Материалдар / "Бейнелеу өнерінің тарихы" реферат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бейнелеу өнерінің тарихы" реферат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мазмұны: 1.Кіріспе............................................................................................................3 2.Негізгі бөлім..............................................................................................4-10 2.1.Бейнелеу өнерінің шығу тарихы.Тастағы таңбалар-петроглифтер........4 2.2.Бейнелеу өнерінің даму кезеңдері.........................................................4-8 2.3.Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы.............................................................8-10 3. Қорытынды .................................................................................................11 Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................12
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2022
1277
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚЫЗЫҚСТАН ОБЛЫСЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика(6В01402)







РЕФЕРАТ

(Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәні бойынша)


Тақырыбы: «Бейнелеу өнерінің тарихы»


Әзірлеген: ҚБТ қолдануымен ЖБ негізінде

оқитын ІІ-курс студендті

Қызырханова Аяулы Баақытбекқызы

Тексерген: Акенова Жанар Муратбековна

















2021-2022 оқу жылы

Мазмұны:

1.Кіріспе............................................................................................................3

2.Негізгі бөлім..............................................................................................4-10

2.1.Бейнелеу өнерінің шығу тарихы.Тастағы таңбалар-петроглифтер........4

2.2.Бейнелеу өнерінің даму кезеңдері.........................................................4-8

2.3.Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы.............................................................8-10

3. Қорытынды .................................................................................................11

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................12



































Кіріспе: Бейнелеу өнерін эстетикалық мәдениеттің рухани және материалдық саласына жатқызамыз. Бейнелеу өнері рухани және материалдық құндылықтар саласының қайсысына қатыстылығын: материалдық құндылықтарға адамға қажетті барлық материалдық заттарды (олар шаблонды болуы мүмкін) қарастыратын болсақ. Ал, өнердің руханилығының нағыз шығармашылықты білдіретініне көңіл бөлу керек. Материалдық құндылықтардың өлшейтін бағасы болады. Ал, рухани құндылықтар материалдық құндылықтарға қарағанда өзгешелеу, олар адам өмірінде көптеген жылдар бойы қалыптасқан, тұрақты салт­дәстүрлермен немесе сакральды қасиеттілігімен ерекшеленеді және сол өлшеммен бағаланады. Сол сияқты орыс халқы үшін – икона, ал француздар үшін – Эйфель мұнарасы, Египет үшін – пирамида және т.б. ұлттың құнды дүниелерінен көптеп мысалдар келтіре беруге болады. Халықтың мыңдаған жылдар бойы қалыптастырған көркемөнер шығармашылығы сол ұлттың ұлттық рухани құндылықтары мен байлығына айналады. Демек, көркем шығармашылықтың негізінде жеке адам мен ұлттық ұжымдық тәжірибелер жинақталған. Ол жеке суретші қолтаңбасы мен әр халықтың ұлттық стилінде көрініс табады. Бұл жағдайда ұлттық өнер ғана дәстүрлі деген түсінік қалыптастыру керек. Бізге белгілі кез келген өнер дәстүрлі, өйткені өнердің бағыты бірнеше жылдар мен ғасырларда жинақталған тәжірибе негізінде қалыптасып, дамып, жалғасын тауып келеді. Олай болса кез­келген өнердің өзіне тән ерекшелігі, бағыты, оның өзінің даму тарихы мен тәжірибесі, жалғастырушы дәстүрі бар. Жалпы көркемөнердің барлық түрлерін бүкіл халықтың шығармашылығынан кездестіргенімізбен әрбір халықтың өнерінде өздеріне тән сонылық ерекшелігі ұлттық нақышпен ерекшелене түседі. Бұл өнердің әртүрлігі мен әмбебаптылық мәселесінен шығады. Яғни, бұл өнердегі әмбебаптылық; бір­біріне ұқсамайтын, әр халыққа тән бейнелеу өнерінде кездесетін тақырыптық, сюжеттік және көркем жазу тілінің, композициялық құрылымының және т.б ұқсастығы. Бұл ұқсастықтар жалпы өнерге ортақ болғанымен, өнерді бірдей етпейді, олардың тарихи даму барысында түрлі әсер етуші факторларға (жері, өмір сүру салты, дүниетанымдық, діни, философиялық, саяси­әлеуметтік, психологиялық және т.б.) байланысты. Бұндай өзгешелік ұзақ тарихи жылдарда қалыптасып, сол халықтың өнерінің жеке ерекшелігіне айналған және ол өзіндік бейнелеуші және айқындаушы көркем тілді қалыптастырады.









Негізгі бөлім:

2.1.Бейнелеу өнерінің шығу тарихы.Тастағы таңбалар-петроглифтер: Осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз үңгірлеріне өмірдің ең басы аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл – ең бірінші өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын біле аламыз. Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде бар, тіпті, қазақ даласында да тұнып тұр. Соның бірнешеуі туралы сөз қозғап көрмекпіз. Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Қопа бекетінің күншығысында «Таңбалы» тас деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғадан, өзектерден тұрады. Жан-жағында сайлар, күнге әбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері сол тасқа қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреуі желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті өте әдемі бейнеленген. Олар – VI-VII ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі. Қойбағар таңбалы тасы – Оңтүстік Қаратаудағы тасқа қашалған суреттер. Қойбағар суреттері Шымкент облысындағы Созақ ауданы, Сызған кеңшарының оңтүстік-батыс жағында Қаратау сілемдерінде (теңіз деңгейінен 700 метр биіктікте) орналасқан. Суреттердің көп бөлігі қойтастарға салынған. Қойбағарда 1200-ден астам суретті қойтас бар. Ондағы суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен жабайы аңдар мен жылқылар, арқар, таутеке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге аңшылығы, бір топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Суреттердің кейбіреуі көлемі жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мысалы, кейбір түйе суреттерінің ұзындығы 1-2 метрге жетеді. Бір қызығы – түйелердің бір-біріне байланып жүгіріп келе жатқан суреттері. Оңтүстік Қаратаудағы тасқа қашалған суреттер. Қойбағар суреттері Сызған кеңшарының оңтүстік-батыс жығанда Қаратау сілемдерінде қойтастарға салынған. Қойбағарда 1200-ден астам суретті қойтас бар. Ондағы суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен, жабайы аңдар мен жылқылар, арқар, таутеке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге аңшылығы, бір топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Суреттердің кейбіреуі көлемі жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мысалы, кейбір түйе суреттерінің ұзындығы 1-2м-ге жетеді.

2.2.Бейнелеу өнерінің даму кезеңдері: Бейнелеу өнерінің көркем тілін құрушы құралдар – сызық, рең, шырай, түс, жарық­көлеңке, жылт, архитектоника, композиция, т.б. барлық халықтар өнеріне ортақ. Олай болса, бейнелеу өнерін зерттеуші ғалымдардың тәжірибелеріне сүйене отырып бейнелеу өнерінің тіліне тоқталатын болсақ, Б.Р.Виппер: «Әрбір өнерге спицификалық ерекшелік тән, олар алдына мақсаттар қояды және оларды шешудің спецификалы әдіс–тәсілдері бар. Солай дегенмен оларды белгілі бір топтарға біріктіретін, барлығына ортақ кейбір белгілері де бар. Осындай ортақ белгілеріне қарап ажыратуды өнердің классификациясы деп атаймыз. Бұндай классификациялау өнердің мәнін түсінуге жақындата түседі» деп бейнелеу өнерінің мынадай классификациялануын ұсынады: «кеңістіктік және уақыттық». Кеңістіктік өнерге сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, қол өнері жатады. Өйткені олардың кеңістікте алатын белгілі бір орны бар. Мимика, музыка, би, поэзия, кино өнерлерін ­ уақыттық өнерге жатқызамыз, өйткені олар уақыт аралығында пайда болып өмір сүреді. Б.Р.Виппер өнердің өмір сүру кеңістігін үш (биіктігі, ені, тереңдігі) өлшеммен бірге, төртінші өлшемін уақыт деп алып, оларды келесі түрлерге бөліп қарастырады: кескіндеме өнері – екі өлшемде өмір сүреді; мүсін және сәулет өнері – үш өлшемде, ал музыканы, мимиканы, поэзияны – төрт өлшемді өнерге жатқызады. Дегенмен бұл өнерлер түрлерінің әрбірі өз өлшемінен келесі өлшемге өтуге ұмтылады. Кескіндеме мен графика екі өлшемде өмір сүргенімен, оларды кеңістікте орналастыруға ұмтылады. Ал, мүсін мен сәулет өнері үш өлшемді болғанымен, біз оны тек айналып жүріп қозғалыста уақыт аралығында қабылдаймыз, осылай ол төртінші өлшемге өтуге ұмтылады. Сондықтан сәулет өнері геометриялық жағынан кеңістіктік өнер, ал эстетикалық жағынан – уақыттық өнер де бола алады. Бейнелеу өнеріне түсініктеме беруде біз алдымен графика өнерінен бастаймыз. Графика өнеріне алғашқы кезде «грифель өнері» (М.Клингер) немесе «қағаз бетінде орындалатын өнер» (Сидоров А.) деген атауларды ұсынған. Бейнелеу өнерінің ең кең тараған түрі ­ графиканы көп жағдайда басқа өнер түрлерінің дайындық кезеңіне жатқызғанымызбен, ол өзінің мақсат­міндеттерімен және өзіне тән ерекше әдістерімен өз бетінше жеке дербес өнер туындысы бола алады. «Графика» термині ­ грек тілінен; «graphein», тырнау, жазу деген мағынаны білдіреді. Графика – графикалық деп аталатын, өнер құрамының ерекше бір түріне негізделетін, бейнелеу өнері, бейнеленуші беті (көбінесе ақ қағаз), сызықтар, штрихтар, дақтар, нүктелер 2 . Өнердің графика түрі тырнайтын, жазатын, грифель құралының көмегінен сызылып пайда болатындықтан, графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты. ХІХ ғасырға дейін графика мен сурет түсініктері қатаң екіге ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатын жұмыстарды атаса, суретке – қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, этюдты, наброскаларды жатқызды. Осылай графиканың орындалу техникасына қарай ­ сурет және баспа графикасы болып бөлінеді. Бұл екі түрдің айырмашылығы суретші мен көрерменнің арақатынасынан шығады. Суретші, суретті көп жағдайда, өзінің бақылауларын, естеліктерін немесе болашақ жұмысының алдында көркем қиялынан туған ойын өзінің жеке жұмысы барысында орындайды. Сурет, суретші шеберханасының ішіне арналған. Сурет монологққа ұқсас, ол суретшінің қайталанбас өзіне тән қолтаңбасы бола алады. Сурет аяқталмаған болуы мүмкін, дегенмен осы аяқталмаған қалпында да ол таңқалдырарлықтай әсер бере алады. Суреттің тек бір дана ғана болатынын да ескерте кету керек. Баспа графикасы (эстамп, кітап иллюстрациясы ж.т.б) көбіне тапсырысты сұраныс бойынша бір ғана дана емес, бірнеше рет көбейтіліп, қайталанып шығарылатын графика және бұл көбіне көпшілікке (бұқараға) арналады. Негізінде графиканы, көбейту үшін ағашта, металда орындалған сурет деп қана қарастыруға болмайды – бұны өзге әдіс пен материалда немесе басқа материал мен техникада орындау мүмкін емес, әдейі ойластырылған ерекше композиция . Суреттің ең алғашқы сызығы адамзаттың даму тарихының өте ерте кезі, біздің заманымызға дейінгі палеолит дәуірі кезеңінен сақталып жеткені бізге өнер тарихынан белгілі. Ертедегі суреттер тастың бетінде, сүйектерде, үңгірлерде және олардың ішкі қабырғалары мен төбелеріне тырналып жүргізілген сызық арқылы жануарлардың бейнеленген суреттерінен кездестіре аламыз. Онда: тырналып жүргізілген сызықтардан із қалдыра бастырылған сызықтарға, контурлы сызықтан сұлбаға (силуэт), штрихтарға, өңге (тонға), түрлі­түсті дақтарға ұласқан сурет өнерінің даму эволюциясын көруге болады. Ежелгі дүние өнерінен бастап қарастыратын болсақ, сурет өнері бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда даму сатысы жоғары болған. Дәлірек айтатын болсақ, мысыр кескіндемесі, грек құмыра жазу өнері ­сызықтық, контурлы сурет, өйткені онда бояу белсенді рөл атқармайды, онда бояу түсінің қызметі ­ тек сұлбаны толтырып тұрушы. Дегенмен, бұл көне суреттер Ренессанс пен Барокко кезеңіндегі суреттен ерекше. Мысырдағы сурет ­ жартылай жазба, ал грек құмыраларында – сурет, сәндікпен қатар құмыраның формасымен тығыз байланыста болды. Орта ғасыр кезеңінде де кескіндеме мен сурет арасында айтарлықтай өзгешелік байқалмайды. Византиялық мозаикада кездесетін сары алтын түсті немесе көгілдір фонды, жазық сұлбалы фигуралар, жазықтықты иллюзиялы кеңістіктерге бөле қойған жоқ, оларды орта ғасырлық суреттер мен өрнекті сәндеу орталығында орналасқан миниатюралы картиналардан, яғни витраждардан – жарықтандырылған суреттен көруге болады. Сурет, тек кейінгі Готика мен Қайта өркендеудің басында, кескіндемеден, сәулет өнерінен ажырай бастады және кескіндеме мен сурет арасындағы ерекшеліктер ажыратыла түседі. Дәл осы кезден бастап, графиканың даму тарихы шын мәнінде жеке өнер ретінде қалыптаса бастады. Суреттің ең қарапайым түрі төртбұрышты пішіндегі (формалы) ағаш тақтайшада бейнелеу. Сурет салудың неғұрлым нәзік түрі, терінің түрлі сорттарынан дайындалған, грунтталған және өңделген пергаментте орындалады. Кейінірек ол қағазбен алмастырылды. Ертеректегі қағаз қалың әрі бедерлі (бұжырлы) болғандықтан, оны пайдаланбас бұрын бетін тегістеп (грунттап) өңдеп алатын болған. Ал ХV ғасырларда қағаз қатты бола бастағанымен, көбіне сарғыш немесе қоңырқай түсті болып келді. Сондықтан ХVІ ғасырға дейін қағаздың бетін тегістеп (грунттап) отыратын болған. Ал, ХV ғасырдың соңына қарай Венецияда, мүмкін арабтардың әсері болуы мүмкін ­ көгілдір түсті қағаз пайда болған. Ерте кездегі суретшінің пайдаланған құралы – металдан жасалған грифель. Римдіктердің өздері де тақтайшаларға жазатын болған. ХV ғасырға дейін металдан жасалған грифель перомен қатар кең тараған құрал болып келді. Орта ғасырларда жүргізілген сызығы жұмсақ және оңай өшіруге келетін, қорғасын грифельдерді қолданған. Сондықтан қорғасынды грифель негізгі жұмысты бастау алдындағы дайындыққа пайдаланды: кейіннен перомен, сангинамен, итальян қарандашымен жетілдіре түскен және оны композицияға нобай жасау үшін пайдаланатын болған. Орта ғасырдың соңына қарай қорғасынды грифельді ХV ғасырдың сүйікті құралы – күміс грифельдер алмастырды. Күміс грифельмен тек (грунтталған) тегістелген және өң берілген қағазға ғана бейнелейтін болған, ал онымен жүргізілген сызықтар өшіруге келмеген. Күміс грифельмен жүргізілген сызықтарды өшіруге келмейтін болғандықтан, суретшіден сызықты түсіруде өте тура дәлдікті талап етті. Сондықтан күміс грифельді тек нағыз сызық жүргізудің майталман шеберлері қолданған (Кіші Гольбейн, умбриилік мектептің басында тұрған Перуджино мен Рафаэль). ХVІ ғасырдың ортасынан бастап сурет неғұрлым еркін, кескіндемеге жақын (живописті) бола түседі, сондықтан күміс грифель бұрынғы беделін жоғалта бастайды. Бірақ ескі шеберлердің жұмыстарынан шабыт алып рухтанған, ХІХ ғасырдың суретшілері, күміс қаламды қайта жаңғыртқылары келеді. Біріншіден олардың арасындағылардан Энгр мен прерафаэлиттерді атауға болады. Графитпен таныстық XVI ғасырдан басталғанымен, бұл кезде графитті дайындау жетіле қоймағандықтан, оның нағыз даму кезеңі XVIII ғасыр тұсына келді. XV ғасырдың соңына дейін сурет салудың екі жүйесімен тартыс жүріп келді: готикалық ­ сызықтық, жазық–өрнекті (орнаментальды) және ренессанстық ­ табиғатты шектеулі қабылдау мен оның формасын пластикалы модельдеу. Осы кезеңдерде біріншіден, суреттің жаңа түрі ­ қозғалысты, түрлі қимылды (позаны), тіпті өте жылдам жүргізілген бастың қозғалысының композициясын эскиздің тәсілінде тез жүргізіп шығатын перомен салу пайда болады. Екіншіден, заттың жұмырлығы мен кеңістік тереңдігін иллюзиялы жазық бетте бейнелеп көрсететін перомен жүргізілген штрихтар пайда бола бастады. Осыған байланысты контур өзінің басымдылығын жоғалта бастайды да, сурет сыртқы контурдан ішкі формаға ауысады Нобай (Наброска) үлкен жұмысқа дайындық алдындағы жұмыс немесе ол өз алдына шығарма да бола алуы да мүмкін. Нобайдың тартымдылығы – оның жылдам орындалуында, оның негізгі ерекшелігі ­ суретшінің жеке қолтаңбасында. Эскиз композицияның негізгі сызығы, негізгі салмақтың қатынасын және жарық пен көлеңкені бірыңғай жайылта көрсету. Этюд натураны зерттеумен тығыз байланысты. Бұл біріншіден композицияны түгел зерттеу емес, оның жеке элементтерін, суретшіге ұнаған мотивтерін бекіту, сондықтан бұл суретшінің болашақтағы жұмысының дайын материалы да бола алады. Баспа графикасы үш түрі бар: 1. Дөңес, томпақ гравюра. Тақтайша бетінен қағазға ақ болып түсетін жердің барлығын ойып алып тастайды да, контур сызығын қалдырады. Гравюраның бұл тобына ағашқа орындалған гравюра (ксилография) және линолеумде орындалатын гравюра түрін жатқызады. 2. Тереңдетілген гравюра. Сурет жазық бетке тереңдетіліп ойылған сызықтар немесе арықша ойындылар арқылы жүгізіледі. Осы тереңдікке түскен бояу мөрін (печать) алатын тақтайшаның өте қатты қысымымен қағаз бетіне түсіріледі. Гравюраның бұл түріне барлық темірде орындалатын гравюралар ­ офорт, т.б. жатады. 3. Таста орындалған жалпақ гравюра. Бұл жерде сурет пен фон бір деңгейде орындалады. Бұнда тастың бет жағын химиялық затпен өңдейді, осылай өңделген бетте тек белгілі жермен ғана майлы бояуды ағызып жағуға болады да, ал қалған жерлеріне бояу жағылмай қалады, солай қағаздың фоны таза қалпында қалады, ­ бұл техниканы литография деп атаймыз. Офорттың кең тараған түрінің бірі – акватинт. Бұл жартылай тон бере тушь пен пероның көмегімен бейнеленетін графикалық жұмысқа ұқсайды 6 . Мүсін өнеріне табиғи материалдан ойылып, қашалып, құйылып жасалатын бұйымдарды, заттарды және т.б жатқызамыз. Мысалы, тас дәуірінен жеткен тастан қашалған кішкентай құдай ана мүсіні немесе саз балшықтан жасалған жануар мүсіні, темірден құйылған адамның мүсіндері, т.б. Мүсін ­ үш өлшемді өнер түріне жатады. Оны көру нүктесі жан­жақтан болғандықтан оны айналып жүріп көруге болады. Мүсін көбіне сәулет өнерімен тығыз байланыста дамиды. Сондықтан да болар, мүсін сәулет өнерінде тірек қызметін атқарып, құрылыс конструкциясына қатысты дамыды (кариатида, атланттар, капительдер, консондар). Нарюрморт, пейзаж тақырыптары мүсінге үйлесе бермейтін болғандықтан, көбіне гүлдер мен өсімдіктер мүсін өнерінің тек сәндік қызметін атқарып, олар жазық бетте рельефті бедерленеді. Негізінен пластикалық шығармашылық өнерінің объектісі адам және кейбір жануарлар бейнесі бола алады. Кейбір аңдар мен жануарлар деп айтатын себебіміз, мүсінде мінез­ құлықтарының кейбір жақтары адамға ұқсас болып келетін аңдар мен жануарлар сомдалады. Мүсіншінің материалдары ­ саз балшық, ағаш, темір, гипс, тас, мәрмәр т.б.. Біздің көп жағдайда «мүсін» мен «пластиканы» бір мағынада қолданғанымызбен, олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері де бар.

2.3.Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы: Қазақ бейнелеу өнері — көркем кескіндеме, мүсіндемеграфика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады.

Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби 'Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), “Потанин”, “Тезек төре”, т.б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. 20 ғасырдың 20 – 30 жылдары 'Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н.И. Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И. Савельев, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов, т.б.) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды.

1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды.1933 жылы республика Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1934 жылы Мәскеудегі Шығыс мәдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл өткен соң Алматыда Қазақ мемл. көркемсурет галереясы ашылды. Әлеум.-экон. және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары, түбегейлі уақыт талаптары шығармаларға тың тақырып болды. Ә.Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. Қазақ Бейнелеу Өнері қалыптасу және өркендеу жолы осы суреткер шығарм-мен тығыз байланысты. Шығармалары бүкіл Отан келбетін бейнелейтін Ә.Ысмайылов та қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады. 30 жылдардағы Қазақ Бейнелеу Өнеріне белсене ат салысты. 1940 жылы маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің І-съезі шығармашылық ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын белгілеп берді. 40-жылдардың басында қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында республика қыл қалам шеберлері өз өнерлерін фашист-басқыншыларына қарсы үгіт-насихат құралына айналдырып, бүкілхалықтық ерлікті, қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды. Бұл жылдары Леонтьев, К.Я. Баранов, Риттих, А.И. Черкасский, И.Я. Иткинд, М.С. Лизогуб, т.б. табысты еңбек етті. [1]

2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Қазақ Бейнелеу Өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер – қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О.Н. Таңсықбаев Қазақ Бейнелеу Өнерінде ерекше орын алады. Ол елден жырақ жүрсе де (Өзбекстанда тұрған) бар болмысымен, жүрегімен өзін әрқашанда елімен, жерімен бірге сезінген, қазақ табиғатын ерекше бір сүйіспеншілікпен жазған суретшінің бірі болды (“Қазақстан жолдары”, “Көш”, т.б.). 50-жылдардың соңы (Қ.Телжанов, М.Кенбаев) Қазақ Бейнелеу Өнері жанрлық және ізденіс бағыттарының сонылығымен ерекшеленеді. Қазақ Бейнелеу Өнерінде графика елеулі орын алады. 60-жылдары акварельдің, офорттың,линогравюраның, автолитографияның өзіндік бағыттары бар дарынды шеберлері (А.А. Дячкин, Е.Г. Сидоркин, Н.С. Гаев, Ш.Б. Кенжебаев, И.Г. Квачко, т.б.) өсіп жетілді. Қазақстан бейнелеу өнерінің байырғы шебері В.И. Антощенко-Оленев гравюра мүмкіндіктерін барынша табысты пайдалана білді. Қазақ Бейнелеу Өнерінің шығармалары бұл кезеңде шет елдерде де таныла бастады. Олар Мәскеудегі Третьяков галереясына, Қазақстан мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайына қойылды, шет ел мұражайлары сатып алатын болды. Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектері ұлт өнерінің қазынасына асыл мұра болып қосылды. Республиканың көптеген облыс орталықтарында (Шымкентте, Қарағандыда, Астанада, Павлодарда, т.б.) шығармашылық ұжымдар құрыла бастады. Қазақ Бейнелеу Өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты. Бұл кезеңдегі Қазақ Бейнелеу Өнерінің дамуына А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Ә.Жүсіпов, С.Романов, А.М. Степанов, К.Шаяхметов, Ү.Әжиев, т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60 – 70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды. С.Айтбаев, Ш.Сариев, Т.Тоғызбаев, Ә.Садыханов, О.Нұржұмаев, А.Ақанаев шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды.

М.Аманжолов, К.Муллашев, Е.Төлепбаев, т.б. шығармаларынан романтикалық-символдық және сезімдік бастаулар көрініс тапты. Бұл суретшілердің шығармалары айқын да күрделі түсімен, шиыршық атқан бояуымен, белсенді кеңістік ортасымен, бейнелердің әсемдігімен және сырлылығымен ерекше көзге түседі. М.Қисамединов еңбектері жұртшылықтың қызығушылығын туғызды. Оның Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріне салған суреттерінде (1973) өз халқының азаттығы жолында күрескен батырдың тарихи бейнесін жасады. И.Исабаев қазақ әдебиеті классиктерінің, Қазақстан жазушыларының шығармалары, балалар әдебиеті бойынша суреттер салумен қатар көптеген қондырғылы графика шығармаларын берді. 20 ғасырдың 70 – 80-жылдар шығармаларында өзіндік қолтаңбасы айқын графиктер қатары көбейді. 80 – 90-жылдары Қазақ Бейнелеу Өнері тың ізденіспен, еуропа жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын меңгеруімен ерекшеленеді (А.А. Ақанаев, Е.Мергенов, Д.Әлиев, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, Ж.Аралбаев, т.б.). Одан беріде күнделікті қарапайым қазақ өмірін, белгілі тарихи кезеңдерді жаңаша сипат беріп, ерекше тәсілмен бейнелей білген суретшілер бой көтерді (М.Аманжолов, А.Нақысбеков, К.Каметов, Е.Сергебаев, А.Қорғанбаев, Т.Ордабеков, А.Дүзелханов, т.б.). Елімізге қасірет әкелген, көп жылдар бойы жабық тақырып болып келген Семей атом полигонының, Аралдың қасіретті ащы шындығы бейнеленді (Ақанаев, М.Аманжолов, А.Губашев, Ә.Төлебиев, т.б.). Е.Төлепбаев 2002 ж. халықаралық С.Дали атындағы алтын белгіге ие болды.

Қорытынды: Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай бейнелеу өнерінің де адам өмірінде алатын орыны зор. Сан ғасырдан бері дамп дарып келе жатқан өнер түрі. Бұл өнердің басты ерекшелігі ешкімге ештеңе айтудың, бір неше тіл білудің қажеттілігі жоқ. Ол барлық тілде , ешкімнің ұлтына, діліне, дініне, болмысына қарамастан бәріне ортақ, бәріне түсінікті тілде сөйлейді.











































Пайдаланған әдебиеттер

  1. «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы

  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

  3.  “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

  4. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!