Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
“Бейнелеу өнері,сызу сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдана оқыту әдістемесі”
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:
“Бейнелеу өнері,сызу сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдана оқыту әдістемесі”
тақырыбындағы жоба жұмыс
Орындаған: Н.М.Темиралиева
Жетекші: Байдалиев Қ.А
Қорғалды: ___12.06.2015______
Орал қаласы
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек,оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы,белсенді,қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялар қолдану және оны оқып,білумен айналысудың маңызы зор.Қазіргі кезде кең тараған және оң нәтижесін көрсетіп жатқан педагогикалық технологиялар түрлерін атауға болады:сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясы,ойын арқылы оқыту технологиясы т.б.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделген технологияның бір түрі - ақпараттық коммуникативтік технология.
ХХІ ғасыр –бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына , кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімді ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарды пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Қазіргі кезде қоғам өмірінің ақпараттануы және компьютерлік техника құралдарының кеңінен таралуы білім берудің мазмұнына ғана үлкен әсерін тигізіп қоймайды, ол оқу-тәрбие үрдісінің нысандары мен әдістеріне де ықпал етіп отыр. Мұндай оқыту әдістері мен нысандары «білім берудегі АКТ» (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) деген атау алды.Дәстүрлі оқытудың репродуктивті-иллюстративті технологиясы үш маңызды құраушыдан тұратыны белгілі. Олар: үйретуші, үйренуші және оқу материалы. Осы үш құраушының өзара іс-әрекеті педагогикалық үрдісті айқындайтын болса, оның негізіне осы жүйедегі үш құраушының арасындағы ақпаратпен алмасу алынады. Алайда мұндай оқытуда оқытушы оқу үрдісінің барысы туралы шағын ақпаратты ғана иеленеді де, оны жедел түрде басқара алмайды. Себебі мұндай педагогикалық жүйеде құраушылар арасындағы кері байланыс өте әлсіз немесе ол мүлдем болмайды.Ал АКТ мынадай өзара байланысты құраушылардан тұрады: үйретуші, тиісті бағдарламалармен қамтамасыз етілген компьютер, үйренуші және оқу материалы.Мұндай жүйеде бірнеше құраушылардың өзара әрекеті (ақпаратпен алмасу) жүзеге асырылады.
Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы
жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту,
ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен
анықталады.
Жобаның мақсаты: Бейнелеу өнері,сызу сабақтарында
ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдана оқыту әдістемесін
жасау,үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік
әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық –зерттеу қызметі
дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту; оқу-тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен
сапасын арттыру; қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда
болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.
Ғылыми жаңашылдығы - жалпы білім беру жүйесіндегі ақпараттық коммуникациялық технология саласында компьютерлік білімді көркемдеп оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.
Жобаның объектісі: Бейнелеу өнері мен сызу пәнінің оқу процессі.
Жобаның пәні: бастауыш мектептің еңбекке баулу сабағының оқыту әдістері мен оқыту мазмұны.
Жобаның болжамы Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді пайдаланған жағдайда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, олардың субъект-субъектілік тұлғасы қалыптасады.
Жобаның теориялық-әдіснамалық негіздері:
Зерттеу Дьяченко В.К. « Новая педагогическая технология и ее звения», Кобдикова Ж. «Технологизация учебного процесса», Елубай С. «Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары», Доллинер « Ақпараттық коммуникациялық технологияларының мәселелері және болашағы»,
А. Шарипова «Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану», Жұмабаев М. «Педагогика» сияқты еңбектерге негізделдік.
Зерттеу жұмысының материалдарын қарастыру барысында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы келесі нормативті құжаттарда негіз бола алды: «Білім туралы» Заң, ҚР 12 жылдық толық орта білім беруге көшу тұжырымдамасы, ҚР ЖОББ мектептің бейнелеу өнері, сызу пәндерінің білім беру стандарты.
Жобаның әдістері: теориялық – талдау, жинақтау, салыстыру, жалпыламалау, нақтылау, жүйелеу; тәжірибе, пікір алысу.
«Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек»
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» 2006 жылғы 1 наурыз
Қазіргі таңда көп тілді меңгеру үлкен қажеттілік екенін бәріміз де білеміз.Ағылшын, қытай тілдерін меңгеру шетел елдерінде білім алу үшін керемет мүмкіндік.Сонымен қатар меңгеруді қажет ететін тағы бір тіл бар
Ол – ақпараттық- коммуникативтік технология тілі !
Оқытудың жаңа ақпараттық - коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Елбасымыз: «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық - коммуникативтік технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияға тоқталатын болсақ, коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады.
Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты:
1. Ақпараттық технологияларды
қолдана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру,
оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:
- сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру;
- білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;
- оқыту процесінің сапасын арттыру;
- пәнаралық байланысты тереңдету;
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда
өмір сүруге икемдеу, даярлау.
- коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
- өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;
- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану,
киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды
тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;
- пәнаралық байланыс орнату;
- ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге
үйрету.
Ерекшеліктері:
1. Ақпараттық -
коммуникативтік технологиялар үш бағытта қарастырылады: оқыту
объектісі, оқыту құралы және болашақ кәсіптік - педагогикалық
әркетінің құралы
2. АКТ - ды оқыту үрдісінде қолдану оқу әрекетіндегі әрбір оқушының
түрлі мақсаттарын, мотивтерін, қызығушылығын іске асыруға
көмектеседі;
3. АКТ - лар оқу әрекетіндегі оқушылардың өзіндік іске асыруын,
өзіндік ұйымдастыру қабілетін, белсенділік, шығармашылық үшін жаңа
мүмкіндіктер беретін өнімді ақпараттық оқыту өрісін құруға
көмектеседі;
4. АКТ - лар информатиканың жобалау әдісін оқытудағы педагогикалық
технологиялардың бірі ретінде қолдануға
көмектеседі.
Кемшіліктері:
Оқушылардың компьютермен жұмыс істеуде уақытын шектемеуі, дәлірек айтқанда қауіпсіздік техникалық ережелерді сақтау керек. Сонымен бірге көп жағдайда компьютерлік желі сервистеріндегі адам тәртібінің ережелері сақтала бермейді, яғни желілік этикет ережесін сақтау керек. Осындай кемшіліктердің алдын алып, оқушылар ауқымды желіде өздеріне қажет ақпараттарды алып, өз білімдерін толықтырып, ауқымды желі мүмкіндіктерін тиімді пайдалануларына болады.
Жеке практикадан:
Мектеп қабырғасында бейнелеу өнері және сызу пәндерін оқытуда ақпараттық – коммуникативті технологияны жүйелі қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.
Сызу, бейнелеу өнері пәнінің тарауына арналған электрондық оқулықтар:
оқу материалы (кескіндер; кестелер; графиктер; бейнелер);
өзіндік білімді тексеру жүйесі(тест т.б);
бейнелеу өнері, сызудан тест сұрақтары;
сурет терминдері;
сызу көрнекілігі,сызбалар т.б.
5 сынып оқушыларына арналған «Портрет» тақырыбындағы сабақта ақпараттық технология әдістерін жаңа сабақ материалын түсіндіру кезінде пайдаланылды.Яғни жаңа материал презентация түрінде интербелсенді тақтадан көрсетіліп, мұғалім компьютерінен оқушы компьютерлеріне жіберіліп, оқушылар өз орындарынан асықпай орындауға мүмкіндік алды.Үй тапсырмасын қайталау кезінде әр компьютерге тест салынып, ребустар берілді.Әр оқушы жеке-жеке орындап, жауаптары бағаланды.Сызу пәні бойынша өткен «Үш жазықтықта тік бұрыштап проекциялау» сабағында Activ-studio тақтасы және ондағы құралдары (сызғыш, шеңберсызар, транспортир т.б) пайдаланылып, оқушы қызығушылығын оятты.
3-сынып оқушыларына өткен «Құстарды бейнелеу» сабағында оқушылармен топтық жұмыс жүргізіліп, осы жұмыс формасын жиі қолдануға болады. Себебі, топтық жұмыс оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім араларындағы білім алу, білім беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге болады. Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу алдында оларды қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықталады, тексеру мен бағалаудың әдідік, жариялылық талаптарын орындау, ұстаз бен шәкірт ынтымақтастығы арқылы оқушының белсенді ойлауына, белсенді сөйлеуіне, шығармашылығына қол жеткізуге мүмкіндік туады. Белсенді жұмыс формалары арқылы модульдік технология негізінде субъектердің әрекеттері құзырлық арқылы да дамиды. Олар:коммуникативтік, ақпараттық құзырлық (компьютерлік сауаттылық), мәселені шешу және өзін-өзі басқару (нәтижелілік, тиімділілік).
6 сынып оқушыларына өткен «Қазақстанның сәулет өнері» тақырыбындағы сабақта сабақ материалын ашу мақсатында сыни тұрғыдан ойлау стратегия элементтері (мозаика, INSERT) тиімді пайдаланылды, сонымен қатар өз қиялдарындағы болашақ ғимарат эскиздері салынып, жеке түрде қорғалды.
Осындай
әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы мұғалім оқушының интелектуалдық,
шығармашылық,рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің
қалыптастыруына игі әсерін
тигізеді.
Ақпараттық
технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі
компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық-коммуникативтік
технологиялар құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы ғылымның
кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты төмендегідей тиімді
нәтиже алуымызға болады.
1.
Ақпаратты бірнеше сезім мүшелері арқылы бір уақытта
қабылдау.
2. Назар аударудың белсенділігі.
3. Пәнге қызығуды жоғарылату.
4. Үйретудің көрнекілігі, танымдылығы.
5. Ұсынылатын ақпараттың сапасын көтеру.
6. Сабақ уақытын үнемді пайдалану.
7. Оқушының жанжақты дамуы.
8. Білім сапасын жақсарту.
Әдебиеттер тізімі:
1. Г.К.Селевко. Компьютерные (новое информационные) технологии обучения.
2. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология и ее звения. Изд. "Соло" Красноярского университета. 1994г.
3. Кобдикова Ж. Технологизация учебного процесса. Школа "Ақ желкен", Алматы. 1999 ж.
4. Елубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы, 2001жыл.
5. Л.Доллинер. Ақпараттық коммуникациялық технологияларының мәселелері және болашағы. Информатика негіздері.
6. А. Шарипова. Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану. Информатика негіздері.
7. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, рауан, 1993 ж.