажайып, әсем әрі шынайы бере білген.

Тарихи жанр-маңызды тарихи оқиғалар мен қайраткерлерді, қоғамдағы мәні бар құбылыстарды суреттеуге арналған бейнелеу өнерінің негізгі салаларының бірі. Бұл жанр жойқын шайқастар мен ұрыстарды бейнелегенде соғыс жанрымен тығыз байланыста болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!